5. «Тың жерлерді игергені үшін» медальдерін тапсыруға арналған тізімдерді қарауды және бекітуді СССР Жоғарғы Советінің Президиум атынан автономияы республикалардың Жоғарғы Советтерінің Президиумдері және еңбекшілер депутаттарының өлкелік, облыстық Советтерінің атқару комитеттері жүргізеді.
6. «Тың жерлерді игергені үшін» медалін наградталғандардың тұрған жерінде СССР Жоғарғы Советінің Президиумы атынан автономиялы республикалардың Жоғарғы Советтері Президиумдарының, еңбекшілер депутаттарының өлкелік, облыстық, аудандық, қалалық Советтері атқару комитеттерінің председательдері, председатель орынбасарлары жне мүшелері тапсырады.
Наградталғанға медальмен бірге наградтау туралы белгіленген формада куәлік тапсырылады.
7. «Тың жерлерді игергені үшін» медалі сол жақ омырауға тағылады және ордендер мен басқа медальдер болса «Донбастың көмір шахталарын қалпына келтіргені үшін» медалінен кейін тұрады.
8. «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен наградталған адам өзінің азаматтық барышын адал орындаудың өнегесі болуға тиіс.
“ТЫҢ ЖЕРЛЕРДІ ИГЕРГЕНІ ҮШІН” МЕДАЛІ ТУРАЛЫ
С Ы Й П А Т Т А М Ы С Ы
«Тың жерлерді игергені үшін» медалі дөңгелек, диаметрі 32 мм болады.
Медальдің үстіңгі бетінде: өздігінен егін жыйнап жүрген комбайн, егін алабының жиегінде тұрған элеватор бейнеленген, медальдің төменгі жағында үш жолға: «Тың жерлерді игергені үшін» деп жазылған. Медальдің жиегі айнала дөңестеліп кемкерілген.
Медальдің астыңғы бетінде: төменгі жағында орақ пен балға, олардан жан-жаққа шапақтап тараған күн сәулесә, жоғары жағында бес бұрышты кішкене жұлдыз, сол жақта бидай масағы және он жақта жүгері собықтары бейнеленген. Медальдің жиегі айнала дөңестеліп көмкерілген.
Медаль түсті металдан жасалады.
«Тың жерлерді игергені үшін» медалі киімге бес бұрышты қаптырмамен тағылады.
Қаптырма дегеніміз – бес бұрашты платинка, оның бір бұрышы төмен қарап тұрады. Пластинканың төменгі бұрышында медальді қаптырмаға бекітіп қоятын ілгегі болады. Пластинканың астыңғы жағында қаптырманы киімге қадайтын түйреуші болады.
Қаптырма жиектерінде екі сары жолағы бар күңгірт жасыл түсті құлпырмалы жібек лентамен қапталған.
Қазақстан ұмытылмас күндерді басынан өткізуде. Тың және тыңайған жерлерді игеру ісінде аса көрнекті жетістіктерге жеткені, елімізде жаңа ірі астық бағасын жасағаны, астық өндіруді мықтап арттырғаны және 1956 жылы мемлекетке бір миллиард пұт астық тапсыру жөніндегі міндеттемелерін ойдағыдай орындағаны үшін Қазақ Советтік Социалистік Республикасы СССР Жоғарғы Советі Президиумының Указы бойынша Ленин орденімен наградталды деген әсерлі, қуанышты хабар кең-байтақ республикамыздың ол шеті мен бұл шетіне дейін ілезде-ақ таралды.
Әрбір үй зор мейрамның қуанышына бөленіп отыр. Міне сондықтан да адамдар өздерінің қажырлы еңбегін жоғары бағалағаны үшін партия мен үкіметке шын жүректен алғыс айтуға, алтыншы бесжылдықтың жоспарын ойдағыдай жүзеге асыру үшін күш аямай еңбек етуге ұмтылған талабын білдіруге асығып көшелерге шығуда, мейрам күнгі жыйналыстардың трибунасына көтерілуде.
КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советінің мемлекетке бір миллиард пұт астық тапсырумен байланысты тарихи құттықтауы қазақстандықтарды жаңа табыстарға жетуге жігерлендірді. 20 октябрьге дейін республикамыз Қазақстандық миллиард пұт астықтан тыс тағыда 1.200 мың пұт астық тапсырды. Алдағы жылдың егісіге арналып 15 миллион гектарға жуық зябь әзірленді.
...Күн сәулесінің нурына бөленген Қазақстанның астанасы мейрамдағыдай безендірілген. Жапырағы сарғайып алтындай жарқыраған ағаштар арасынан алқызыл жалаулар, кере тартылған ұрандар мен транспаранттар көрінеді. Бұларда халықтың еңбектегі ұлы ерлігін даңққа бөлейтін, жаңа жеңістерге жете беруге шақырған сөздер жазылған. Үйдердің қабырғаларына — В. И. Лениннің, партия мен Совет мемлекеті басшыларының портреттері ілінген.
22 октябрьде, Алматыда Қазақстанды Ленин орденімен наградтаудың құрметіне қала еңбекшілерінің митингісі болды. Кешкі сағат 5-ке жақындағанда Коминтерн атындағы үлкен алаңға өнеркәсіп орындары мен мекемелердің жұмысшылары, қызметшілері,студенттер, мектеп оқушылары, үй шаруасындағы әйелдер лық толды. Орталық трибунаның бүкіл өнбойына: «Ленин орденді Қазақ Советтік Социалистік Республикасы жасасын!» деп жазылған ұран кере тартылған. Трибунада Ленин портенінің орасан үлкен суріеті қойылған.
Трибунаға Қазақстан КІІ Орталык Комитеті Бюросының мүшелері, Қазақ республикасы үкіметінің мүшелері, СССР Жоғарғы Советі мен Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаттары, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің озаттары көтерілді.
Митингті Алматы қалалық партия комитетінін секретары А.Н.Козлов жолдас ашты. Совет Одағының Гимні мен Қазақ ССР Гимні салтанатпен естілді.
Қазақстан КП Орталық Комитетінің секретары Н.И.Журин жолдасқа сөз берілді.
Н.И.Журин жол