Сірә, өзі ұйықтайтын бөлмеге
Кеткен ғой, боянып алуға.
«Шамды өшір шығарда!»
«Кіргенде есікті түртіп бір,
аяқты сүртіп кір.
бөлменің төбесі жап-жаңа –
басыңды жуып ал жалма-жан.
Ал, менің жататын бөлмем бұл
О, қалай қоқыған...
Жарымның жоқтығы тым сәтті іс еді.
Миладан, Танядан, Надядан, Ниннеттен
+ 14 тағдырдан тағы да,
Испания алаңы жағынан
Көлеңке түседі.
Ұмытылған заттардың бұрышы!
№2,
№3,
№ 8 – кімдікі екенін
Мойындамайды ешкім, құрысын!
Мінеки, түйреуіш-алқасы,
Көйлегін шешіпті жанына,
Шамасы кеткен ғой тағы да
Әлгі, әлгі Аэродромовқа
димедрол алуға...
Актриса, әрине, түрлі ісі!
Кешір, бұл семья тұрмысы...
(Ауыз үй қараңғы, тар алды,
қара мысық керіліп, таранды –
Шаншылған құйрығын
Сал қонақ қарамай абайлап
бас салды таяғым деп ойлап).
Ванна бөлмесі келесі
Бұ несі, о несі?
Жарық бар, ашпайды тек ешкім
Аэродромов, аш: қане!
Жо-жо-жоқ, сене алар емеспін,
Шошымай,
Мінеки, ылғи да осылай
Тыңдашы, су асып барады.
(Қағады). Үнсіздік – жауабы
(Сұмдық бір күдіктен өзгерді түс-өңі)
О, жо-жоқ, жалған-ай,
тек ондай болмағай!
Қанеки, бұзайық!
Кеше ол сөз айтқан тым келте,
«Егер де келмесең үйге ерте...»
Сүйіктім! Не мінез мынауың!
(Есікті топсадан жұлады)
О, Құдай!.. Жоқ ешкім.
Тершіген айна тек – елес құр.
Суы асқан ванна да әлде не ұқтырмақ:
Орамал – құп-құрғақ...
Қабырға – жардан бір үн шықты:
«Сүртіну не керек, жарқыным,
Жанға ұшып шығатын далаға
Желдеткіш арқылы?!»
ҰРЛАП КЕТТІ!
Шабуылшыны ұрлады!
Көлеңкелер білінбейді десек те,
барады ағып Москвамен түнгі әсем
даңқты дене мешокте.
Қош болыңдар, қырандар!
Қапты қара басты да,
Москва қалып барады,
алтын басты Москва...
Көшелер жабық, мықтысын
Ұстаған екен тап басып.
Радар хабар береді.
«алдымызда қақпашы».
Жай киімді ептеп ішкен екі адам
бірі-бірінен мақтанышпен сұрайды.
«Сен кімді?»
«Мен – конструкторды ең басты».
«Бұйым емес. Шабуылшыны ұрлаймын».
«Сатылады ең негізгі қорғаушы,
Және екі ұпай ілінбеген есепке».
«Рақмет үшін ойнайтын
Мен немене, есек пе».
«Магаданда
үш аяқты бір керемет туыпты,
аяқтарын басына әкеп бекіткен.
«дубль-В»-нің жүйесіне жуық-ты.
«Сатып алам кубок үшін ойынды
адалдықпен, базарлықсыз бірақ та».
Балеринаны ұрлап кетті,
ал, әнші қыз абдырады –
Өзін тастап кетті әншінің,
Құс-төсегін алды-дағы.
Сотта төреші судьяға айтады:
«Ысқырдым мен тым қатты.
Ұрлап кетті адал айқас үстінде
Шабуылшыны қымбатты».
«Орта» ұрланған,
«шет» ұрланған, ұрланған,–
спорт, спорт, спорт, спорт бұл жалған…
Босатыңдар бомбардирді!
