ЕРРИДІҢ ДИАЛОГЫ

– Сонымен,
бұрынғы ақын, бүгін соттың төрелігін сұраушы,
60-жылдардағы әлем мен өз куәсі?
– Расы!
– Шындықты айтам деп ант ете аласыз ба сірә сіз?
– Сұрасын.
– Ең бақытты, ұлы жерде тірлік кешіп тұрсаң да,
елегімнен түскен менің құм-шаңға
эксперимент жасадыңыз жан сала?
– Дәл солай.
– Ұнаттыңыз ба ән салуды –
бақытыңыз сол санап?
– Болса да ғой, болса да.
– Дауысыңыз болып па еді,
Құлағыңыз қақпасыз
ашық па еді, ноталарды тап басып
танушы ма ең межелеп?
– Жо-жо-жоқ.
– Тар түтіктей ауызы бар бір әйелді біліп пе ең?
Бұрыштағы шамымен үй бейнесі де бір демде
Суға түссе – аумайтұғын бобын балта-жігіттен?
– Білгем жоқ.
– Мұз, содысыз виски сұрап ішетұғын ең өжет,
Сол әйелге өмір бердің.
Қайда қазір сол адам?
– Жоқ о да.
– Төздіңіз Сіз барлығына: монархтың мейрімі,
Қайыршылық, саясат, ақша болсын, мейлі бұл,
Жырларыңның жарыққа шығуы үшін,
бәрі осы
арзан даңқ-құмарлық, бәрі соның бәлесі!
– Рас, рас! Дәл осы.
– Не дегенмен, білгішім, «2» барлық білгеніңнің бағасы?
– Иә, рас, расы.
– Түз, дала деп – қаштың өзің қалаға,
газеттерге моды боп
таптыңыз ба қанағат?
– Жоқ.
– «Бис!» дегенде стадиондар қақсап бар,
Жеттіңіз бе мақсатқа?
– Жоқ.
– Бәлкім, бәрі сырт берген-ді солықтап,
Өсектерге сеніп қап?
– Жақын болдым жетуге.
– Жырсымағың – толы сұрақ,
зиян сонда ең ірі,
сол сандырақты оқыған соң, еңбектің
өнімі күрт кеміді?
– Иә!
– Дегенмен Сіз сенесіз бе, әлденендей сәуленің
түсеріне жақсылықпен аралас?
– Иә, иә, иә, рас.
– Ал, балалар,
бәлкім, қыздар,
достарың бар, қалғаны
бас шұлғудың өнеріне берілді ғой бәр-бәрі?
– Ондайлардың бары рас
– Бәрі – мылжың, Сізде осы
Жоқ-ау, ақын, оншама ой!
– Рас, егер болса олай.
– Сол әйелге бақыт бере алдыңыз ба, еңбек қып,
образын өңдегенде он есе?
– Иә,
жо-жоқ немесе.
– Саңырау құры өлең-жырдың,
джинсы тартқан балаққа,
жырлайсың кеп ғұмырыңды басып тұрып тамақтан,
Қасірет құшып тұрар үйің,
Сен жеткенде далақтап?
– Дәл солай.
– Париж Конвенті алмақ па еді бостандықты аңсамай?
Әлде қылмысында ма еді шындығы?
– Иә.
– Сіздің жерде суық, суық таусылмас,
бос кеңістік, айқай салсаң
жоқ болады даусың да?
– Иә, солай
– Қараңғыдан қарғып шығып баспен ұрдың қақпаны
ал, қақпаның аржағында – қара түнек тағы да,
– Иә.
– Таста бәрін, керегі жоқ, алдан тосқан сұмдық бар,
ал, өзіңе денең қымбат.
Болсын солай. Анаң ше,
қалған жасың құпиясы – шындықтар?
– Иә,
– Иә?
– Жоқ.
– ?..
_ Жоқ.
– Сонымен сіз эксперимент жасайсыз ғой? Уәссәләм!
Үгітіме – өзім тойдым, құладым.
Сіз – есуас, өтірік Құдай, жалмауыз!
Мәнерлеуге көштіңіз бе? Жауыздықты жайлауға?
Кешіруге ме әлде бәрін? Тоқтама!
Сөйтіп, шындық қайда болды? «Иә» – да ма, «жоқ»-та ма?
– Сұрастыру керек шығар мұны әлі.

