агорин жас. Андрей.

(Ғажап... тіпті Андрей Андреевич, 1933.
174. Етігі – 42. Ол маған өзінің гимнастеркасын берді. Гимнастерка
менің көкірегімді емен қабығы құсап, қыса қаусырды. Кенет, менің
төбемде, өзге өмір, бөтен бір тағдыр, ағаш бұтақтары секілді, шулап қоя
берді...)

«Қызық екен»,— деп ойладым...
Түн қалың,
бытыстырып Марксті Ибн-Синамен,
айды Целиноградпен,
Спиртті араластырады шараппен –
Офицерлер әңгімені дәлдеді
Россия туралы.
Жасыл көзді Загоринім, ал, менің!

Аһ, Загорин,
есіңде ме таласымыз тым қызық?
Бара жатты түн жүзіп,
Табыстырып бізді, әрі
шабыстырып тасадан,
Стол басында отырды әйел – жас адам.
Отты көздер шақырды-ау сол үзіле –
Оның цыган-жүзінен.

Ұшып шықты бір оймақ қан алаулап,
Чернец пен декабристей танаурап,
Лермонтов пен Пестель де өстіп, осылай
Отырған ғой, лейтенант, досым-ау,
Россия дегенің –
Жоқ деген сөз дарынсыздық керегі.
Тухачевский талантына сүйенген.

Шамды жапса әлдекімнің басы егер,
Ырғып шығып маңдайыңды жардың сен.
Бостандыққа және де
Қарадың-ау жарқыным,
Қарағандай сығалап,
Саңлаулар арқылы!

Сізді-дағы құлатты тек аңғал бір
Қысқан атың тақымымен дамбалдың.
«Аһ, поручик,
Көзіріңіз кетті ұрылып, құлады».
«Бесінші тұз – жүрегіммен ұрамын!»

Лапылдаған офицерлер қауымы!
Жүрек – ұттырмайтын майдан болады.
Амбразураларды жүрек жабады.
Келтірсе егер ол ебін –
түйреуіштен өледі.

Біз балконға шығып тұрдық,
Қызық-ақ,
төменде Львов қайнап жатты құжынап.

Айтты ол маған бар тарихын өзінің
Әрбір офицердің де
өз тарихы бар еді.
Мына тарихта, ал енді
Лифт бар бір,
бір әйел бар әдемі.
«Ғажап екен»– деп ойладым, – қызық-ақ.

ЛОНЖЮМО

Авиакіріспе

Лонжюмодағы Ленин мектебінің
тыңдаушыларына арналады.

Дастаныма кірістім,
Кірген сын-ды уақытқа жаңа бір.
Поршень іске кірісті,
белін шешпей көршілер әне, ұйықтап барады.
Түнгі папирос болып,
жылт-жылт етіп Муромнан
телецентрлер асты – біз де ілесіп қарайық.
Мәселе көп,
қане, Уақыт, екеуіміз
Шылым шегіп алайық.
Қорытындылар жасайық,
қоштасады жалтылдап
жанып туған жылдарың,
қанат құсап иықпен бірге ұшады ұрланып…
Түсінеміз, біздің уақыт бітті, кетті келмеске,
Өзіміз де,
емес біздің серіктер де – он бесте,
бізді ұзатып қулана олар
мырс етеді бұрылып,
бірі – бұлғап орамалын,
түйер бірі жұдырық…
Қара жер сен,
бізді ұзатып апрельдің көзімен
Түнгі төсегіңде үнсіз жатып қалдың шалқаңнан.
Сөнген рельстерді бойлап
поезд заулап келеді,
«Молния» ысырмасын
тартқан сын-ды бейне бір.
Сүйікті Россиям мен
ойнамаймын мұнымен,
Сенің жаныңа не батса – сол шаншу боп мен үшін
ұйықтатпайды түнімен.
Россия,
Капиллярлық тамырыңмын мен сенің,
Сенің жаның сыздай қалса –
мен кетемін теңселіп.
Осы көзбен қарағанда бәріне
Неткен ұсақ сәтсіздігім, табысым,
достарым мен көше кезген тобыр-той,
Жауларымның мәні шын.
Кешір, уақыт,
Көбін айтып үлгірмен.
Уақыт – ақша емессің сен
Көбіне, әттең, сен де жетпей жатасың...
Кірістім мен дастаныма,
Сәл бүлдірсем байқамай
Кешір мені,
Уақыт,
Сені-дағы кешіргенмін мен талай.

ЖАЗА ОРНЫ ТУРАЛЫ БАЛЛАДА

Қызықтауға ұлылығын ұлының
Коломна мен Клязьмадан халық келіп тіреп тұр.
«Сүйіктісі – барлаушы екен,
ерек қой,
ағылшын-швед – неміс-гректік»...
Басын алу керек қой!

Патша сұмдық: жауыр аттай қарт, арық,
Қасіретін қарауыта тартады.
Жанары оның адасады ұятты
Батпақтаған мотоцикл сияқты.

Кеткен шақта балта-жүзден бас ұшып,
домалағанда аяғына мүсәпір,–
қолына алды ол нөпір жұрттың үстінен
Қызылшаның дәу түйнегі құсатып!
Саусақтары батып кетті шекеге,
тамағынан қан сауылдап бауыздау.
Шалбарына жылжып ағып кетеді.
Сүйді ол басты ауыздан.

Қызыл алаң ғана сонда аһ ұрды,
бір-ақ демнен тұншығуға жараған:
«А-ан-хен!..» дейді
Ол оған:

«Ұлым менің, менің ұлы әміршім,
Көп күнәңді мен соттаман талас қып,
бірақ неге қолың сенің жабысқақ,
Әрі сонша неге ащы?

Мен – қатынмын,
Осы-ақ шығар бар кінәм,
аузымда тұр мемлекеттер шырқырап,
Қалтыраймын қарақаттың қанындай
Жұғып сенің салтанатты мұртыңа.
Құрылыстар мен өрт кезінде көптеген
Сөз бе екен сол – титтей махаббат деген?
Держава боп сүйсең егер сен мені
ерініңнің менің қаныма енгені,
Әкеледі борщ, бұршақ иісін
Сенің жомарт сүйісің,
Дәуір, мені мықтап сүйеді екенсің,
Құрметтеймін сені, сені жатша анық –
патшалық құр, патшалық!...»
Патша қатып қалды орнында қаһарлы
қарады ол қасіретпен қағынған,
Қонағы да қалды отыра шетелдің
Шеге құсап сіңіре бір қағылған.

ҚҰСТЫ БОСАТ

Не болды саған, сылқымым-ау, тыңдашы?!
Шашың жайып жылауық тал сияқты,
ақша салсаң –
құсты босатасың сен.
Сатушы әйел кетті, әне,
безеу бетті – ұятты

Шаш ақшаны, желге ұшыр!
Құс сайраса бұтадағы ұяда
асыл тастан да ол асыл,
«Босат құсты!»–
Сауабына қаласың.

Құс аулаушының еңбегін тұл еттің,
айлық жалақыңды тапқан азарлап,
және «геометриясын» Киселевтің
Зат орауға ғана қалған базарда.

Құс сені ұқпас, еске де алмас қысқасы,
Жұрт сыбар тек желпіне,
тек бөлке нан болар сенің – түскі асың.
Түсінемісің? Жібер құсты еркіне!
Құстың қайтар уағы болды, расында,
бос тұр лимон-филормониясы да,
Мейлің, өзіңді босатпа –
Тұтқынын