ымнан сол алса деп ем.

Жыршы досым, мейлі, мені,
одақтастықты ұмыт қылып,
қызғаныштан күйіп өңі,
бауыздап кетсін күліп тұрып!

Кешір оны.
Мейлі, мейлі
Жалғыздықпен болса өтімді.
Жібер, Құдай, екінші бір –
Жыршыны оған мен секілді.

АВТОМАТ

Москвада әлдебіреу жүр қаңғып,
Номерімді алады да, тіптен түк
Үндемейді,
тыңдайды да, тастайды –
телефонда тук, тук, тук...

Ұйқас па әлде? Керек еді не сізге?
Альбомға әлде қолтаңба сал дейсіз бе?
Алло! Алло!
Тук, тук, тук…
Табиғи бір жаңылу ма бұл әлде,
Әлдекімде қалмаған ба беттен түк!
Алло! Алло!
Тук, тук, тук…

Сыммен келген Әзірейіл ме бәлкім бұл
Жанымды алып кеткелі?
Жалғанбай-ақ қойдық біз.
Телефон: тук, тук!– деді.

Бәлкім, арым шығар осы, құмар күн
Салақтықтан алған өзім жоғалтып?
Даусын, бәлкім, ұмыт еткен шығармын?
Тук, тук, тук...
Со қалпы.

Метроның ең соңғы аялдамасы –
Жалаңбассың шамасы,
Сақина ғып киіп алып дисканы
Саусағыңның
Көгергенін қарашы.

Ал, әйнекті екі тиынмен ұрып,
Сыртта топ жұрт іренжиді еліріп.
Кезек күту барлығына батқандай,
Неке сақинасын өлшеп жатқандай.

Үрлейсің сен трубкаға шамалы,
Тым алыстан келген дем,
Әйтседағы сол демнен
Менің жағам бір желп етіп қалады...

Не, мылқауым, жеткен жоқ па саған түк?
Трубкада: тук, тук, тук...
Планетаның байланысы үзілді.
Босқа «аллолап» бола ма.
Сұрақ қалды жауапсыз
Жауап кетті далаға.

Кезіктік. Кезіктік. Кезіктім.
Сенімен. Сенімен, сенімен.
Алло. Үні сезікті –
Тук, тук, тук! деді ол.


ТАУДАҒЫ МОНАСТЫРЬ

Су менен тас қара,
Нан менен су көп.
Ұйқыда, масқара,
Борис пен Глеб.

Қоймалжың бір түрлі,
Таңғы су нұр үсті –
Құдай анасы мен
дәмі бар күмістің!

Осыған бостандық
дәмін қос жасырын.
Бұл Құдай сөзі емес –
табиғат асылы.

Қабырға және ерік,
Су аққан тән еріп.
Орнына тұздың, ал,–
гүл-жапырақ ызғыған!

* **
Соқырішектей мұны да әлгі –
Ұятты біздің сылып алды.

Бетсіздік – біздің сыбаға.
Ажалға тұрдық күліп тік.
Қызардық, қане, қайсымыз?
Қызару дегенді ұмыттық!

Бетіміз біздің тым қалың –
Өтпейді сәуле, самал не.
Түн сайын бірақ жарадай
Сыздайды келіп – амал не!

Меніңше, Құдай
көз, құлақ
орнына бізге, көрікті
жып-жылтыр бетті, сезімтал
Мембрана ғып беріпті.

Барады жанып азабым,
екі бетімді елестет –
Қыру үшін емес тек,
Ұру үшін емес тек.

Тұрмысына ендім біреудің,
Қымсына кірдім, қытық көп
бетімді теріс жағынан
Өртейді ұят үтік боп.

Ұялсақ болды, үнсізбіз.
Құрығанда – күліп құтылдық.
Ұят қой – жазсақ мінсіз біз,
Мінсіздік те ұят сықылды.

