Мен әлі ішіп тауыспаған нарзанның».
Неткен сұмдық-салтанатты жату бұл,
Неткен бейшаралық білік, тілегің.
Бастап ішілген сол бір
Стақан неге татиды!
III
«Фрак астынан іш көйлекті ұрлапты,
Жел ұрады саңлаудан.
Одан сиып шыға алмайсың бірақ та
Не азап беріп жарытады ол Алла
Оянудың қасында
Меншікті өз молаңда!»
Айқай жерді жара алмады қап-қалың,
Арақ ішті бейіт басында екі адам.
Кісі көмуді ұнатады, расы,
балалар мен чиновниктер класы,
Ұқпасаңдар да өңгені,
Қызық, қызық сендерге
Гогольді қалай көмгені.
Аш табытты, сілейісіп қал бәрің.
Гоголь аунап түсіпті
бүйіріне басқа бір,
Өсіп кеткен тырнақтары жыртыпты
етігінің астарын.
«СОҚЫРЛАР ҚАУЫМЫНДАҒЫ» КЕШ
Менің байғұс соқырларым,
Соқыр жетекші мені,
Мен көрмеген Россиямен
Көрмей бастап келеді.
Жасыл-жасыл, көк еді,
Түстер да бар былайғы,
Россия сықыр қағып,
Сақтандырып, жылайды
Аш көзіңді, көргіш жолдас,
ағын іріккен су өлі –
естисің бе – жылайды ол?
Сен айтасың: күледі.
Соқыр көзілдірік қара,
Үзік өмір көр мына –
Кескен бұта секілді ол,
Қимайы жаққан орнына.
Мен айтамын – жаңғақ түсті,
Сен – жаңғақтың үні деп,
Мен – айна деп, сен айтасың
Жаңғырық деп құдірет.
Сіздер үшін Паганини
Сұлу болып құлпырды,
ал, Сильвана Помпанини
Шаянға ұқсас бір түрлі
ал, иіс-май қорабы ше –
сырлы құдірет сиқырлы.
Өлең оқуға талпыну
Соқырларға жандыра,
Жасырумен тең күнәңді
Әулиелер алдында.
Түкірмейді түріңе олар,
былғары күртеңе сенің,
Кешірмейді, кешірмейді
Өтірік күлкің, өсегің.
Сорлы ұйқаста тұрған түк жоқ,–
терген сөздің шаш бәрін –
Не ішкеніңді қояр сезіп,
Жырлау керек аш қарын.
Сіздің соқыр ортаңызда
Сипап затты не түрлі,
Көрдім!– деймін айқай салып,
Вишна Құдай секілді.
Жасыл бояу аймалай ма,
Жасыл бояу қалды ұлып.
Айна, айна, айна, айна,
Жаңғырық та жаңғырық.
АРХИТЕКТУРА ИНСТИТУТЫНДАҒЫ ӨРТ
Архитектура институтында өрт шықты!
Чертеждар мен залды жалмап гүрледі ол,
амнистия жасалғандай түрмеге –
архитектура институтында өрт шықты:
Қабырғаларда қалқыған,
терезерлерде, ұятсыз
Қызыл жалын терезеден шапшиды
Арты қызыл гориллалар сияқты!
Ал, біз болсақ соңғы жыл,
диплом қорғау шағы әрі,
мөрлі шкафтар ішінде анау
сытырлап
Сөгістерім жанады!
Ватман-қағаз жаралы
Қызыл жапыраққа бара-бар,
Рамадағы чертеждарым жанады,
Жанып жатыр қалалар.
От тиген керосин шыны боп
бес жаз, бес қыс көкке ұшты.
Кариночка Красильникова,
О, от күшті, от күшті!
Архитектура, қош-сау бол!
Жалма, жалын, шалықта,
Амурдағы сиыр қоралар,
рококо-клуб, жанып қал!
