«Мұңая төніпті Европа аспаны
әкемнің өлігі үстіне.
Мен кейін сол әке есімін
Шешемнен естідім.
Сондықтан әкенің есімі
Мен үшін бір тұнық- қозғама..
Құлақта –үн ғана,
Қағазда сөз ғана».
Біздің келтіргеніміз бір- ақ мысал. Шындығында оның саны сан миллионан асып түседі. Бұның бәрі бір өзі, қайғысы мен қасіреті тоқсан нарға жүк болар, басқа хиқая.
Енді, қайтып Жұмекен жырына оралайық.
Жұмекеннің жыр жолдарынан түрлі-түсті, үлбіреген хош иіс аңқып тұр. Барлық жан-тәнімен ақтарылу, төгілу бар. Барыңды, арыңды еліңе қызмет етуге жұмсау. Өзіңе ғана емес бүкіл еліңе болсын деп тілек тілеу. Қазақ халқына деген ғашықтықтан туған махаббат ұлттық идеяға шақырады. Міне, «Менің Қазақстаным» әні бізге осы ұлттық идеяны ұсынып, ұмтыл, бар жан-қуатыңмен сол үшін жанталас, күрес дейді. Бұл қолдан келетін іс. Ұмтыл, қазақ. Әйтеуір жансақ, идеямен жанайық. Сондықтан да, бұл өлең, ән ұлттық ән, өлең. Жұмекен қазақ поэзиясына осындай махаббатпен келді. Ой мен сезімді бірдей әкелді. Қазақ халқының тыңдағы ерлігі оған қатты әсер етті. Халық рухы тума талантты жанартаудай оятты. Нағыз, табиғи сілкініс, бұрқану, ұшқындау, найзағайдай жарқ ету «Менің Қазақстаным» өлеңінде жатыр.
Алла тағала жар болып 1956 жылдың жазында консерватория табалдырығын аттағанда Жұмекен Шәмшімен жолықты. Ән туды.
«Менің Қазақстаным» әні шумақ және қайырма бөлімінен тұрады. Ән минорлық ладта (мит минортольдігі) жазылса да мажорлық ладта жазылған көп ән-ұрандардан анағұрлым әсерлі. Ән екі тактілі жігерлі мотивпен басталады. Екпіндік суреті пунктирлік және триольді ұзақтықтан тұрады. Жалпы әннің ритмикалық құрылымы марш жанрын құрайтын суреттерден тұрады. Марш сөзі - французша «ходьба» деген сөздің мағынасын береді. Яғни еркіндік, қажырлы, жалынды- жігер, қайратты, патетикалық сезімдерді бере алатын әуездік екпін. Сонымен бірінші бөлім шумақта екі период бар. Әр период екі мотивтен тұрады. Төменгі бас дауыс өзіндік тақырыбы бар жоғарғы мелодияны жетелеп, сүйемелдеп отыратын өз алдына контрашрект. Жалпы әннің әрбір пласты, қабаты әннің мінезіне сай, маршты екпіннің екпіндік әуенінен бастап аяғына дейін бір ауытқымайды. Қайырма бөлімі екі дауысқа арналған мотивпен басталады. Бұл бөлімде екі периодтен, ал әрбір период екі мотивтен тұрады. Интервалдың ерекшелігі үлкен және кіші терцик, шарықтау шегінде кіші секспеге барады. Жалпы айта келгенде әннің құрылымы ақынның әрбір сөзінің астарын, мәнін дәл анық аша білген. Ақынның жалынды сөздерімен композитордың әуені бір бірімен жақсы үйлесіп қазақтың ән жанырында, ешбір әнге ұқсамас шығарма туған.
Жұмекеннің барлық көркем туындысын көктеп өтетін поэзиялық идея «Менің Қазақстаным» өлеңінен бастау алады. Өлеңдегі бүкіл поэтикалық идея, пафос, махаббат қазақ халқының жан дүниесін бейнелеуге арналған. Бүкіл ұлтты ұлттық идеяға бастайды. Жұмекен жырының күре тамыры - қазақ халқы. Сол халқына Жұмекен не деп кетті, тыңдайықшы:
«Жігітінің ірілігі не керек,
Тілі өлсе егер- тірілігі не керек,
Керегі жоқ маған ондай халықтың!».
Өз халқынан мұндай бас тартуға ақын дәті қалайша барды? Өз халқына ғашық бола тұрып, ақын қатал болса да әділ үкім жария етеді.
Себебі,
«тілден қалып көмір сүрген жоқ халық-
шындық осы.
сол шындықты ноқта ғып
киген дұрыс- мал болсаң да- басыңа,
аштан өлсек – біз өлейік- жасыма,
Сенің еркің, бақпай қойсаң балаңды,
Асырама, арсыз бол да анаңды-
Айналайын,
Ана тіліңді асыра!».
Ана тіліңді алысқа асыр. Асырау үшін арпалыс,алыс. Арсыздықтан аласта. Аштан өлсек те ана тілімізді жасытпайық. Теп-тегін, өздігімен келер дүние жоқ:
«Бі