«Еске салды – ау бай даламды
Қайдағы жыр, қайдағы ән
Бұл,
«Донның, уайқай, көкшіл
түні- ай....»
Жүрегімді жаулап алды.
Сталинград түбінде.. ол бір
Күндер еді түңілген бір,
«Донның, уайқай, көкшіл
түні- ай...»
Жүрегіме жылу бердің.
Жеңілді жау, жеттік елге,
Жеттік елге, еттік еңбек,
«Донның, уайқай, көкшіл
түні- ай....»
Көк аспанға кетті көлбеп.
Донның жасыл далалары
Жасарады, жаңарады,
Ана- дағы, бала- дағы
Осынау әнге салады әлі.
Ән жаңғырып келем дейді,
Ән мәңгілік, ол өлмейді.
Тек сол күндер көз алдымда
Көлеңке боп көлеңдейді» (Микола Упеник - Жұмекен. «Сосюра жыры». В.Н.Сосюраның жыры жайында орыстілді бөлімде арнайы тоқталамыз).
Ән мәңгілік. «Менің Қазақстаным» әні мәңгілік. Ол өлмейді. Ана да, бала да, қала да, дала да осынау әнге салуда. Ән жаңғырып келіп тұр. Әсем ән. Жұмекен ақын әсем сөзін қолдану мысалдары:
* «Әсем әріптермен бейнеленбесе алтын сөзің де – жез».
* «Зібайра жақсы, әсем-ақ келіншек».
* «Шуақты, әсем лирика».
* «Сен секілді жас, әп-әсем қыздарды тоқалдыққа алған».
* «Үні әп-әсем, бояу, тембр, сезім-шеберін жеткілікті-ақ секілденді, тек темекі тартатындығы білініп тұр».
* «Бірінен бірі әсем жазық, дөң, көл, орман…табиғат атты ұлы тылсым арбап, әлде-қайда сүйрей жөнелді».
* «Неткен алдамшы, неткен әдемі өмір: күледі, қайғырады, өледі».
Өлеңде айтылған жайт негізінде өмірде қайталанатын заңдылық бар. Жұмекеннің басқа ұлт ақындарының өлеңдерін аудармаға таңдап алуында терең бір заңдылық байқалады. Қаншама уақыт өтсе де, қаншама көркем туынды жазса да әйтеуір бәрібір қайта айналып келіп «Менің Қазақстаным» өлеңінің азаматтық, мәңгілік поэтикалық идеясына оралады да отырады. Осы көзқарас орынсыз ба, субьективтік тұрғыдан негізгі тақырыпқа жөнсіз иіп алып келу ме? Жоқ. Мұндай үлкен тақырып біздей пенденің өзімшілдігіне көне қоя ма! Мәселе, Үлкен ақын әуел бастан Үлкен тақырыпта кең толғап терең ойға түскен. Сөзіміз дәлелді болсын. Поэзия секциясының 1956 жылғы мәжілістерінің хаттамаларынан үзінділерді жалпы тақырыпқа байланысты болғандықтан, алынған дерек көздерін көрсете отырып келтірейік.
Алматы. Мемлекеттік мұрағат. Ф. 1778, оп.2, д.182.
Протокол ҚСЖО поэзия секциясы. Мәжіліс. 1 март 1956ж.
Жароков, Омаров, Бекғожин, Ергалиев, Молдағалиев, Мәуленов, Жармагамбетов, Сеитов, Шаймерденов, Ахтанов, Алимбаев, Адамбеков, Қайырбеков, Шаңғытбаев,
Күн тәртібі: С. Мәуленовтің өлеңдер жинағы.
30 бет. Бекғожин: «Тың жөніндегі өлеңдерді таңдап қана алу керек. Кей өлеңдері Сырбай қаламынан шыққан деуге болмайды. Сезімдер жоқ6 бір сыпыра өлеңдерде жасандылық басым. Белгілі бір жоспармен жазылған секілді. Өлең жоспарсыз жазылу керек».
Ғ. Қайырбеков: «18 өлеңін шығарып тастады автор.13 өлеңді ықшамдап өңдер».
Секция пред. Х. Ергалиев.
20 ноябрь 1956 ж. поэзия секциясы. Бюро мәжілісі.
Т.Жароков, Т.Орманов, Д.Әбілев, С.Сеитов- құрастырушылар.
Тың туралы жинақ- 6000 жол. 40 ақын қатысқан.
«Тың көтеруге келген тек Киевтен ғана болады. Заманымыздың ірі оқиғаларына қадам баса алмай келеді».
1956 жыл. 27/ IX. Поэзия секциясы. Жас ақын Т. Молдағалиевтің өлеңдер жинағын талқылау.
90 бет.
М. Қаратаев: «Әлі ақын бола қойған жоқ, үйрену жолында, әзір лирикалық өлеңнің тар көлемінде жүр».
Ж. Молдағалиев: «Тұманбайдың тақырыптық шеңбері тарлау, кеңейту керек сияқты».
С. Мәуленов: «Т.Молдағалиев болашағы бар, үміт күттіретін жас. Моральдік жағынан ұстамды, кішіпейілді.Қалам сілтесіне қарағанда лирик ақын сияқты. Тұманбайға ескертетін жай- үлкен тақырыптарға бару керек. Лирикалық өлеңдерінде – заман ағымы, дәуір картинасы көрінбей жатады».
Іс 298.
12.02.1958 ж. Қадыр Мырзалиевтің «Қанат қаққанда» атты өлеңдер жинағы талқыланды.
Қатысқандар: Ғ.Орманов, Д.Әбілев, М.Әлімбаев, Т.Бердияров, Қ.Мұқышев, Т.Молдағалиев, Ш.Мұхамеджанов, М.Байсеитов.
Д.Әбілев: «Қадырдың өлеңдері жақсы. Жаңа теңеулері, өзіндік ойы бар, ұсыну керек. Бірақ тақырып шеңбе