О, жастық, феникс, есер қыз,
диплом күйді таза отқа! –
Қызыл етегіңді көлеңдет,
тіліңді шығар мазақтап.
Қош бол, уақыт өлі-ара!
Өмір – өрттің арасы.
Біз – бәріміз жанамыз,
Өмір сүрсең – жанасың.
Саусағыңа, ал, ертең
араның да ащы тісінен,
Қадалар циркуль инесі
бір шөкім күл ішінен...
...Жанып кетті түп-түгел
Милиция қаптап үй маңын.
Бәрі – бітті!
Бәрі – жаңа басталды!
Кеттік, қане, киноға.
ІШ ПЫСУ
Іш пысу – жанның оразасы,
Өмірдің нәрі бойдағы.
Биік бір мақсат ойлауы,
алданып қалмау ойға әрі.
Іш пысу – көңіл оразасы,
Жеке ішкен тағам кештегі;
тартпады жаулар әлегі,
тартпайды досың да әдемі –
іш пысқан кезде өстеді.
Өнерің – өтірік,
Ой – шабан,
тартпайды ұйқас – қарт қайғы,
Сүйіктің де тартпайды.
Шіркеудей тыныш қалса адам,
Іш пысу – жанның моласы,
Қайғы жоқ, шаттық жоқ әрі,
Көзірдің тұзы ылғи бір
алтылықтарды соғады.
Жаратқан Кукті жаратқан
іш пысудан шымшып ап.
Сүйікті үнің естілер
Ит даусындай қыңсылап!
Ораза тұтты жан байғұс
Тартпайды көптің шуы бар.
Жан-дүниең, бүкіл рухың
аш-ішек құсап тынығар.
Кірпияз жан ең сен неткен!
Ауруды езіп көже ғып,
айналдырдың романға –
Сорады арды ол кезеріп.
Мұңды есерлік жоя ма?
есерлікпен әндетіп,
тістер бәлкім құлақты
іші пысқаннан әлдекім?
Әлемдік мұңға ақ жолақ
Қосылсын біздің мұң мейлі:
айнаға қарап түкірсең
бетіңе түк тимейді.
Іш пыстырды бір ырғып,
Қол жеткізу төбеге.
Іш пыстырды төбеден
аяқ жетпей еденге.
ЖАҒДАЙ-СЫМАҚ
Кабинет менде осы
Көлеңке жақтағы.
Әзірге жоқ тағы:
Гардероб, киімшең адамға,
Кальдерон жинағы... жоқ ол да
Ұлы ағзам Александр буфеті
Мені әлі
Қарызға асырап келеді.
Кресло-катапульт бар, міне,–
Культпен күрестің қалдығы
Болашақ ілінер иконнан көлеңке:
«Айдаһарды жалмаған киноның жұлдызын».
Уәдемен бір қызу
Солоухин сыйлаймын деп еді.
Сенсе егер лақапқа ең әлі,
айтады. VI ғасыр деп.
Феофан Грек.
Стол бар.
Кент бар.
Столда анкета жауабы:
«Кенттен гөрі Беломорға
Көңілім менің ауады».
Көз тартар акварель, кейде осы
Жарымның жалаңаш бейнесі.
Парсының миниатюрасы.
ІІІ. ғ. қызғылттау сырына қарашы,
Ал, өзі ас үйде-ау шамасы...
Бұл – менің ас үйім көлеңке беттегі –
Қараңдар, кеңдігі жетеді!
Түскі асқа, немене жоқ болса,
Дәл соның бәрі де бар мұнда
(тағамның тізімі кетеді).
Әжемнің көзіндей – орамал өрнекті
Кесте бар, о сорлы, әдемі түсінік.
Байқа, алма атамды түсіріп!
Мамамның мүлкін қос осыған:
«Рениш»
пианиносы бар.
Сірә, әйел әлгінде ойлана
Рахманиновты ойнаған,
бір тілдің бітпепті ың-зыңы,
Өзі әлі жып-жылы.
(Басады). Қайғ