Жаңағы өлеңнің бірінші шумағында Жұмекен «Жаңа күн жағадан ап жыртады Шуваштардың даласын» деп аударған. Жаңа келген жаңа күн жақсы болса даланы жағадан алып неге жыртады? Қазақ тілін еркін ерекше меңгерген ақын емес пе Жұмекен, әрбір сөзді қисынына қарай қолданатын. Қазақта жаға сөзіне байланысты ұғымдарды тізбелеп көрейікші: «Жағадан алу. Жағаға жармасу. Жаға жыртысу. Жағасын ұстады. Жағасы жайлаға кетті. Жаға буды болды. Шет жағасы. Жағалы киім. Жағасы кеңіді. Бір жағадан бас. Бір жеңнен қол шығарды».
Жаңағы талданған сөз тіркесін қолдану арқылы Жұмекен жаңа күннің жақсылық та әкелмегенін меңзегендей. Жұмекеннің мына сөзіне көңіл аударыңызшы: «...бұларды сәл қысыңқырап ұстамаса жағаңды жыртып, шұлғау етуден жүз жанбас».
Жағадан ап жыртудан бұрын жаңа күн шығады - алтын шапақ таласып.
Талас. Таласу. Тартысу. Дау, керіс.
Түрен жүзіне неге жасыл ойнатты. Жасыл дегеніміз жасын, найзағай, жай оты емес пе. Жасын жазықтыға да, жазықсызға да бірдей түсе бере ме?
Тоңмойын - өз айтқанынан басқаға көнбейтін бірден бір, қыңыр.
Әйтеуір, осындай сөздерді пайдалануда Жұмекенде біз ойлағандай мән жатыр. Талдау түзу түзілді. Сеспель мен Жұмекен өлеңді жазғанда басқа ойда, көркем шешімі өзгеше дерсіз, алайда алғашқы ойдан алшақ кетті деп тағы да айта алмайсыз. Оған ешқандай да хақымыз жоқ. Жұмекен өзі өлеңді ұғына біл, әр теңеудің ығына ой тоқтатар оқырман бол демеп пе еді. Жұмекен аудармасы мен басқа өлеңдерін салыстыра отырып осындай тұжырымға келеміз. Өлеңнің желісі осыған саяды. Бұндай талдау ақынды, оның жан-дүниесін, өзіндік әлемін түсінуге талпыныс.
Мұрағатта кездестірген Қазақстан жазушылар одағының поэзия секциясының 1963 жылы 6 қыркүйекте өткен мәжіліс хаттамасы Жұмекенді түсінуде оның жан-дүниесіне, жүрегіне үңіле білу қажет екендігін ұғасыз. Сол күнгі жиынға қатысқандар: Қалижан Бекхожин, Сырбай Мәуленов, Аманжол Шамкенов, Ғаббас Жұмабаев, Тұманбай Молдағалиев, Әбіш Кекілбаев, Мәдеш Ниязбеков, Жұмекен Нәжімеденов, Сабырхан Асанов, Қайрат Жұмағалиев.
Күн тәртібінде: Ақын Жұмекен Нәжімеденовтің жаңа жинағын талқылау.
Баяндамашы – ақын Т.Молдағалиев: «Ақынның бұл жинағымен былтыр танысқам. Биыл жаңадан Москва циклдарын қосыпты».
Ғ.Жұмабаев: «Жұмекен байсалды, ойшыл ақындардың қатарына қосылып қалғаны байқалады. Өлеңнің әрбір шумағында үлкен ой айтуға талпынады. Бұл қуанарлық жай. Әсіресе философиялық ой толғаулары қатты ұнады. Жұмекенде афоризм боп кететін жолдар, шумақтар кездеседі (мысалдар келтіреді. Хаттамаға түсірілмепті).
Жұмекен өте скромный ақын. Біз жылы сөз айтқанға дандайсып кетпеуге тиіс. Сонсоң Жұмекен форма жағынан көп ізденеді».
Қ.Бекғожин: «Бұл жинақ - жақсы жинақ. Жалпы, Жұмекен өлеңдерінде күйректік (сентиментальность) байқалады. Бұл сақ болатын жайт».
С.Мәуленов: «Бұдан бес-он жыл бұрын болса мұндай жинақ жайлы әңгіме басқа болар еді. Үлкен үміт күтетін ақынға қойылар талап та зор. Жұмекен терең ойға беріліп, ерте қартайып барады. Бұрқанып, сілкініп, ұшқындап, найжағайдай жарқ ете қалу аз».
Қаулы: Ж. Нәжімеденовтің «Өз көзіммен» жинағы баспаға ұсынылсын.
Мәжіліс ағасы: С.Мәуленов
Хатшы: Қ.Жұмағалиев.
Осы хаттамада аса көңіл аударалық сөз С.Мәуленовтің сөздері. Неге әңгіме басқа болар еді? Сырбай ақын нені меңзеп айтты екен?
Жұмекеннің ерте қартайып бара жатқанын қалай аңғарған? Терең ойға берілу. Жұмекен мінезіне сипаттама берілген. Жұмекен өзі не дейді екен осыған:
«Даңқтың, даудың, дақпырттың
Ық жағын алып келіп едім.
Бейне бір шөкім ақ бұлтпын,
Қуаламашы, жел, мені.
Қалықтайыншы аз уақыт,
Ақша бұлт екем бір ұрттам.
Қанатымды от қып маздатып
Бір көрінейін ымыртта.
Жап- жасыл көкте ақ мең боп
Көрінейінші мен жұртқа.
Күркіл мен жарқыл жоқ менде,
Нөсер де күтпе сондықтан.
Қарайын саған,кең өлкем,
Биікте тұрып қарайын.
Тоқымдай ғана көлеңкем
Төсіңде жатсын қарайып.
Жайыма, Тағдыр, қарайла,
Төкпесем нөсер қалшылдап,
Тама алмай жүрген талайдан
Тарыдай ғана тамшым бар».
Мына өлең жолдары сол күнгі әңгімеден кейін туған деуге толық негіз бар. Бұл өлеңнің туған күнін 1963 жылдың 6 қыркүйегі деп белгілеу жөн. Жаңағы С.Мәуленов, Қ.Бехожиндай ақын ағаларының сөздерін жан жүрегінен өткізбеуі мүмкін емес. Жұмекен қазақ поэзиясына келуін межемен 1954 жыл мен 1956 жыл аралығы деп қарастырсақ небәрі он жыл ішінде жас жігіттің қартайып бара жатуы тым-ақ қиын екен. Және де оның себебін Сырбай ақын қалай анық, айқын көрсеткен. Үлкен ақын, азамат, соғыс ардагерінің баласындай ақынды бағалауы қандай десеңізші. Түсінумен бірге аяушылық, Жұмекеннің тағдырына ара түсушілік сезімі сезіледі. Екеуі де Қошалақ құмынан шыққаннан ба? Жұмекен Атыраудың Қошалақ деген ауылынан. Құмды ауыл. Сырбай ақынның туған жері Торғай ауылының маңында орналасқан құмның атауы да - Қошалақ. О, қандай ғажап сәйкестік: Қошалақтың қос қыраны. Қостанайдың Қошалағында ХІХ ғасырдың орта кезінде Кенесары ханның ордасы болған. Жаңағы Сырбай ақын сөзі өз заманын жақсы бі