Теңейді кімдер маскаға.
Еді ғой таңдау талайғы:
/...Алма жүз... қыйғаш қас қара.../
Бояуда бәлкім тұр өңің
Қажет пе маған ол жағы?!
Өзіме деген жүрегің
Боялмаса болғаны» (Лениншіл жас газетінде 1956 жылдың 17 қарашасында «Таң сәріде» атты өлеңмен бірге жарияланған, Қарағанды топырағында туған өлең).
Нәсіп апайдың Жұмекенге деген жүрегі ешқашан боялмаған. 1957 жылы Мәскеуде өтетін бүкіл дүниежүзілік жастар фестиваліне бармай Жұмекен сағындым деп аулына Қошалаққа, ғашығына оралған. Жұмекен Қарағандыдан жазған хаттары Нәсіп апайда әлі күнге дейін сақталуда. Балалық махаббат мәңгі махаббатқа айналған неткен саналы сезім.
Жол бойы шахтаның тар, қапас забойларынан шыққан жас қазақтың Ата жұрттың кеңдігіне тағы бір мәрте көзі жетті. Қандай кең, мейірбан адам Кенжин, шахтада тағы да бір жыл жүріп өнерде Жұмекен кенжелеп қалмасын деп мерзімінен бұрын құлдықтан босатып, басқаларға кеңшілік жасатқызды. Ақиқатына келгенде еркіндік жоқ жерде қызмет еткен іс құлдық емей немене? Әлеуметтік әділдік жоқтығы адам адамды қанауға апаратын тура жол ғой. Өзі де алғашқы рет 34 жасында Ресейдің Свердловск-Екатеринбург қаласындағы Қазақстан-Орал өндірістік Академиясына оқуға түскен. Оған дейін бастауыш, орташа, жоғары оқу орындарында дәріс алмаған адам 4-жылдық академияны үздік бағамен бітіреді. Көрдіңіз бе, Кенжиннің Жұмекен айтатын мықтылығы қайда жатыр. Оқу, білімде, қайрат, жігерде. Мықты мінезде. Кең болсаң осындай кемелдік, көрегендікпен кең болған үлгі, өнеге. Кенжин кемел кеңдігінен қателескен жоқ. Өзі де, Жұмекен де қазақ өнеріне адал және қалтқысыз қызмет көрсетті. Кең деген сөзді Жерге қатыстыра Жұмекен шетсіз, шексіз кеңістік, кеңдік ретінде қолданып отыр. Тарихи, рухани кеңістікті, кеңдікті көздеп, көркемдеген. Ақын «жер» сөзін келесідей пайдаланған:
* «Жер! Жер!».
Әділетсіз тіл «қара» атаған жаһаннат жасыл мекен! Алланың да, періштенің де түсінік-түйсігінен бөлек, өз табиғаты, өз жолында, өзі жайлы үстем, тәкапар аспанның не сот, не үкім құрарымен ісі жоқ, былайғы болмыстан бейхабар сұлу дүние көгілдір болашағына қарай тоқтаусыз заулайды.
* «Жер қатпары ми қатпарына ұқсайды,
О, не деген құнарлы едің ми біздің».
Жұмекен өлеңі жолдарының мағынасы терең-терең қазына. Мол кеннен мағына - қазынасын қазып ала алмай қиналып, қиын болған қиын. Жұмекен қиын ақын емес, біз өзіміз қиынбыз. Біз қазақ ұлты кең болсақ тарихи, рухани кеңістікпен, кешірімді бола білумен кең халықпыз ғой. Ақын соны меңзеп жазған. Жұмекеннің атақты өлеңін алғашқы программалық өлеңі деп қарастырған жөн. Осы өлеңімен Жұмекен ақын, азамат, адам ретінде бүтіндей, бар бітім болмысымен бірден келді қазақ поэзиясына. Тума талант тура жол таңдап, таба алды. Өз халқын, ұлтын жете таный, ұға білді. Қазақ ұлтының, халқының мінездемесін бейнелеп, сипаттады. Қазақ ұлтының рух-болмысын білдіретін жан-жайлауын суреттеді. Кейінгі поэзия мен прозасында осы өлеңнің ықпалы, негізгі идеялары мен өрнегі көрініс табады. Бұл өлеңді Жұмекеннің программалық өлеңі деп атауымызға дәлел ретінде оның 1969 жылы шуваш ұлтының ұлттық ақыны Михаил Кузьминнің (1899-1922), лақап аты Сеспель-Бәйшешек, программалық саналатын «Жаңа күннің алқабы» атты өлеңін аударуын атасақ артық емес. Шуваш халқы осы өлеңді басқа ұлт тілдеріне аударуды өтінгенде әртүрлі ұлт ақындары өз тілдеріне аударып, бұл өлең әлемнің 50 тілінде жеке жинақ болып шыққан.
«Таңның нұрын балқытып, содан құйған түрен бұл
Күн көзінде жалтылдап билеп-ойнап жіберді.
Шықты,міне, Жаңа Күн- алтыншашақ таласып,
Жағадан ап жыртады Шуваштардың даласын.
Түреннің жүзінде жасыл ойнап келеді,
Бораздадан боразда асып ойнап келеді,
Шубаштарды өткен бір қасіретті ғасырын,
Аударылған топырақ қалып жатыр жасырып.
Жалт қарайды Жаңа күн: оның алтын түрені
Тоңмойын ту даланы ту сыртынан іреді
Аунап ағып ақ бұлақ көк алқапқа сергіген,
Сүйіп-сүйіп алады қара тастың ернінен.
Жалт қарайды Жаңа күн: оның болат саусағы
Ескілікті бүйірден бүріп еді- қаусады,
Мың-сан жұлдыз жыпырлап шөп басына ілінді.
Шебер екен Жаңа күн: байтақ жердің бүгінгі—
Қоңыр- көрпе қырларын жайып тастап келеді,
Алтын ине- алтын нұр, қайып тастап келеді.
Жаңа Күннің егіні пісетін де кез келер,
Сонда жердің қойнынан қуат құйып көзге бір,
Өсіп шығар өзге жыр, өсіп шығар өзге өмір—
Содан шыққан қызыл нұр жұлдыз сын-ды, жанар-ау,
Жо-жоқ, жұлдыз емес-ау, жұлдыз одан қаралау,
Ақырында күй болып күмбір-күмбір ағар-ау.
Құдіретті жүрекпен Жаңа Күнді жете ұғып,
Кеңістікті көгілдір кеудесімен көтеріп,
Мың күннің борышы бір күнімен өтеліп,
Халқым Шуваш қарар-ау масаттана жөтеліп-
Сонда күліп Жаңа күн арқасынан қағар да,
Шуваш бақыт тапқанын бар әлемге хабарлар».
Алғашқы бағдарламалы өлеңін талдауда, түсінуде Жұмекен прозасы да көмек береді. Жұмекен поэзиясы мен прозасын, аудармасын бір бірінен бөліп қарастыруға болмас, олар өзара тығыз байланысты, бір бәйтеректің тамырларындай. Бірақ, бұдан Жұмекен өзін өзі қа