Періштем менің, қиядан
авиозаказбен жіберген
Махаббатыңнан ұялам...
Ұят деп тағы білем мен.

Тұзды көз-жасың мен үшін,
Мың есе ұят бірақ та,
тінтсең – тамшы таппайсың
Жанымның түбін бір апта.

Бұлт болып торлап шекесі,
Жаңбыр боп жылайтын жігіт.
Күлкілі маған екі есе,
Күлкі мен ұят бірлігі.

Қап-қара бұлақ жарысып,
Телефонға жүгірер.
Бәрі үшін, бәрі, бәрі үшін
Не жоғалтса бүгін «ер».

Бәрі үшін, бәрі, бәрі үшін,
Не болса, соның жоғы үшін,
Не болса алда –
сол үшін
бәрі мен бәрі тоғысып...

Режиссер ауруханада
простынясі баяғы.
Екі алақанын жаяды.
Мың есе ұят ал одан:

бөтен адамға ұсатып
көзімізге тік қараса,
ұяттың қызыл бояуы
ұялшақ елдің тамаша.

Ұяла кінә тағады,
Ұйысқан шалғын-жабағы,
Ұяттың нәзік бір үні –
тоғайда жапырақ дірілі...

Өлеңнің міндет – тілегі
Ұяттың құралы болу.

БӘЙШЕШЕК

Түске таман,
Не кешірек одан да,
бірақ ерте бара көрме
Әмәнда,
Оқыс, қарғып ашылады қар гүлі.
Жұлады оны
лүп-лүп еткен жүректің
саусағымен бір епті.

Жинайды оны
жаңа ашылған шағында,
емен өскен таудың қабақтарында,
Қызғылт тартқан суықтан
Саусақтарға үргілеп,
шуақ тайып қар жамылған асқарға,
күштірек боп әлі де
тұрған шақта
Жас махаббат иісі аңқып жас қардан.

Тарт ақырын
суыр жайлап, сәл ойла,
гүл түйнегін сабағынан
абайла –
автоқалам суырғандай қабынан
Өзегі бар ішінде
пасты құю үшін де.
Өзегі оның толтырылған он есе
тұманмен, көз жасымен,
қасиеттірек бір нәрсемен немесе,
Өзімізде жоқ ол зат,
Сондықтан да түсінбейміз не сырын,
Оқи да, ұға алмаймыз,
ала алмаймыз көшіріп.

Әлдеқайда жазулысыз сіз бірақ,
бастан өтті әлденелер
ызғып-ақ.
Өтті-кетті,
бірақ өшпес, шошыма, ал,
бақ-талайың байланысты осыған.

Жинамайсың сен енді,
Жинап-терер сені әлі
Орманның жас саусақтары салалы.
Көңліңе енер құпия бір күптілік,
түс көрерсің тік тұрып,
Жаныңа жас жыландар боп құйылар,
бұзық туған сәбидің
көкшіл-сарғылт ерінімен жымияр!

Сонсоң бөркіңізге салып Сіз оны
сәл шайқайсыз ұлы істей,
Қасық болып қатып қалған гүлді әлгі
Эмалі бар
Күмістей
Сағаттан соң еске аласыз
Сіз оны:
«Не сиқыры бар мұның?»

Сонда сіздің көзіңізге ұрады
бойжеткен-гүл бұралып,
бұрынғыдан да ажарланған
қағынған –
бәйшешек-гүл – қар гүлі.

* * *
Москва графомандары,
Сынаңдар мені қаттырақ,
Жаман-ақ болсын
Жырымды
ұрлайтындарың көп бірақ.

Әрине, сендер таза ары
адамсыңдар ғой –
Мазарың:
Ядроң – қуыс,
Расында-ай,
Қайшының сақинасындай.

Ысқырып шығып биікке
алармын бір зәреңді –
түк пайдасыз ауыздар,
ашыл да,
тыңда, ал, енді.

САН-ФРАНЦИСК АҚЫНЫ
ДЖ