бірақ нақ бұл жолғыдай жыға мойындаған кезі болған еместі».
* «Әрі...Әрі Темірәлі сықылды мықты адамның, осындай жолы жығылып жатқан кезде ептеп кек алып, есе қайтарып қалу секілді, асыл жандарда болатын қарау, бықсық есеп те басына оралды».
* «Сейсімет қара қызметті жалқы да, көппеге бірге де мықтап істеген кісітің».
* «Өзі өз болғалы Кәмиләға бірінші рет мықтап өкпеледі».
* «Бекеңнің де үлкен қаупы бар. Ол – халық алдында қарапайым, кішік боп көрінуден мықтап қорқады».
* «Бұл осыған мықтап намыстанып еді».
* «Шын мықты болса әндерін жұрт айтып жүрмей ме?».
* «Үлкен кісінің мықтап қартайғанын, ағайын-туыстың кісілік қайырымына ғана сеніп тастап бара жатқанын ойлағанда бүкіл іші-бауыры езілгендей болды».
* «Демек, ол да сенен артық, сенен мықты.
Өзіңнен мықтыны қорғап нең бар, әй?!
Ой, есектің миын жеген көкқасқа».
* «Тек, жіңішке, мықты шек саусақтарын қиып тастапты.
* «Арасында мықтап бір үн бар».
* «Садықжанов «Қылмыс пен жазаны» тұңғыш оқығанда Раскольниковті мықтап жек көрді».
* «Жігіт мықтап күйзелді».
* «Сондай болып бір жауарсың мықтасаң».
* «Мыс дегенің мықты ғой қаңылтырдың қасында».
«Известия» газетінде жарияланған тарихи жарлықтың «мықтап» сөзіне қатысты орысшасы да жақсы шыққан. Онда астық өндіруді мықтап арттырғаны үшін деген сөз тіркесі былай келген: елеулі, мағынасы маңызды, байсалды түрде арттырған. Салмақты адамдардың татымды ісі. Екі тілде бірдей үйлесіп, үндесіп бір ұғым - Қазақ мықты деген Жұмекеннің бағалауы шығып тұр. Тарихи баға. Қазақ халқын бағалай, түсіне білген Жұмекенді толық таныдық па, түсіндік пе, түсіне аламыз ба:
«Көмір қаздың,
Күй шерттің талай-талай-
Не еліктей алмадың, не қайталай,
Даралығы да емес- ау бұл тұлғаңның,
Қырсығы емес өзіңше ұмтылғанның,
Бір жұмбақ бар, мен үшін, елес мүлде-
Түсінбейді сондықтан сені ешкім де!
Алашадан-
Атадан қозғағанда
Тумысың да жат емес өзге адамға,
Бірақ сені өзімсіп ешкім,
Ешкім
Сөйлегенін мен ғұмыры естімеспін!
Себебі, сен бір түрлі,
Бір түрлісің,
Жүрегің – тас,
Секілді сыртың мүсін.
Сені ұқтырам демеймін мұны айтқанда
Жағымпазға,
Жалқауға,
Суайттарға.
Сөзім бардай тіл- ұшы таңдайымда,
Ойламайын десем де сен жайында-
Қиялымды келбетің түртіп тұрар,
Сиқырың бар бір түрлі ынтықтырар.
Көңілдендің сен мүлде ерек бүгін,
Жұрт секілді,
Сен де іштің- өрепкідің.
Сезем, сен де бізге ұқсап күлмек болдың,
Сол ниетіңнен көрінді бөлектігің.
Әзіл айттың, кейідің талай- талай,
Бездің бізден,
Еліктеп, не қайталай
Алмадың сен ешкімді,
Содан- дағы
Бір ортақтық сенен де таба алмады.
Бірге жүрдік бірталай мекенге ұшып,
Төбелесіп көрдің сен шекең де ісіп.
Өзіміздің жігітсің,
Он досының
Ортасында отырған бөтен кісі!
Өлгеннен соң көрінер өтімді ісі,
Бөтен кісі, сен жалғыз жетім кісі!
Сен – уақыттың алдына түсіп кеткен
Радио-сигнал секілдісің».
«Аты жоқ» өлең деген туындысында Жұмекен өз бейнесін прототип қылып алған сыңайлы. Замандасы ортасында ол да бөтен. Себебі таланты, тумысы бөлек. Ісі өтімді. Оның тірі жүріп жер басып жүргенінен өлгені жақсы оларға. Жалғыз. Жетім кісі. Ешкімді қайталамады. Өзімен өзі болды. Қазақтың қара өлеңінің көмірін қазды. Өлең лавасынан ғажап үндер алып шықты.Небір күй кешті, сыр шертті. Ұқпады. Ортасынан бөлек, бір түрлі болды. Құбылмады. Өзгелер өзім дей алмады. Уақыттан озып, өнері мәңгілікке кеткен жұлдыз Жұмекен.
Жұмекен атақты жырында мықтылықты неге бір ғана қазаққа теліп, мықты деп қазақты айтып отыр. Бір миллиард пұт астыққа басқа ұлт пен ұлыстардың өкілдері де қатысты емес пе. Сөз жоқ, тыңға елдің бәрі ат салысты. Алайда, барлық салмақ, жүк қазақ халқына түсті емес пе? Қаншама мыңдаған адамдарды қабылдады, өзі ығысып жайлауын, көлін-жерін берді. 1948-1956 жылдары арнайы құрылған ауылшаруашылық училищелерінде оқытты, тәрбиеледі, үйретті. Оның бәрі қып-қызыл еңбек, ерлік қой. Мықтылық. Мылтықты адамның мысы мұқалтпаған мықтылық. Қазақ шыдады, төзе білді. Тыңда тізесінен тік тұрды. Жеңіс туын желбіретті. Ұлт Жеңісінің жемісін Жұмекен басқаларға неге берсін.
«...Берем десең, құдірет, жақсыларға сыйды егер,
ерліктерін- түзге бер,
берекесін- үйге бер,
жеңділерге- білек бер,
жағалыға түйме бер,
жеңіс берме жаманға,
жеңсе жаман үйренер?
Жаман үйренгені сол жия алмай жүр хан есін,
әділеттің жоқтығы- күшейткен ғой дәмесін!».
Тағы да әділеттілік талап етіледі. Жеңістің өзі жаманға берілуі әділетсіздік санайды. Құдіреттен жақсыларға жақсы істер бұйыруын қалайды.
Ұлы Отан соғысы кезінде, одан кейін де біздің қазақ ақындарына сендер неге тек қана қазақ туралы жазасыңдар деп кінә қойылған. Қазақтың ерлігін айттырмауға осындай құлшыныс болған. Тұңғыш жеңіс туы Рейхстах төбесіне қазақ Қошқарбаев тіксе де, атағын басқаларға берді. Қазақ қаһарлы жылдары қан кешпесе «Жас қазақ» әні туар ма еді? Қазақ елінен, жерінен, қарындастан айырылмаса «Елім-ай» әні тумас еді. Тыңда таңғажайып ерлік етпесе «Менің Қазақст