Өлді!
Қаба сақал кәуір-
Келді...
Рухсыз Денеде-
Боқ!
Дегелең-
Жоқ!!!
Мәңгүрт-
Мәңгі-
Құрт!
Мәңгі-
Қырт...
Шеріңді өксік қозғап бір,
Бір күніңнен бір күнің өстіп озбақ—
Тұл!
Абралы - Шаңырағы ортаға түскен
Байбөрі! ...
Әлі боздап тұр...
Кім мені бүйректей бөлген кеп?
Аттың жалында Арқаның желі ұйықтайды.
Абралы—
Хан Кененің Аруағы күңіренген!!!
Күндіз көз алдымда көлеңдеп,
Түнде түсімнен шықпайды...
Абралы - Хан Кененің Аруағы
күңіренген...» (Ақсұңқарұлы).
Кенесары ордасы орналасқан Торғайдың Қошалақ құмын Кіші жүз рулары жайлаған кезінде. Кенесары күресіне Бағаналы, Арғын, Табын, Тама, Байбақты, Шекті, Шөмекей және т.б. аталар азаматтары қатысқаны тарихтан белгілі. Ал, Қошалақ құмды ауылдың атауы қайдан шықты екен? Қазақ елінде, шежіре тарихында адам аттарының, жер атауларының бір-бірін қайталайтыны ғажап. Мысалы, Байбөрі, Ақша, Қаракесек, Уса. Көбісін барлық бергі де, арғы да аталарда кездестіруге болады. Бір, осының өзі қазақ ұлтының тұтастығын, бірлігін көрсетеді. Абралы мен Арғыз аралығында аяқталмаған, басталмаған дала, алып ел. Жол бойы сор. Шынында да, тұздалған терілерді кең далаға жайып тастағандай. Күн ыстық. Бірде жол бойынан, бірде жақын шағыл арасынан көрінген түйелер. Тосынан шыға келгенде екі шағылдың арасындағы түйе өркештері салтанат қақпасын құрғандай көрініс береді. Қас қағым сәтте. Сіздің Қошалаққа келу құрметіне. Келіңіз, көріңіз. Қара батпағы мен түрлі-түсті тұзқабаты астасқан сорға түссеңіз салмақсыздық күйін кешесіз. Тұзды сор суында қармақтың қалтқысындай да батпайсыз, қызыл-қоңыр шайдың бетінде қалқыған қаймақтай күй кешесіз. Оның асты алмас бұрғы батпас тұз қабаты. Одан соң далада төбеңнен төгілген сумен бір шайынып Сазды ауылының моншасына түсіп алсаңыз бойыңыз бір сергіп қалады. Далаға шыға келгеніңде жанға жайлы бір рахат самал есіп қарсы алады. Айналадағы құм шағылдар үйілген алтын қырман секілді. Құм үсті бидай ақтап жатқандай бұрқырайды. Бәрі солай, Жұмекен жазғандай. Қыстақ иесі Кербалаков Қабдолланың ұлдары Ризабек пен Ақылбектің дала ертегілері мен аңыздарын тыңдап, Балғаным құйған балдай шай мен шұбатқа қанып алып жолға шығуға болады. Қошалақ пен Ашақты қимай, Қанышкеннен сапар барысын қадағалап отырған Құрманғазы ауданының прокуроры Халыков Балтабай құрдаспен қоштасып Атырауға тарттық. Жүргізуші Ғарифолла, осыдан екі күн бұрын алып келген жігіт. Екі ортадағы жол табанын жаттап алған әккі жүргізуші. Шаң. Кей тұсы Арқаның қысқы ақ бораны іспеттес. Түк көрінбейді. Көлік көп, бәрі асығыс. Айналма жол, бұрылыс. Далалық «Формула-1». Шетінен Шумахер. Басында «туу, Қарағандыдан мына Қошалаққа келдіңіз бе» деп сұраған Ғарифолла үнсіз. Әйтеуір, аман-есен жеттік-ау. Қарқаралыда Қасым Аманжолов ауылында жүрген Атырау облысы прокурорының орынбасары Қасымов Қабиболла Сәрсенбайұлы ауық-ауық сымсыз телефонмен қоңырау соғып хал- жағдайдысапар барысын сұрап қояды. Екі ауыл арасына космос ақындары Қасым мен Жұмекен жырлары мәңгілік байланыс орнатқандай. Туған жерде дем алғанға не жетсін. «Бір уыс құм - жұпар. Ана төсін аңсау үшін- құмды еске алу керек қой». Аспан жолымен Астана әуежайына қонғанға шейін Алматыдан келген бетте қарсы алған Атырау қаласының прокуроры Мәженов Абай Әнесұлы мен Атырау облыстық прокуратурасының бөлім бастығы Көбегенов Жәнібек Жұмақұлұлы жандары қалмай Қошалақ қонағы деп күтті. Қазақстан темір жолының қызметкерлері Шәмбиев Салахадин Өтегенұлы мен Ермұратов Ғалиден Мұсылманғалиұлы да келген сәттен көмек етті. Бұның бәрі әрине өнерге арналған құрмет болатын. Ақын есімі халық есінде.
Міне, Жұмекен алғаш жөнелген төбе басына осылай шықтық. Ал, Жұмекен жырының биігіне шығу құрметі Сізге жазсын келер, келешегі керемет ұрпақ.
Жолыңыз болсын, мықты қазақ.
Қарағанды- Алматы- Атырау- Қарағанды.
2003- 2005жж.
1. «Тың жерледі игергені үшін» медалімен Қазақстан, Сибирь, Урал, Поволжье, Солтүстік Кавказ ауданарында тың және тыңайған жерлерді игерудегі жақсы жұмысы үшін колхозшылар, совхоздардың МТС-тердің, құрылыс және басқа ұйымдардың қызметкерлері, партия, совет, кәсіподақ, комсомол қызметкерлері наградталады.
2. «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен наградтауға тың және тыңайған жерледі игерген аудандарда ереже бойынша кемінде екі жыл жұмыс істеген қызметкерлер ұсынылады.
3. «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен наградтауға ұсынылатындарға әрбір колхоз, совхоз, МТС, кәсіпорын, мекеме, ұйым бойынша алфавит тәртібімен фамилиясы, аты, әкесінің аты, атқаратын қызметі немесе кәсібі, жұмысы бастаған күні, сол қызметкердің тың және тыңайған жерлерді игеруге қатысқаны жөніндегі қысқаша мінездемесі көрсетіліп тізім жасалады. Тізімге колхоздардың председательдері, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың басшылары, сондай-ақ партия ұйымдарының секретарьлары және кәсіподақ ұйымдарының председательдері қол қояды.
4. «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен наградтауға ұсынылған қызметкерлердің тізімі еңбекшілер депутаттары аудандық Советтерінң атқару комитеттері олар жөніне