ұтада, өзенде,
толтырады әркім жоқты, ортаны –
«табиғат бос қуыстықтан қорқады»,
Жапырақсыз ағашқа да жел берді үн,
орнымызға миллиондар келеді,
рақмет заңдарыңа сендердің,
бірақ әйел келеді ұшып,
Қыр, қабақты артқа тастап не түрлі,
ұйтқып ұшқан вагондардың соңынан
Сары жапырақ секілді...

СИНГАПУР САЙҚЫМАЗАҒЫНЫҢ ЖЫРЫ

Мені оңаша қалдырыңдар, ол аса
тамаша,
Ұнатамын асфальттағы ғажапты,
Қайда бірақ, уақыт шіркін аз-ақ тым!

Өз-өзіммен бола алмай-ақ қойдым мен,
бір секунтте орындаймын ойыныммен.
адамшылық міндетімді мен әлі.
Жаным менің жалаң аяқ қалады.

Мені жалғыз қалдырыңдар, ізімнен
Жүретұғын күтушісіз, мен әрі
Қуғындағы сормаңдаймын,
бұрандадан үзілген,
бірақ мұның бәрінен де жаманы,
Өстіп жүріп шаштың ағаратыны
Өсекшінің көзі алдында қадалған
біресе «дос», біресе «жау» боп алған...
Ескіше айтсақ, бір Құдайға тапсырып,
Мені оңаша қалдырсаңдар болады.

Айғақтары менің барлық күнімнің,
Көрдіңдер ғой туғанымды балаша,
Өлімді де бірге көрдік,
бүгін бір
Мені жалғыз қалдырыңдар оңаша.

Қалдырыңдар мені жалғыз тоғайда
Сендер жайлы емес көз жас, уәйім,
Жанды егілтіп адам жоқта маңайда
Сарқылып бір жылайын!–
Қайың жатыр жолақ та
бір түбірге басын сүйеп дарынды,
Күн шуағы жуып тұрды соны аппақ.
Көрдіңіз бе – бір туысым табылды!

Көз түк көрмей, шыққан жандай түрмеден,
Шығам мен де күлкі астына қарлыққан.
«Санузелге салғандаймын жанымды,
Жүрек айныр сасық иіс, тарлықтан.

...Ақындар мен бұлбұл құстар не түрлі
Сондықтан да қасиетке бара-бар,
тазартудың құралдары секілді,
демек, махаббатқа да ем бола алар!
Ал, жүректе қаңраған бос кеңістік,
алмазды үштіктің біріне теңгерген,
Жан жуылып тазарды енді, емделді,
не көрмеді ол сендерден».

КӨЛ ЖАҒАСЫНДА

Менің бойдақ тұрмысыма жүгіріп,
Кірдің-дағы өшірдің сен шамды үріп.
Сұмдық шаттық жайлап алды көңілді,
ойланудың өзі сұмдық көрінді!

Ояна кеп күбірлеймін:
«Жасасын
Қан қызуы, жүректердің ыстығы,
Жаңбырдан соң қатып қалған джинсиді
перламутр-бояу ұрды ышқынып.
Баққа шығып, терезені жабам жай,
Ұстара үні саған естілмесін деп.
Сенің бөлмеңнен шығады бауы оның.
Күзге таяу кез еді ол көңілді
Ойланудың өзі сұмдық көрінді.
Бостандығың – құбырға ұқсас бос қуыс,
ал, махаббат – қанаушы бір өкімет.
Сенсіз шулы тіршілігім емес түк,
Ол да қуыс мазмұны жоқ, беті жоқ.
Ол түйсік те ағып кетті бақтағы,
арықтағы сумен бірге ылайлы...
Көңлім соны аңсайды да жылайды,
Ойланбаудың өзі кейде ұнайды.

ҚҰМЫРСҚА

Арғы беттен жүзіп келді ол менімен,
адасып кеп, қайығыма жармасып.
Оны бірақ қоспады үйір-илеуге
арғы беттің құмырсқасы болғасын.

