айтуда тарихи негіз бар. Бар халықта, оның ішінде қазақ халқында әркез гимні, ән-ұраны болған. Ол тарихи, табиғи үрдіс. Жұмекеннің Мәди Бапиұлының «Қаракесек» әнін жақсы көріп, сүйіп айтқан тілге тиек еткен едік. Ахмет Жұбанов Мәдидің әнін музыкалық тұрғыдан қазақ халқының гимні деп бағалағаны белгілі. Жұмекеннің табиғатынан музыкант, ақын, әнші екені толық дәлелденген. Онда неге Жұмекеннің жан- жүрегінде, көңіл-көкірегінде гимн әуені Шәмшімен кездескен уақытқа шейін тұнбасы. Бұл арада қазақтың сүйікті қос талантының мүмкіндіктерін бір-біріне қарсы қою ойы жоқ. Қайта осы екі қайсар қос таланттың консерваторияға бір жылы түсіп, дос болғандарын, түсінгендерін айтып, бағалау басым. Екі қазақ бір бірімен дос болып қазақ ұлтына ғажайып ән әкелді. Үлгілі, өнегелі, классикалық дүние. Екеуі де музыка мен поэзияның классиктері. Өмір мен өнер құбылысы. Қайталанбас, қайтпас, ешкім аса алмас асылдар. Өнерге өмірін құрбан еткен қазақ ұлтының қаһармандары. Жұмекен де, Шәмші де жазбаша түрде әннің дүниеге келуі тарихы, уақыты жөнінде ақпарат бермей кеткен. Өкінішті. 2001 жылға дейін Жұмекен өлеңінің екінші шумағы жарияланбай, ешбір жинаққа кірмей жүруінде бір гәп бар сияқты. Жұмбақ- сырдың бір шешуі, «Менің Қазақстаным» өлеңінің екінші түрінің болуында ғажап емес. Ол Ш. Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» атты кітабінде, Алматы, Өнер баспасы. 1981 жыл, келтірілген мәтін:
«Менің Қазақстаным»
Өлеңін жазған Ж. Нәжімеденов.

Алтын күн – аспаны,
Даласы- алтын дән.
Қырандай жастары
Қияға талпынған.
Жайқалған орманы,
Жап- жасыл көлдері,
Ел даңқын қорғады
Еңбектің ерлері.

Менің елім, менің елім,
Көз тұндырар жерің егін.
Партияның аясында елім,
Қазақстан- менің Қазақстаным.


Бес жылдық жоспары-
Бес қырдан асқаны.
Жаңалық достары
Біздің ел жастары.
Алтын күн азат күн
Жаңғыртты жотаны.
Осындай қазақтың
Советтік отаны».
Енді екі мәтінді салыстырып көріңіз. Қандай айырмашылық. Мына мәтінде орден де жоқ, қазақ та жоқ. Дән егіп терлеген мықтылығы да жоқ. Ең бастысы, поэзиялық идея жоқ. Шаттық, шаттану, аттану, шалқу, идеал жоқ. Негізгі, ел таныған, қабылдаған, Жұмекеннің жинағында жарияланған, алғашқы рет ән боп айтылған мәтінде идея, адамзаттық симфония саңқылдайды. Музыка мен идея қосылып ләззәт беретін, жан дүниеңді тебірентетін шынайы өлең ғана поэзия. Сондықтан да бұл әнді сүйеміз. Сүйкімді, сүйікті ән.
1956 жылы орденді Қазақ Советтік Социалистік Республикасына берді. Жұмекен де таза қазақ. Партия, Совет туралы бір сөз жоқ. Екінші мәтінді кім жазғаны белгісіз. Алайда алғашқы, түпнұсқаға сәйкестіріліп жазылғаны көрініп тұр. Тапсырыс пен мәжбүрлеу арқылы жазылғаны білінеді. Бесжылдық жоспар, партия. Бес қырдан асқан деген жауыр болған сөз. Советтік Отан, көшесі де, үйі де жоқ. Жұмекен мәнеріне тән оқиға да, сюжетте жоқ. Ең бастысы, қайталап айтсақ, идея, рух жоқ!
«Әр күн сайын жаңа идея, жаңа аңыз,
Біз жансақ, тек идеямен жанамыз!».
Жұмекен жазған, жанартау боп атылған ұлттық идея жоқ, жаңағы сөз болған екінші мәтінде. «Менің Қазақстаным» әнінің нәрлігі, әлдігі, әрлігі, әділдігі Ұлттық идея да жатыр. Тереңдіктің не екенін түсінетін Жұмекен өлеңнің алғашқы жолдарының өзін бірден тереңнен, тарих қойнауынан тартты. Өлең нұрын сонау ғұн, сақ, түркі биігінен таратты. Өлең тұнып тұрған тарихи сана, таным, тағлым. Көзі тірі қазақ ұлтының тарихы. Жаны мен күші. Қазақ ұлтының рухының жанды суреті.
Ақын айтпақ ойын өлең сөздерінің мағыналық үйлесімі арқылы бере білген. Өлеңінің бірінші сөзінен аңыз, ақиқат әлеміне әкетеді.
Сонау 1956 жылдың 22 қазан айында алтындай жарқыраған жапырақ, көктен құйылған күн нұрынан құбылып, құлпырып түрленгенде өлеңнің алғашқы жолдары Жұмекен жүрегінде түзілді:
«Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы».

...Қазақтың думанды бастағанын ол жол бойы поездан өз көзімен көріп келді. Есіне алғашқы рет 1955 жылы қыркүйекте Қарағандыға келе жатып көрген егіс алқабы түсті. Қошалақ құмындағы ақ шағылдай алтындай жарқырап жатқан қырмандағы астық. Шынында да, Қошалаққа бара қалсаңыз алдыңыздан алтын түстес жал-жал, төбе-төбе үйіліп жатқан қырмандағы күзгі бидайдай шағылдар шыға келеді. «Құм үсті бидай ақтап жатқандай бұрқырайды. Қошалақ тауының айналасы қобыраған жал-жал құм, жел көтерген жалы сынды жалғанның». Атыраудың Ашақ пен Қошалақ жағы тегінен тегін қыр елі деп аталмаған шығар. Сағымды, сайран дала, сал-дала. Ақын да сал-серідей бал-бұл жайнайды. Қарағанды көміріндей қап-қара қою бұйра шашы теңіздің толқынындай самал желмен таласады. Мәскеу байқауының белгісі де алтын дән болып кеудесінде жарқырайды. Қолында баяғы сол қазақтың қоңыр домбырасы, көңіл-көкірегінде Арқа әндері, жан-жүрегі ән салып келе жатты. Небір сырлы сезім, әуен, ән құйылады. Арман, үміт, қиял. Сағыныш, сүйікті, сүйкімді Нәсіп суреті:

«Аяулы менің жайтаңым,
Арыңды асыл білемін.
Ұнайды маған, байқадым
Жаныңдай жақсы мінезің.
Опа,