Тіпті егерде – жағдайларда ерек бір –
Сізді таптап кетсе тобыр өрепкіп,
Сонда-дағы
табиғатында адамдар
Тоқсан процент қайырымнан жаралған.
Тіпті егер мұң берсе де он есе,
Музыка бар тоқсан процент, сезім бар,
Әйтсе менде
Шөп-шалам көп демесең
тоқсан процент мына сенің өзің бар.
СҮМБІЛЕ АЙЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ
Айна алдына отырасың тағы да,
Тоғай сын-ды терезеден көп алыс.
Өз көркіңді мойындауға батпайсың,
бөтен әрі бейтаныс.
Мұңайған бір шағыңда
Шаштың ағы анығырақ көрінер.
Осылайша ашық күні төңірек
Жапырақтың көрінеді көгі көп,
бұлтты күні – сарғайғаны көбірек.
ДҰҒА
Түсіргенде қағазға
Көркіңді осы ерте піскен не сынмен.
Ұйқас жайлы ойламаймын, ол аздай –
айрылмасам екен деймін есімнен!
Су-айдыннан шыққанында дін-аман
Жасыл жібек толқындардан есілген,
Құтқарылу туралы емес күнәдан –
айрылмасам екен деймін есімнен!
Ал, монастырь қоршауының аржағы,
Нашатыр боп тұмсыққа ұрар ол-дағы,
Нөсерден соңғы бау-бақшаның ауасы –
Тек есімнен айрылмасам болғаны!
Айқын, ерсі, секілденіп әрі айып
айналамен, табиғатпен өсіп бір
шегірткелер көрінеді қарайып
бұрандасы құсап әйнек есіктің.
Не көріністі жасамайды жаз деген,
«Кешір, дейсің толғанып,–
Не керек бұл мына маған, пәндеге!
тек есімнен айрылмасам болғаны».
Әлдеқайда жанды әкетті,
Жебесең,
Қайтаруды ұмыт етті,
«О, сақта,
Құдай,– деймін,– Россия немесе
Жанымды кері босатпа!»
ЗЕРГЕРЛЕР
Бірінші арнау
Қоңыраулар, ән аңсаған
бас әуезге зарлатып бір…
Суреткері, саған, саған
барлық заман,
бар уақыттың!
Саған,
Микеланджело ұлы,
Барма, Данте!
тектен тек
Сендерді өз таланттарың
Найзағай боп кетті өртеп.
Балғаларың сендердің сол
Мүсін,
бағандарды емес –
Жығып бастан тәждарды ұрып,
тақтыларға салған бүлік.
Тұңғыш шебер – ұлы тұлға –
Мінбеде ылғи тұратын.
Төңкеріс бар рухында
тентектігі – сұрапыл.
Қабырғаға сені қақты,
алауға өртеп шырылдатты.
Құмырсқа боп өріп монах
Сүйегінде билеп жатты.
Көп өлді өнер, көп тіріліп,
Жаза іздері жасырылды...
Шақпақ-тастың оттығы ғып
Моабиттер тасына ұрды.
Аққан қандар көп боп қатты,
Күл мен тердің күйген орны.
Муза талай Зоя болып
Дар алдына сүйреленді.
Өнер күшін жоя алатын
еш бір у жоқ –
Салды ылаңды...
О, жауынгер,
данышпандар,
Сенің даңқың – мәңгі, мәңгі!
Екінші арнау
Москва қайнап жатыр бұрқап,
Қоңыраулардың дауысы астында…
Саған,
Саған, тау-тасқындай
варварлары
бар заманның!
Телпек киген жұмыртқадай,
барлық тиран, патша біткен,
Қызыл өрттен шапан киген,
Цилиндрлер шікірейген!
Империялар, касса барлық
Өрттен қорқып, сатып әлек,
Пегас көрсең, шошыдың сен
Трояның аты ма деп.
Сіздің жаулар – кескіш, қашау,
Күйген, жанар,
анық бұл дәл:
табыра-таңба секілденіп
түн ішінде жанып тұрған.
Сенің бетің күйсін отқа,
Сөзім менің, сотта, сотта.
Қусаң егер қоңыр әнді,
Қарғыс атсын сені мәңгі!
I
Патша-ағзам болды бір.
Сарайында мол дүбір.
Сол сарайда қазық тұр.
Жуғыш емес, қазыққа
Отырғызды адамдарды жазықты!
Патша ауру, әрі ақсақ,
Сарайында ұры-қары өріп жүр –
тауыса алмайсың тарақ сап.
Қалтасы емес тоқ оның,
Қолда билік мол еді!
Бүлдірді елді бұзықтар.
Патша-ханымға да жас
Көз қысқанын қызықтар.
Асасымен патша жерді бір перді,
патша төкпес жай қаһар,
бас алаңда ауасы бар
түрлі тастан ала-шұбар
Жеті басты храм салынсын деді,–
Жеті басты айдаһар.
Патшаның ойы анық-ты:
Өз басын қорғап,
Халықты
Қорқыту ғой баяғы.
II
Айбатты еді – жетеуі,
Қайратты еді – жетеуі,
Теңізден бе,
ақ таңдақ
Әлде Сібір жақтан ба,
Ладогада ма, әлде ол
Кемпірқосақ жанған ел?
Кірпіш өрді, қалады-ақ,
бойлай қуып жағаны ақ.
Кемпірқосақ сын-ды жеті бояумен
Қала салды ғаламат.
Жалауындай кеменің
Ұйтқып-шалқып келеді үн.
Бірі – алтын қақталған,
Түрі ерке, сері әрі.
Бірі – қыздай сақталған,
Кеудесі әппақ жоғары.
Үшінші – ағаш бір түрлі,
Жасыл қала сиқырлы!
Кірпіш-тастар, өрнектер
Қабақтарды жарқырат…
Опричниктер храм салды еңбекпен
Кірпіш теріп, бояу таңдап жер-көктен.
III
Шаш бұйрасы – үйіріле ұшқан жаңқадай,
Қол – сүргіде сүйікті.
Ұшқын шашқан орыстар
Оттан көйлек киіпті.
Көздерін айт – көздер неткен қатерлі!
Кеткенде күш бір меңдеп –
байқаусызда,
боздақтар,
патшалықты өртеп алып жүрмеңдер!..
Таста, жынның баллары,
Кескіштерді –
өрмек пе?
Ұшқын-моншақ шашпаңдар
Өрнекке.
IV
Қарап тұрып дулығалы бастарға,
бояр айтты:
– Уһ, жындылар, сендерде
Қой басындай бас бар ма!
Түк талғам жоқ, жылтырлық –
ақылыңнан адасасың бір түрлі.
Бүлдірген ғой, бүлдірді
бояуларың түр-түрлі...
Кербез көпес солықтап,
Голлан қабы секілденіп толып қап,
ыс-пыс етті:
– Көрдіңіз бе, бар шірік
бір Құдайға жасағанын қарсылық,
Тапқан екен қызметкерді патша да –
өңкей бұзық қарақшы мен бәтшағар!
Қолдарында кисті емес,
Көсеу,
Күлді де иіскемес.
Жеті қала салған, қара, кең пейлі,
құдайсыздар өңкей бір.
Біздің өмір зорлық сын-ды, сән емес,
Оларға Русь – ана емес!
...Шарапхана қызметкері, ал, мұнда
бөспелеу бір мал бұл да,
жынды судан татып ап,
таңғы дұға алдында,
діннен безген ақымақ,
Сөйлейді кеп қатты есіп
патша қызын аймалап,
сүйгендігін ақ төсін...
Дьякондар хақтың ж