Жауаптарға тығыз келер
Көз жасы мен тағдырлар.
Сұрақтарда – шындық та бар.
Ал, ақындар – сұрақтар ғой қаңғырған.

ТАЙГАДА

Сенің тісің тым батыл,
Пышақ жүзі секілді
Кекете күліп тұратын.

Ара құсап ызыңдайды бір түрлі
Сенің алтын жанарларың сиқырлы!

Бөрене-үйден біз өрдік,
Құлағымыздан келеді шөп деген.
Болжал айттың,
көресің деп бір қорлық
Туыстар мен достарыңнан көптеген.

Софы-сұлу емессің ғой сен тіптен,
бөтен болып көрінгенмен маңайға.
Түкті аралар, екі инінен ентіккен
Гүлге қонып иіскеп-иіскеп қарайды.

Мен білмеймін тайганы,
Жақындығым жоқ ешкімге бір елі,
Сенің алтын көзіңмен
тістеріңді білемін.
Гүлдің алақанындағы шық бейне
буддистердің кесесінде
тұнып тұрған секілді,
Фиалканың құлағына тағылған
Сынық сырға секілді.

Әр сырғалық-тамшыда
дір-дір қағып сиқырлы,
Дюймовочкаға ұсайсың,
тек аяғың көктен келген сықылды.
Сен – тірі су, жапырақтан тайғанап
тиетұғын ерінге;
Сен өзіңді бөліп бердің тегінде
Соңғы тамшыңа шейін бұл тайгаға.


ҚҰРЫЛЫС БАСЫНДАҒЫ КЕШ

Қорқытады-ау мені формализммен.

Сендер неткен алыс еңдер өмірден,
Фимиамның хош иісімен жуынып,
Формалинмен сасып біткен білгіштер!
Сізде, бәлкім, тың көтеру бар шығар,
Жоқ қой бірақ бір түйір дән аршылар.

Ұшқын атып жатпаса өнер – өнер ме,
Құдай-өнерді айтпағанда,
Адамдар –
бульдозерист бір тыңдасын дегенде
сырт айналып шырт түкірсе – жаман да.
Бұлардың да көрмегені жоқ елде,
Қазіргідей тұру үшін, көңілі ақ
Күн секілді қырынбаған күйінде,
Тұруы үшін қарағайдай қобырап,
Кіп-кішкене чуваш қызы беріле
Сілкіп тастап көздің жасын жап-жасыл,
Кір-қожалақ бет-жүзінен албырта
Шегірткедей ыршытып сап көз жасын,
Алақанын соққаны үшін жаңғырта –

Дәл осы үшін тиер маған мақта боп
Рогаткалы жауынгерлер атқан оқ.

* * *
Мен – жанама қатының,
Сенде – жалғыз қатын бар!
Мен қазір саған керекпін,
Ол үшін сөкпен, хақың бар.

Бау-бағың бар, ұлың бар.
Құшақтап мені мойнымнан,
Сағатыңа қарайсың –
Қыңқ етуге шамам жоқ,
Мен даусымнан айрылғам.

Құдай үшін, кете ғой,
Құшақтасып суретке түскен кісіңе –
Талабым жоқ зәредей.
Немере сіңлім, сен бұған
Төсек салып бере ғой!

Аяныштан жылайын.
Жолыңа билет алайын.
Суретіңе жабысайын еңіреп,
Ал, пышақты жасырайын беліме.

* * *
Адам организімінде тағы да
Тоқсан процент су бар екен – шатақ-ақ,
Олай болса Паганини қанында
болған шығар тоқсан процент