Өзі қара, әппақ жұмыртқалары,
бәлкім, ақтан да ақтау болып келеді...
Тек қана ол арғы беттің тұрғыны,
арғы беттің құмырсқасы себебі.

Арғы беттен, көрінеді-ау кәр атып,
Католиктей ескі сенім кезінде,
Ұстау заңы ұшын көкке қаратып
Инелердің өзін де.

Сен сайтанды апарып-ақ салар ем,
тану қиын, кімдер кімнің одағы.
Өзімде де тамыр-таныс жоқ, әрі
Мен де арғы бет құмырсқасы боламын.

Арғы бетте-піскен жерде қарақат,
Күрең тартқан бүйірлері, бұрышы...
Мен де ешнәрсе қолдануды білмеймін,
Жағаларды жақындастыру үшін!

Айдан кейін, Берингіше, бір жаңқаға жабысып,
Ол да еліне, үй-ішіне келеді,
бірақ бәрі көзге шұқып қарсылар
«арғы беттің құмырсқасы» деп оны.

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ КӨЙЛЕК

Сыйға тартты,
сыйлады,
Шандақ-алтын керемет.
Мұндай көйлек көрсе егер
Вена, Париж өлер ед!

Ғажап қымбат шығын бұл,
Патшаға да көп тіпті.
Дене –
терлеген тәрізді,
ал, денеде –
жоқ түк те.

Құмар-шабыт торы әсем,
Тойымсызды сүйетін.
Киерге түк жоқ еді,
Жер жоқ енді киетін.

Жүретін өстіп мұңды ақын
Көшеде,
сұр боп түсі.
Сөз таба алмай қиналған,
енді тыңдар жоқ кісі.

Жоғалтар түк жоқ еді,
табар түгі жоқ енді.
Кімге керек артистік
«Сен» демесе көрермен?

Үміт-дәме мол еді,
бітіп қалды ол енді
Киюге түк жоқ еді,
болмады енді киінудің керегі.

Өртер ем мен, есерім,
пұл білмессің – елес тым.
Қауіпті еді сүю де,
Сүюге енді жоқ ешкім.

* * *
Сен тіктің ғой жылдарыңды ең жақсы,
талантымды – мен тіктім.
Екеумізді секунданттар айырды,
Сен – қағынған дуэлянт боп ентіктің.

Дәл тиетін сенің ыза оғыңнан,
тәлтіректеп,
актер құсап, масқара:
Қатындармен атыспаймын дермін мен,
Қатын үшін болса – әңгіме басқа да.

Июльдегі бір сұлуды айғақ қып,
Сүйем дегенім үшін сол құрғырды,
Торғай атар оқпен бүгін жайраттың
Кеудемдегі бұлбұлды.

* * *
Қайта оралма сүйгеніңе бұрынғы,
бұрын сүйген адам деген – жоқ ұғым.
Қаңыраған үй –
Құр сүлдері ғана бар,
Сонда аз-ақ күн жүргенсіңдер жолығып.

Ақ ит үріп қарсы алады сені онда,
тоғай өскен бір төбенің қабағы –
екі тоғай: бірі – солда,
бірі – оңда
иттің даусын қайталайды жаңағы.

Қос жаңғырық: екі бөлек тірлік қып,
Стерео-бағандардай бір мықты,
Сен не істедің,
Мен нені айттым ауыз сап
Соның бәрін әлемге айтар дауыстап.

Ал, сол үйде
Кесе түсіп жаңғырықтың қолынан,
Жалған жаңғырық шай ұсынар, қорлық, ә?
Қондырады сені жалған жаңғырық,
Дәл былай деп айқай салу орнына:

«Келме маған, о сүйіктім,
Келме енді,
Махаббат – ат қазық емес қайта-қайта оралар,
Қос жүзімдей мө