дастың сөзінен
— Қазакстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің атынан Сіздерді және республиканың барлық еңбекшілерін жоғары наградамен — Ленин орденімен құттықтауыма рұқсат етіңіздер. (Қолшапалақтау).
КПСС Орталық Комитетіне, Совет үкіметіне, СССР Жоғарғы Советінің Президиумына олардың Казақстан еңбекшілерінің қажырлы еңбегін жоғары бағалағаны үшін аса разы болған сүйіспеншілік білдіріп, жалынды алғыс айтуыма рұқсат етіңіздер.
Бұл награда барлық совет адамдарының жүрегін біздің туысқан Коммунистік партияның кемеңгерлік саясатына, ұлы Социалистік Отанымызға разы болғандықты орынды мақтан еткен сезімге бөлеуде.
Елімізде соңғы жылдары ауыл шаруашылығын өркендетуде қол жеткен, өзінің нәтижелері жағынан өте зор табыстар партияның алыстан болжайтын, кеменгерлік саясатының арқасында ғана мүмкін болды.
КПСС XX съезінің тарихи шешімдерінде, Орталық Комитеттің пленумдарының шешімдерінде партия ауылшаруашылық өндірісінің барлық салаларын, ең алдымен астық шаруашылығын шұғыл өрге бастыру программасын белгіледі. Коммунистік партия совет халқының алдында бұл міндетті шешудің нақты жолдарын ашып берді астық өндіруді молайтудын негізгі қайнар бұлақтарының бірі еліміздің шығысында, атап айтқанда, Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру болып табылады деп көрсетті.
Өзінің көлемі жағынан орасан зор бұл міндетті шешуге кірісіп, Коммунистік партия миллиондаған еңбекшілер бұқарасының творчествалық күшін осыған жұмылдырды, ал Совет мемлекеті жан-жақты материалдық көмек көрсетті.
Соңғы үш жылдың ішінде ауыл шаруашылығына ондаған миллиард сом мемлекет қаржысы жұмсалды, МТС-терге, колхоздар мен совхоздарга жаңа техника үздіксіз тасқындап келіп жатты. Біздің республиканың өзі ғана бұл жылдардың ішінде 166 мың трактор (15 аттың күшімен есептегенде), ондаған мың комбайндар, автомашиналар және орасан көп мөлшерде басқа ауылшаруашылық техникасын алды.
Коммунистік партия Қазақстанға адамдар, кадрлар жіберу жөнінде орасан зор көмек көрсетті. Қазақстанда тұрақты жұмыс істеуге ондаған мың коммунистер, комсомолецтер, ауыл шаруашылығының мамандары, механизаторлар, құрылысшылар, МТС және совхоз жұмысшылары келді.
Партия мен үкіметтің жүргізген шаралары ауыл шаруашылығының еңбекшілдері мен республиканың барлық еңбекшілерінің қажырлы, қаһармандық еңбегімен ұштастырылып, Қазақстанның ең тамаша жеңістердің біріне жетуіне мүмкіндік берді. Республикада аз уақыттың ішінде 20 миллион гектарға жуық жаңа жерлер игерілді, егіс көлемі үш есе дерлік ұлғайтылды, республиканың кең-байтақ даласында жаңадан 337 ірі астық совхозы құрылды.
Үстіміздегі жылы республика ауыл шаруашылығының қызметкерлері өздерінің алдына батыл, бірақ орындауға әбден болатын міндет — мемлекеттің қоймаларына бір миллиард пұт Қазақстан астығын тапсыру міндетін қойды. Социалистік Отанымыздың миллиондаған адамдары Қазақстанның егін даласында астық үшін өрістетілтен аса зор шайқасты барынша зер салып қадағалады. Қазақстанның егіншілеріне бүкіл еліміз көмекке келді. Егін орағы басталғанға дейін республикамыз қосымша ондаған мың трактор, комбайн, егін оратын машина, автомашина және басқа техника алды. Қазақстанға егін жыйнауға Москва мен Ленинградтан, Киев пен Минскіден, Горький мен Томскіден, Совет Одағының барлық туысқан республикаларынан Отанымыздың жүздеген мың даңқты патриоттары келді. Халықтық демократия елдерінен де бізге жастардың үлкен бір тобы келді. Еліміздің егін жыйнау аяқтала бастаған аудандарынан мыңдаған комбайнерлер өздерінің комбайнымен, шоферлер өздерінің машинасымен Қазақстанға көмекке келді.
Республиканың МТС-терінде, колхоздары мен совхоздарында социалистік жарыс кеңінен өрістетілді. Сибирьдің егіншілерімен социалистік жарыстың барысында жүздеген мың колхозшылар, МТС және совхоз жұмысшылары, ауыл шаруашылығының механизаторлары, автомашина жүргізушілер, студенттер, Совет Армиясының жауынгерлері зор шеберлік және қаһармандық ерлік көрсетті, олардың қажырлы еңбегіне бүкіл ссвет халқы сүйсініп, оларға құрмет көрісетіп отыр.
Қазір «Тың жерлерді игергені үшін» медалі белгіленді. Тың игеруде үздік шыққан ондаған мың патриоттар үкіметтің бұл жоғары наградасын лайықты еңбегі үшін алатын болады.
Қазақстанның егіншілері ант еткен, біздің бүкіл республикамыз соңғы айлардың ішінде күн сайын жадында берік ұстаған, сонымен бірге бүкіл совет халқы жүрегі тебірене күткен іс орындалды. Отанымыз бір миллиард пұт Қазақстан астығын алды!
Астық өндіру жөнінде Қазақстан кәзір, Россия Федерациясынан кейін, екінші орын алып отыр. Быйыл республикамыз астықты тың және тыңайған жерлерді ігеруге дейінгі 11 жылды қоса алғандағыдан анағұрлым көп тапсырып, астықтың жалпы түсімін алтыншы бесжылдықтың аяғына белгіленгеи мөлшерге жеткізді.
Біздің Қазақ республикасының ауыл шаруашылығы еңбекшілдерінің жаңа барлық еңбекшілерінің тамаша өнегесі советтік социалистік құрылыстың ұлы артықшылықтары қандай екенін, КПСС XX съезі алға койған міндетті,— астықтың жыл сайынғы жалпы түсімін 11 миллиард пұтқа жеткізу міндетін неғұрлым тез шешу үшін елім