Республикамызда астықтың жалпы түсімінің мықтап артқаны ауыл шаруашылығының басқа салаларын, оның ішінде әсіресе мал шаруашылығын ойдағыдай өркендету үшін қолайлы жағдайлар тудырды. Кәзір мал шаруашылық өнімдерін өндіруді арттыру жөнінде партия белгілеген міндеттерді мерзімінен бұрын орындау жолындағы жарыс бүкіл Қазақстанда өріс алды. Мұнда да, алтыншы бесжылдық жоспардың тапсырмаларын орындау жолындағы күрестің осы участегінде де алғашқы табыстарға қол жетті.
Қазақстанның оңтүстік облыстарының еңбекшілдері мемлекетке көмінде 2 миллион 100 мың центнер шитті мақта мен 760—770 мың тонна қант қызылшасын тапсыруды мерзімінен бұрын орындап шығу жолында ойдағыдай күресуде.
Жолдарстар! Отанның республикамызға берген жоғары наградасы біздің бәрімізді — жұмысшыларды, колхозшыларды, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің мамандарын, партия және совет қызметкерлерге астық, ет, жүн және басқа ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттыру және республиканың социалистік ауыл шаруашлығын көркейтуде жаңа табыстарға жету жолында бұрынғыдан да зор жігермен еңбек етуге міндеттейді.
Қазақстан өнеркәсібінің қызметкерлері алдында зор міндеттер тұр. Республиканың партия және совет ұйымдары, біздің өнеркәсіп орындарымыздың, жаңа құрылыстарымыздың және транспорттың жұмысшылары мен қызметшілері өздеріне белгіленген өндірстік жоспарды әрбір завод пен шахтаның, теміржол транспортындағы барлық участоктердің, әрбір құрылыс ұйымының орындауына жетуі тиіс. Октябрь алдындағы социалистік жарысты бұрынғыдан анағұрлым кең өрістету қажет.
Жолдарстар! Орденді Қазақстанның еңбекшілері ұлы Лениннің туын жоғары ұстайды және Отан игілігіне, біздің совет халқының игілігіне алтыншы бесжылдық жоспарды орындау жолындағы күресте күш-жігерін аямайды деп сіздердің атыңыздан, республиканың барлық еңбекшілері атынан партиямыздың лениндік Орталық Комитеті мен Совет үкіметін сендіруіме етіңіздер.
КПСС ХХ съезінің тарихи шешімдерін орындау үшін республиканың еңбекшілері алдағы уақытта да бүкіл совет халқымен бірге қол ұстаса отырып қажырлылықпен еңбек ететін болады.
Біздің қаһарман совет халқымыздың даңқты арта берсін!
Біздің сүйікті Отанымыз – Советтік Социалистік Республикалар Одағы жасасын!
Біздің барлық жеңістеріміздің дем берушісі және ұйымдастырушысы – Совет Одағының Коммунистік партиямы жасасын! (Ду қолшапалақтау. Ура! деген дауыстар).
* * *
Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Председателі Ж.А.Тәшенев жолдасқа сөз берілді.
Ж.А.Тәшенев жолдастың сөзінен
Үкіметтік жоғары награда республикамыздың еңбекшілеріне еңбекте жаңадан өрлеу туғызуды, өнеркәсіптің барлық салаларын, әсіресе ауыл шаруашылығын онан сайын мықтап өрге бастыру үшін әлі де пайдаланылмай келе жатқан ішкі резервтерді іске қосуды қамтамасыз етуді міндеттейді.
Коммунистік партия мен Совет үкіметінім қамқорлығы арқасында біздің республиканың өндіргіш күштерін онан сайын мықтап өрге бастыру үшін қажетті болатын барлық жағдайлар тудырылды. Үстіміздегі бесжылдықтағы күрделі жұмыстардың көлемі және оларға 80 милиард сом шамасында жұмсалғалы отырған қаржы осыны айқын дәлелдейді.
Республиканың ауыл шаруашлығына келетін болсақ, ол отандық бай техникамен қай кездегіден болса да анағұрлым мол жабдықталған. Кәзіргі уақытта Қазақстан колхоздары мен совхоздарының егіс даласында шартты есеппен 200 мыңнан аса трактор және 70 мыңнан аса комбайн жұмыс істейді.
20 миллион гектар тың және тыңайған жерлер игеріп, осы негізде егіс көлемін мықтап ұлғайтып, республикамыз мемлекетке бір миллиард пұт астық тапсырды, сөйтіп астық өндіру жөніндегі алтыншы бесжылдықтың тапсырмасын асыра орындай отырып, Қазақстанның колхоздары, МТС және совхоздары астық, мақта, қант қызылшасын, сүт, ет, жұмыртқа, жүн, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіпке арналған басқа да шикізат өндіруді арттыру үшін онан әрі күрес жүргізетін болады.
Партиямыз бен туысқан Совет үкіметінің күнделікті қамқорлығы мен назар аударуына, үкіметтік жоғары наградаға біз асқан ұйымшылдық көрсетумен, әрбір участокте мемлекеттік және еңбек тәртібін онан сайын нығайтумен жауап беруге міндеттіміз, өнеркәсіптің, транспорттың және құрылыстың әрбір кәсіпорнының өндірістік жоспарларды мерзімінен бұрын орындауы және асыра орындауы, мемлекетке егіншілік пен мал шаруашылығының өнімдерін тапсыруда үстіміздегі шаруашылық жылын анағұрлым жақсы көрсеткіштермен аяқтауы, әрбір колхоз бен совхозды алдағы мал қыстатуға мінсіз әзірлеу және зябь жырту жоспарын орындау жолындағы социалистік жарысты кеңінен өрістетумен жауап беруге міндеттіміз!
Үкіметтік жоғары наградамен жігерленген Қазақстан жеріндегі әрбір еңбекші не қажеттің бәрін істеп, совет халқының коммунизм жолындағы күресінің ортақ ісіне өзінің адал еңбегімен ылайықты үлес қосатынына күмән жоқ.
Біздің елімізді коммунизмнің сәулетті шындарында қарай бастап келе жатқан коллективтік жетекші және данышпан көсем – Совет Одағының Коммунистік партиясы, оның лениндік Орталық Комитеті жасас