Пәтер керек емес оған
Қашып кетем!
Екі аяғымды ұрлап кетті,
атақты еді, ең жаманы
Өз шырыныма – өзім пісем,
Махаббатсыз, қызсыз түндер –
Жасыл жалынмен жанамын,
Қашып кетем!
«Қашып кетем!» Д ́Аркше ол –
Түк дыбыс жоқ, зар иле!
Қол созбады сыйлыққа да ол,
Коньякқа да, әрине.
«Қашып кетем»– беті бармақ басындай
екі саусақ арасынан көрінген.
«Ұрлап кетті, десіп жүрді –
«Волга» М-24 тегінде».
Бір бұрыштан қараң етті көлеңке.
Көзге түртсе көрінбейтін түн қалды.
Менің ең бір мықты жолым –
Шабуылшым ұрланды...
Түк дыбыс жоқ, жоқ үн де.
СИГУЛДА КҮЗІ
Есігінен қарап тұрмын вагонның
Қош болыңдар ал енді,
Қош бол, жазым, алтыным,
Уақыт болды,
дачаларды жаңғыртады балта үні,
тақтайлардан қиған үйдің бастапқы
есігіне тақтай қағып тастапты,
Қош болыңдар ал енді.
Ормандарым жапырағынан айрылды,
Қаңырап тұр, әрі сонша қайғылы,
аккордеон жәшігіндей – жан жетім –
Музыкасын алып кеткен әлдекім.
Біз – адамдар,
бос қаламыз біз-дағы,
Кетеміз біз,
Жаңғырықтай қаңғырып,
Туған үйден,
әйелдерден,
анадан,
Және бұл – заң, мәңгілік заң, мәңгілік.
Қош бол, ана,
терезеге жарасып
Жібек-құрттай сен де мөлдір боласың,
күні бойғы
Қарекеттен қажығандай бұ кейіп –
тіземізді бүгейік.
Гуд бай, достар,
Сен де, жауым бол аман,
Салған дерсің мезгіл ән,
Көкірегімнен шығасыңдар атылып,
Мен де осы өздеріңнен бездім, ал!
Қоштасайық, қане, елім,
Жұлдыз болам, боз тал болам әдемі,
Жыламаймын, қайыршы емен ішімде,
Рақмет, өмір, не болса сол үшін де.
Жаттығулар алаңында атыстан
100 ұпайды алмақ болып 10 оқпен,
Рақмет, қателестім кенет мен,
Рақмет, тастап кетті күш осы,
бірақ, бірақ, рақмет үш есе –
Менің әйнек жауырынымнан-арқамнан
Құлатардай бар дүниені бір ұрып,
Түйілгені үшін рәзен қолғапты
қып-қызыл бір жұдырық.
«Вознесенский»– болады, әлі шығады,
Сөзбен емес, күшік боп та емес тек,
Сенің әлі көлеңке жақ шекеңде
шарана исі –
«Андрюшка» тұр елестеп.
Рақмет, күзгі тоғай ішінде,
Кездесіп қап, сөйледің сен алқынып,
Қарғысынан сүйреледің итіңді,
ал, ит тұрды төрт тағандап тартынып,
рақмет,
тірілдім мен, бір-ақ күзде қас қағым
Мені маған түсіндіріп тастадың,
Үй иесі әйел бізді сегізде
Оятатын,
мейрам күндер жан сала
барқырайтын арзан пластинкалар.
Рақмет,
Кеттің, міне, сен менен,
рельсті, тұнық ауаны тербеп бір.
поезд құсап сен кеттің,
кеттің менен, бітті бәрі осымен,
кетістік біз – бір-бірімізден кеттік,
Мына үй бізге ұнамады несімен?
Жанымдасың, Владивосток секілдісің бірақ та –
Жүрердеймін бір апта.
Қайталанамыз ғой біздер – сезем де,
дос-жаранда, шөп-б