ған терді алақанының қырымен бір сыпырып тастады да орнынан тұрды...».
* «Анау құйылған терді жүзінен тағы бір сыпырды».
* «Жүзіне қонған шыбын жүзіп кетердей, шұбырған тер».
* «Бұрын маңдайынан шығып жарымайтын тер енді жауырынан көрінетін болды».
* «Келіншек көз қиғын бір-ақ мәрте тастаса, бала шай пісірім уақыт тер төгеді».
* «Тер жуған бет-жүзге болымшы ғана салқын леп тиді».
* «Мен тоқтасам терім сүртіп бір сәтке, бүкіл дүние тоқтап қалған секілді».
* «Біз мұрнының ұшында мөлдіреген жалғыз тамшы терді сілкіп, Идаят үйінің босағасына тастап кетті».
* «Тер шыққандары – бабында, қызара бөртіп, есіп отыр».
* «Маңдайына шым-шың суық тер тепті».
* «Шылым түтіні мен тер иісі мүңкіп тұр».
* «Маңдайымның терін қырып лақтырып жалпақ қолдың қырымен».
* «Кенет, тұла бойы мұздап кетті, маңдайын бөртіп-бөртіп суық тер шықты».
* «...самай атаулыдан тер шұбырды».
* «Қарызымнан құтылмақ ем тер төлеп».
* «Кентауда маңдайымнан шыққан терді,
Қарағанды желіне кептіремін».
* «Тірлігіңді таста, деді, тер төкпе арқаң жіпсіп бас терлеп».
* «Жарытады терлеп те».
* «Терім төктім әр-әр күні, әр түні».
* «Өмірді еңбек тұр ұстап,
Еңбек етпеу – мол қайғы
Күніне бір дұрыстап
Терлемесе болмайды».
* «Терлесе адам – көңілденеді, о несі?
Терге ғана балқи ма екен денесі?
Термен тыныстамаса,
Қуанбаса күрсініп –
Дәл осындай тамаша болар ма еді тіршілік?!».
* «Шал маңдайы - терлер жыртқан борозда».
* «Тер ғажап. Тер ыстық.
Тер – менің қуатым, бар тұлғам,
Тер – менің бақытым, қолдағы».
* «Мөлдір тер».
* «О, туған жер, тер дегенің –
Саған әлі бермегенім».
* «Теріңмен жібіт жерді, сонда ғана
Хақың бар туған жерге көмілуге».
Жұмекен жайлы ізденіс барысында жазушы Медеу Сәрсекеевтің «Қазақтың Қанышы» атты кітабына қатысты бір дерекке де кездейсоқ жолықтық.
Жазушы кейіпкері Төленов Жармағанбет жайлы тұсында көркемдік шешім жолында нақты деректен, шындықтан сәл де болса ауытқып кеткені анықталды. Сөзім дәлелді болу үшін кітаптың 256 бетінде үңілейік:
«Академия залына жиналған ғылым иелерін тағы да бас шайқатып, таң қалдырған үшінші баяндамашы мінбеге сессияның төртінші күні көтерілгенді».
Ұлттық кітапханаға Жұмекеннің алғашқы жарияланған өлеңдерін іздей жүріп, 1956 жылғы газеттер тізімін беріп қойып, кітапхананың сирек кітаптар қорынан «Үлкен Жезқазған» кітабын сұрадым. Сәтін салғанда, көп кешіктірмей алып келді. Кітап орыс тілінде жазылған.
С. 2623 Вып.7. К. МФИША РК
Большой Джезказкан.
Сборник материалов по проблеме комплексного изучения и освоения природных ресурсов Джезказгано-Улутауского района Центрального Казахстана. /АН СССР Казахстанская база/. Труды. М.- Л. 1935.
У 9 ( 5 Каз) 305.552 Б 799 К
Редакциядан.
10-15 қараша 1934 жыл Москвада Кеңестер Одағы Ғылым академиясы төралқасының, Қазақ ССР халық Комиссарлар Кеңесі, Мемлекеттік Жоспарлау, Ауырөндіріс орталық комитетінің Түсті металл Басқармасы шешімімен Кеңес Одағы Ғылым Академиясы Қазақстан базасының Ғылыми Кеңесінің III сесссиясының Үлкен Алтай мен Үлкен Жезказған мәселелеріне арналған.
Жинаққа барлық баяндама, жазбаша түрде ұсынылған күйде енгізілген. Жолдас С.А.Бөкейханов, В.А.Ванюков, А.А. Гапеев, Либин И.К., Сатпаев К.И., Н.С.Стригиндердің баяндамалары жалпы отырыстар менен секциялық мәжілістерде жарияланған.
Жолдас В.А.Бессонов, В.Я.Гринев, М.О.Джангалин, Кошкиной Т.А., Николаев И.Г., Полякова С.А., Попова Г.Н., Русаков М.П., Тюленов Ж.Т., Сыромолотов Ф.Ф., Шахмурадов А.С. и Яговкин И.С. баяндамалары сессиямен тыңдалмаған».
«Жергілікті халықтың ортасынан шыққан Жезказған комбинатының ғылыми-техникалық қызметкерлері Сатпаев К.И., Бөкейханов С.А., Тюленов Ж.Т., Джангалин М.О.
Мазмұны: Ж.Т. Тюленов – Флотация типовой сульфидной медной руды Джезказагана.
Жинақтың 463 беті. Тюленов Ж.Т. Применение флотационного метода обогащения к Джезказаганским рудам впервые было начато бывшими концессионерами в 1916-1917 гг. В лабораторном и заводском масштабе на Сары-Суйской обогатительной фабрике работавшей в то время на Успенской руде».
Осы келтірілген деректерден Төленов Жармағанбеттің сессия мінбесінен сөйлемегені анықталады.
Төленов кім? Ол менің нағашы атам – анам Рахиманың әкесі Төленов Игіліктің туған інісі. Медеу ағаның нағашымды сессияның мінбесінен сөйлеткеніне мақтанудың орнына мен неге ондай оқиға орын алған жоқ деп жазушының көркемдік шешімін жоққа шығарамын. Қандай хақым бар? «Қазақтың Қанышы» атты кітабтың оп-оңай шықпағаны белгілі. Төленов Жармағанбет сессияның мінбесіне шығып сөйлемесе одан оның дәрежесі төмендемес. Жазушы оқырманына ренжімес. Ж.Төленов тарихта өзіндік орны бар тұлға. Қазақтың алғашқы түрлі-түсті металлург инженерінің бірі. Мәскеу түгіл Магадан көрген, тозақ пен тамұқтың небірінен өткен, ұлы сында Ұлытауда ұлы іс атқарған мықты қазақтың бірі. Негізгі тақырыптан біраз ауытқып кетуге бағанағы ақындардың үлкен тақырыпқа бару керектігі себеп болды. Жұмекенн