Қараңғыға жасырынып жасқана,
алақанына күледі дұрыстап:
– Храм емес, масқара!..
...Ал храм тұр жарты аспанды ап жарқырап,
Ұран сын-ды бүлік тастап артына,
Көтерілген жалын құсап ызадан –
Күнге-дағы қарсылықпен қызарар!
Қорыққаннан дьякондар
Шегіншектеу ауруына шалдыққан,
Көпес біткен түсіп кетті сандыққа.
Неміс, бейне, еске салып текені
Зытып кетті түріп алып етегін.
Жауыз едің сен неткен,
Христосқа қарсы храм,
ашу-ыза тербеткен!..
Ал, мұжық тұр бастап жаман, жат ырым
Қарайды да,
Ысқырады ақырын,
әлденеден оның да рухы оянып,
балтасының сабын сипап қояды…
V
Түрме қабырғалары,
Жарықтың өзі кереңдікпен жалғасқан,
Ал, Дастан қайда?
Жоқ – дастан.
Жеті тарау еді ол да –
Храм сын-ды жеті бас.
Енді ол үнсіз әмәнда –
бейне көзсіз бет лас.
Тұр ол енді – дар алды.
Қараңғы түн, қараңғы.
. . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Көйлегіне терлеп кеп
Қолын сүртті жендеттер.
РЕКВИЕМ
Қаға алмассың қаданы, қыдырмассың шалғында,
Сала алмассың қаланы, адамға да малғұнға!
Мың өрнекті мұнара қалқи алмас тұманға,
Егістік жоқ, күн де жоқ – түк шықпайды бұдан да.
Ағы да жоқ – көгі де жоқ – ештеңе жоқ, ауыз жап,
Шығар әлі зорлықшы өлтіруге бауыздап.
Сай-жырада толғатар әйел біткен ісіп өт,
Иесі өлген ат шығар жұлына үркіп, кісінеп.
Жарық-жігін мәрмәрдің жабайы өскен шөп алар,
Қара түнек мамонт боп қара жерге оралар.
Жұлмаланған қатындар ұлыр ашық алаңда,
Аққа да – жоқ, көкке – жоқ,
Жоқ болудың – бәрі алда!
Түс, өңіңде – қашан да жоқтық қана бола алар...
Оттапсыңдар,
есерлер,
болады әлі қалалар!
Жалпағына жалғанның,
алтын орман арасына,
келді ызам:
Мен,
Вознесенский,
Қалаларды тұрғызам!
Калуганың жігіті ем,
тіл мен жақты жалдаман,
күртешем бар үстімде,
дипломым жап-жаңа.
Жеті шебер істеген
артелденмін,
болғаны:
барлық күре-тамырда
бұлқынып бақ, жиырма ғасыр, сен-дағы!
Мың қолым бар –
Колдарыңмен сендердің, .
Мың көзім бар –
көздеріңмен сендердің.
Мен түсірем металл әйнек бетіне
нені аңсасаң,
сұрамасаң да өтіне...
Студенттік күндерімде-ақ мен ескі
арман еткем,
біз салған жай-мекендер
Ракета боп,
жүз сатылы шаншылып
Көкке бір-ақ көтерілсе екен деп!
Ертеңгі түн секілденіп,
0,45 сағатта
аттанам мен іске асыра арманды
Братскіге, со жаққа!..
...Ал, артымда түн қойнынан, талайғы
Терезеден, оқпандардан сезбей дым,
Үңірейіп-үңірейіп қарайды
Ұңғылары жанары жоқ көздердің.
* * *
Суздаль Құдай-анасы,
Шұғыла шашқан әппақ қабырғадағы,
Жарты дөңгелек-тесіктен қараған
Кинокассирша деуге де болады!
Маған билет
берші, қане, бейілдім,
Жіберілмес жерлерге
он алтыдан кейінгі...
Дегеніңмен жетілдім,
бәрін ұғу мүмкін емес секілді.
ТОҒАЙ
Тимеңдерші адамға, ағаш,
алау жақпа ерге есіл.
Онсыз да оған емес жайлы –
Құдай басқа бермесін!
Құстар, адамды ұрмаңдаршы,
Маусым әлі жоқ ашылған.
Сенің маңың – төмен, тыныш.
Бас сұққан жоқ жаңашылдар.
Екі аяқты досың әлсіз,
Ақ тиін, сен мақтағанға,
Құрма торды жолына оның,
Жанын жарақаттап алма.
Браконьер болма, өткен күн.
Ол – кінәлі емес еді.
Қызғанба үйін, тоғай, оның –
Жапырағыңнан жел еседі.
Қою сенің көлеңкең де,
Кекіл-шашың төмен тұрды –
Улады оны,
Қорлады әбден,
Тым құрыса, сен өлтірме.
Жексембіде аяма одан,
Жемісің бер, аялап ал,
Құтқардым де – жұрт сенеді,
Құтқарумен құрт сен оны.
ҚАБАН АУЛАУ
I
Саған тура
Келеді ұрып әдемі, әрі жауыз да.
Өз жолында
бүкіл итті бауыздап.
Ат, ат жылдам!
Тигізе алмасаң жолама, ал,–
екінші рет оқ салғанша, бол аман!
Ол – қап-қара.
Көріп қалды ол сені.
Келеді ұрып
саған тура – ұқтың ба,
Жалпақ бауыр қайық сын-ды тұп-тура.
Аралықта
он-ақ қадам жер қалды.
Қаның бірақ көңілдірек толғанды.
II
Көзімді аштым – бейне стол
операция жасайтұғын столдай.
Қабан етін жеуге жиналған халық
Сегіз адам болды анық.
Түрлі тағам,
Шөп-жеміске бөленіп ап ақыр бір,
Әлдекімнің көргенді ұлы секілді,
Мұздап саксон ыдысында
Сәбіздердің арасында не түрлі
емшек ұшы секілді,
жұп-жуас боп, тыр-жалаңаш жатырмын.
Қабан-қыздар шамды айнала қалқиды.
Тұқайлары – бәйшешек,
гүлдің исі аңқиды.
Қабан-әже ұмтылады пышаққа.
Төрт столды бұрышқа тығып қатырды,
Салмақ орталығы сол
Әдебиет баяғы.
Баяғыша жатырмын.
Ал, төменде элегиялық жас төгіп,
Электрлі мұңға шомып – жетім кіл.
Орындыққа, етіктерге сүйеніп
Мысықтар жүр қанды мұртын жаланып,
Мияу қағып, пышақ қайрайтұғын дәл
дөңгелек шар секілді!
(Шегіртке-бас бір мысық
Капрон-мұртымен әркімге тырмысып,
Жағынып кеп жасанады осал жан
Шұжық сұрап таза қаннан жасалған).
Тойған қарын тоңу батып және оған.
Суып қалған гарнир тағы салады ән.
Шыныларды салтанатпен қаттап бір
Көтереді Құдайлары батпақтың.
Мұңды литургиядағы бауырлар,
Салаттар бар, басқа бар,
Сіздер салған хор керемет ауырлап,
табиғатқа қайтарады мені осы
Хордың үні қызғанда.
Түйір-дәндер, түймесіндей сырнайдың,
тұрды жанып келесі
помидордың арасынан тұздалған.
III
Мәдениеттер өліп жатты айнала –
бау-бақшалық, византиялық, жай ғана,
Катулл шашы жүгерідей тас-бұйра,
Сәбіз жұмыртқалары да бояулы
(қабығымен піс