ған қызыл
ала жастыққа жантая салды. Ірілігін, Сейсіметке қарағанда, маңыздылығын көрсету
үшін ғана жантайды. Сейсімет басқармаға жолыға алмай қалғанына шынымен өкініп:
«қап, қап» деп қояды. Ол «қап» деген сайын Сисенбай: «е-ее», «-ммм» деп
ыңыранады. Бір мезгілде бүгулі тізесін жазып жіберді. Шалқасынан жатып алып ұза-
ақ керілді.
– Басқарма біздің кемпірдің күбісін ортайтып кетті білем. Қымызды сұрап ішті.
Еркелегені, өзімсінгені ғой. Әйтпесе ас таба алмай жүр дейсің бе? – Темірәлінің
қымызға ернін тигізіп қана қойғанын «қымыздарың сүт қой әлі» дегенін кемпір де
естіген-ді.
– О-ой, қарт-ай, не керек сондай сөз, қойшы енді,– деп жалынды. Сейсімет:
– Қап! Ақылдасатын қиуай шайуа бай еді,– деп қайталады. Сисенбай шалқасынан
жатқан күйі, Сейсіметке жүзін ғана бұрып:
– Со-ла-ай, шырақ Сейсімет,– деді. Онысы: қайтесің қиналып, болар іс болып
қалды. Басқа айтарың болмаса, қайта бер дегені. Анау шығып жүре берді. Айнала ыс-
ыс, гу-гу етеді: жел манағыдан да күшейіп кетіпті. Үйдің іргесінен басталатын қалың
қияқ алқабының беті күнбатысқа қарай үлкен-үлкен толқындар боп кетіп жатыр. Бір
алапат нөпір қол жүгіріп барып жата ғап, жүгіріп барып жата ғап солай қарай
шабуылға шыққан секілді. Түс қайтып қапты. Аспанның түсі де бір түрлі құла-боз,
шаңыт. Күн қораланып тұр. Жел де қазандықтың аузынан соққандай, ыстық дем бар.
Сейсімет Сисенбайдың үйінен шығып, көранасының алдына тоқтады. Қолын
көлегейлеп Ерназар шошағына қарады. Шошақ үйден жарты шақырымға жетер-
жетпес жерде-тін. Жел осылай соға берсе шағылды түгелімен суырып әкеп осы ауыл
отырған сайды жым-жылас тегістеп кететін сықылды көрінді.
– Қап! Қап, қайашы енді мына қисықты!– Мана таңертең, атына мініп Әжекең
ауылына кете қойып еді. Барса қарт үйінде жоқ екен. Қанипаның үйіне кірді. Бір топ
адам карта ойнап отырған. Картаны көрген соң Сейсімет айналсоқтап шыға алмай
қалды. «Жиырма бір» ойнады. Қалтасында аз ғана тиыны бар-ды, әп-сәтте ұтылып
шықты. Қарызға ақша сұрап, Қанипаға жалынды. Амалы құрып, қуып келе жатқан
түлкісі кіріп кеткен іннің аузын бағып тыпырши қыңсылаған тазы құсап, карта
ойнаушылардың жанында отырды да қойды. Карташылар мұның отырысын басқаша
түсінсе керек, біреуі:
– Жас жігіт, сен кете алмай отырсың-ау деймін. Үйге барғанда шешең ұрсып жүрер.
Мә, ақшаңды қайтып ала ғой,– деп бір уыс ақша ұсынды. Сейсімет ренжіп қалды.
– Сіз үйтіп қойламаңыз мені. Мен қайтаның қадиін білетін жігітпін. Күте
тұйсаңыздай үйге байып қайжы алып оялам. Әйтпесе, мынау да ақшаға келген нәйсе
ғой...– деп, үстіндегі немістің көк бешпетін көрсетті. Іштеріндегі бурыл сақал адам
шошып кетті:
– О не дегенің, шырағым. Біз ондай құмарпаздық жолына түскен кісілер емеспіз.
Азаматты шешіндіріп алу деген... болмайтын іс. Өзіміз асығыспыз. Біздікі әншейін
ермек ету. Тағы да бір кездесерміз, тірі болсақ. Ақшаңды ұтып алғанымызға ренжіме.
Бұл орыс ойыны ғой,– деді Сейсімет өзін азамат атағанға мәз боп, жадырай қойды.
Дегенмен ойнағысы кеп-ақ отыр. Карта ойнаушылардың жанында әркімнің қолына
бір қарап, ақшасы жоқ кісінің айналсоқтай бергені онша жараспайтынын, әр-берден
соң ұтыла бастаған біреудің ызасына тиетінін бұл жақсы білетін. Ақыры, шарасыздан
инабатын сақтауға мәжбүр болды: карташылармен барынша көңілді қоштасып далаға
шақты. Осы ауылға келгендегі негізгі шаруасы есіне сол арада түсті.
– Қаяғым, інім,– деді аттандыра шыққан Еділханға,– сен енді жігіт болдың. Бізде
ойақшы жетпей жати. Ояқ шап. Пішеншілейдің басқаймасы мен өзіммін. Өзім
қайауыма алып, баулимын. Әзиге әмиім жүйіп тұй!– Еділхан Сейсіметтің сөзін
артынан шыққан Қанипаға айтып ақылдасты. Қанипа:
– Еһе-һе-һе-ее, қырғын-ай, шаба алса шапсын. Еңбеккүн табады,– деді.
– Еңбеккүнді өзім жаздиам, өзім.
– Сонда... үйден барып тұрам ба?
– Үйден көп жей. Біздің үй – өз үйің ғой. Менімен биге жат!
– Жарайды! Келістім!
Еділхан қуана келісті. Оны көндіргеніне Сейсімет қуанды. Өзі-өз болғалы бастық
боп айтқан жалғыз сөзі, о да жерде қалмады. Бедел, құдірет деген осы да. Сейсімет
үйіне картадан ұтылғанын ұмытып, марқайып, масайрап қайтқан. Енді
Темірәлімен кездесе алмағанына өкінді.
Осы кезде Мәруә көранадан жүгіре шыққан; кең ақ көйлегінің етегін жел кеулей
көтеріп басына түрді...
6

Сәрсенбі күні таңертең Сисенбай қарт жүгенін алып атына кетіп бара жатты.
Қалғандары бір-бір шалғы-орақты иықтарына салып, ауыл сыртындағы қызыл
қабаққа жинала бастады. Сейсімет бастаған үш еркек әлсін-әлсін жұдырықтарының
сыртымен көздерін уқалайды. Әйелдер бастарына байлаған орамалдарының ұшымен
ауыздарын басып есінейді. Алты орақшыда екі балға-төс бар-ды. Екі адам орақ
шыңдауға отырды. Сейсімет, Еділхан, Ибрай... үш еркектің орағын, ауылдың тесілген
шелек, шәйнегін жамап, шебер аты шыққан Ибрай шыңдайтын болды. Екінші балға-
төске Сейсіметтің өзіне тете ағасы Арқалықтың әйелі Талшын иелік жасады. Сейсімет
жеңгесінің әйел басымен орақ шыңдағанын ылайық көрмей:
– Тәке, ояқты мен шыңдайын, мен тұйғанда қайтесіз,–а деп еді, жеңгесі:
– Ебің жоқ, жүз