еп ризашылығын білдіреді. Дән шықты. Қазақ рухының, еңбегінің, ерлігінің дәні өсіп-өніп шықты.
Мінекейіңіз, осы екі жолда қандай ғажап мағына бар. Қалай табынбайсың суретші шеберлігіне. Бір-ақ ауыз сөз. Ал, қаншама мән-мағына салтанат құрып тұр. Жерге иіл демейді пенде алдында. Өзі иіледі жер анасына. Адамдарды асырап отырған Жер-Ана қадірін түсініп тағзым етеді. Танғажайып тағлым. Түркілік таным. Ежелден егін өсіріп өндірген халық емеспіз бе, сонау сақ, ғұн заманынан. Еңбек, егін егу мәдениеті ең жоғарғы деңгейде болып, бүкіл Жібек жолы бойындағы қала базарлары сар даланың алтын дәніне толып, көз тұндыратын. Жұмекеннің суретшілік шеберлігі алыс-алыс ғасырларға құлаш ұрады.
Өлеңді бірден «Алтын күн аспаны» деп бастауының өзі таланты толысқан тұлғаның биікке самғауын білдірсе, «Алтын дән даласы» деуімен өз заманын әспеттейді. Думанды бастаған далама қарашы. Әрине, егін шықса, еңбегің еш кетпесе кең байтақ жазық өңірде неге ойын- сауық, қызық, тамаша құрмасқа. Еңбекші қазақтың ерлігінің салтанат құруы бұл думанды бастау. Дән егіп терлеген қазақ тойламаса кім думандатып, шаттанады!? Ерлік-еңбектің пісіп тұрған күйін, дән мен тер арқасында сыртқа шығып көрініс беруін суреттейді өлең жолдары. Ақынды өмірдің, тіршіліктің дәнде оянуы қуантады. Құштарлық пен қобалжу қатар келіп дәнде өмір ұрығы жаратылуда. Қаншама еңбек пен тер жұмсалды. Жаңа өмірді халық күтулі. Үміті шыққан егінде. Қол жетпес арманына ұмтылды. Оны Жұмекен «Жерге дән шықты ғой» деп бір деммен береді. Лавадан сыртқа ұмтылған жалындай кең байтақ өлке алтын дәнмен жайнап-жайқалды. Өмір жаратылды. Дән де, Жұмекен де еңбектен шықты. Қазақ рухынан жаратылып шықты. Ұлт өз болмысын бар қалауы, аңсауы, арманы, аңсарымен ұлы еңбекте көрсетті.
Өлең қайырмасында ақын өзін-өзі көрсетіп мына ел, мына жер маған тән, тиісті, өзімдікі дейді. Осы ел, жер үшін гүл болып егіліп, жыр болып төгіледі. Мәңгілік ел, тәңір елі үшін. Эмоциялық әсері ғажап. Сезімге, санаға тікелей жол салып, жан тебірентеді. Тарихи сана мен танымға тартады. Жұмекен өз дәуірінің жан дүниесін, болмысын бере білген. Әрбір дыбыс, әрбір сөз, сөйлем, тармақ, шумақ бірігіп келіп бір бүтін дүние әкелген. Ол қазақ ұлтының рухы. Сондықтан да осы ән айтылғанда бәріміз бірігіп кетеміз. Бұл бірлік әні. Бірлікке, ерлікке, елдікке баулу әні. Еркімізге билік етіп, басымызды қосады. Жеке тұлғаның өз елімен саяси-этникалық сәйкестілігін терең сезінуіне ықпал етеді. Құқық пен міндет бірлігі. Қазақстандық патриотизм принципіне қызмет етіп жүрген ән. Конституция нормасына, идеясына сай ән. Байырғы қазақ жерінде мемлекет құрып отырған ел азаматтарын еркіндік, теңдік, татулыққа шақыратын ән. Конституциялық-құқықтық кеңістікте қалқып жүрген құқықтық ән. Татулық пен тыныштыққа шақырған ән. Мағынасы, мәніне музыкалық нысаны үйлесімді жарасқан ән. Нысанасы - ұлттық рухты көтеру. Елге, жерге қызмет етуге шақыру. Бұл әнді қазақтың ән-ұраны, гимні дейтініміз осыдан. 1944 жылы Қазақ Совет Республикасының мемлекеттік ұранына ақын-жазушылардың ұсынған өлеңдерінің 16 түрлі жобасы Орталық партия комитетінің хатшысы Абдіқалықовтің атына жіберіліпті. Тарихи дерек:
1. Тоқмағамбетов пен Е. Исмайлов.
2. С. Бегалин мен М. Әуезов
3. Ғ. Молдыбаев пен Б. Кенжебаев
4. Ғ. Мүсірепов пен Қ. Жұмалиев
5. Ғ. Молдыбаев
6. Ғ. Орманов
7. Зияш Қалауова
8. Ж. Қурманов (Жәмель)
9. В. Копытин
10. Федор Лаптин
11. И. Стальский
12. П. Богданов
13. Қ. Жумалиев
14. Мариям Хакимжанова
15. Аллажар Теміржанов
Жобалардың мәтінін оқысаңыз онда әрине сол кездегі большевиктердің екі көсемінің аттары, ұлы орыс елі міндетті түрде аталған. Біздің талдап отырған өлеңге қатысы бар мына сөздер де қолданылған: алтын аймақ, айбынды елі біз қазақ, іргелі ел, алтын шақ, алтын дәурен, ел, ер қазақ, қазақ елі. Қатал, қатыгез заманда да ақын-жазушы ұлтын ұмытпаған. Қазақстан коммунистік партиясын басқарған партизан Пономаренко жазушылармен санаспау тым қымбатқа түседі дегені сөз құдіретін түсінуден шыққан. Тәуелсіздікке дейінгі гимнің өзіне «Ежелден еркіндік аңсаған қазақпыз» деген арманды аңдамай қалай енгізіп алғанына таң боласың. «Қамқоршымыз» болған ұлы орыс халқына көп алғыс жеткізген соң келісті ме екен. «Данышпан партия. Сүйікті кемеңгер». Еркіндікке солар жеткізіпті. Таза саяси тұрғыдан жазылған дүние. Қазақ ССР-нің гимні. Өлеңін жазғандар: Ә.Тәжібаев, Х.Мұхамедханов., Ғ.Мүсірепов. Әнін жазғандар: М.Төлебаев, Е. Брусиловский, Л.Хамиди.
Әйтеуір, осы гимінде ең бастысы «ел» деген ұғым ұмытылмапты.
«Ел» сөзі ежелден мемлекет деген ұғымды білдіреді. Жұмекеннің жырына «ел» сөзінің, ұғымының енуіне толық тарихи негізі болған. Өлеңнің екінші шумағындағы «орденге» бола бүкіл өлеңнің мән-мағынасы жоғалмайды, төмендемейді, көркемдік деңгейі кемімейді. Тың ауыртпашылық, қауіп-қатермен бірге Орталық отарлау саясаты ойламаған нәтиже әкелді. Ол қазақ ұлтына еңбек жолымен ерлік істей отырып еркіндікке жету мүмкіндігі. Басқа жол, басар тау қалмаған. Тек қана ақыл мен еңбек. Біздің басты таңдауымыз, ма