«Сап-сары дән, сары дән-
Көрген көзді сары жездей қарыған.
Сарғыш сәуле қатыпты да тас болып
Сарғыш дәнге айналған?
Күннің сарғыш сәулелері үзіле
Тамып жатыр сарғыш дәннің жүзіне—
Алтын дән!
Жердің төсі- жасыл тамыр толқынды,
Жапырақтардың білеу- білеу тамыры—
Табиғаттың әмірі...
Дәнде бүкіл геометрия табысқан,
Дәнде- күннің логикасы данышпан
Ақ сәуледей жып-жылы
Байланыс бар керемет
Дәнмен осы арасында қарынның,
Қара мақпал түн қойнынан
Жарқын сәуле ағып тұр
Сап сары дән жинайды кеп
денесіне жарықты
Күн де өзінше жүрек қой,
Бүкіл дүние – кеуде бір,
Сап-сары күн көтеріліп келеді,
Сәулесі оның – сары жіп
Жабады Жер арқасын,
Бүкіл әлем ұстап жатыр сол жіптен
Сәби құсап, уыстаған
Анасының сары шашын.
Мен жырлаймын әлемді осы, ақылды,
Менің ақылымсыз ақ.
Жақсы өлеңді тынбай жазып, қатырды
Ақындарды күншуақ.
Мен егінші, не бір ақын болайын,
Жарқыратып себем дәннің жұлдызын.
Лапылдайды дән- дағы,
Қырман – қызыл, күн – қызыл,
Көз ғой- менің жарығым,
Содан кейін... еңбегім,
Мыйдың өзі.. сиып тұрған әр ұғым—
Күннің – күні жарықтардың жарығы».
Лапылдаған дән, бидай үйілген қырман... көбіміз көрген көрініс. Жұмекен дән сөзін өзінің шығармасында біршама енгізген:
* «Дәрі сынды болған кезде дән үнем».
* «Енді дән жоқ бұ қартта! – дейді тағы кемпірі».
* «Дән секілді моп-момын».
* «Жаса, жаса, қауыз жарған жаңа дән,
оттан жаңа суырылған таба – нан!
Дәннің дәмі,
нанның ғажап иісі бар –
жаңаның да, даланың да өзі иісі бар.
Кім біледі дәмнің өзі күй шығар,
иіс те бір күй шығар».
* «Туып ем бауырында кер төбенің,
Сондықтан дәнім пісті ерте менің».
* «Сұлу дән».
* «Дән теріп даласынан дана ақылдың қабына салып кетті мәңгіліктің».
* «Бір түйір дән аунап түсті құмдағы».
* «Ілияс еккен ақ бадана сөз дәнін».
* «Егіп кетсе сөз үнін».
* «Бидай ақтап жатқандай бұрқырайды құм үсті».
* «Құм шағылдар үйілген алтын қырман секілді».
Содан кейін... еңбегім дейді Трофименко-Нәжімеденов. Еңбек астарында ерлік, аржағында ел аңсаған еркіндік. Сеспель-Бәйшешектің өлеңін аударуда Жұмекен өз жанынан оның өлеңіне өз ойын енгізіп байыта түскен. 1920-1922 жылдары жазылған өлеңде анық, айқын айтылмаған ойды Жұмекен асқан шеберлікпен, көрегендікпен келістіріп жіберген. Жаңа күн келді, рас. Егіні оның пісер. Жетілер. Міне, сол кезде жаңа күн емес, өзге жыр, өзге өмір өсіп шығар дейді Жұмекен. Сол өмірден шыққан қызыл нұрды жұлдызға баламайды. Ақын қызыл нұрды жұлдызға балағысы келмейді. Жұлдызды нұрдан қаралау санайды да, ол нұр күй болып күмбір-күмбір ағар-ау дейді. Және де ақырында деген сөзді пайдаланады. Шумақтың соңғы жолында «ақырында» сөзін қолдануы оның айтпақ ойын білдіреді. Ақырында деген сөз: аяғында, соңында, түбінде сөйтіп, сонымен, не керек деген мағыналар білдіреді. Революция соңынан эволюция жолымен тәуелсіздік, егемендік келуі керектігін білдіреді. Сөздердің орындары осындай ойдың қисынын қиыстырады. Бұндай талдау жасауға Жұмекен шуваш, орыс тіліндегі «интернационал» деген сөзден бас тартып, күмбір-күмбір күй ағызғаны да себеп. Бұл жерде қазақ ұлтына ғана тән күй өнерін таңдап ұлттық мемлекеттің сипатын белгілейді. Революциямен туған жаңа күн өзімен бірге өзге өмір, өзге жыр шығатын негіз әкелді. Бөтен, басқа, бөлек жыр мен өмір. Тіршілік өзі өзгеріп тұратын құбылыс. Тоқтау, толас жоқ бір қозғалыс. Өмір заңы өзгеріс, даму, өсу. Мәңгілік ұғымы өзгерісте. Уақыт өмір өлшемі. Біз басқамыз, өзгер өмір. Өлеңнің бір ерекшелігі, Сеспельдің айтқаны келіп Шуваш ұлтының ұлы Андриян Николаев космосқа ұшты, алтын күнді киімімен жарқырап. Тәуелсіздік таңы атқанда Тоқтар ұшты космосқа. Адамзаттың ғарышқа құмарлығы қайдан шыққан. Аспан бізді неге шақырады? Түп иемізді көксеуден бе? Оған қайтпақты ойға алғаннан ба? Аспан несімен қызықтырады адам-қыранды?
Арман, үміт, өмір жетелейді жаратқанға. Аспанды тесейік, әрі біз өтейік, ақтарып ішкі сырды бір көрейік. Бір аллағ