лдіреген екі көз
Шындықты айтып, саған жауап бере алар?!

Ертесіне, шыққан кезде поезға
Кілтті өзің лақтырарсың өзенге,
Сол жақ тоғай,
Оң жақ тоғай – жаңғырық
Өз тіліңмен сөйлер саған өзеуреп:

«Сүйіктіңді тастап кетпе, мәңгі бақ
бұрын сүйген адам деген – сандырақ...»

Бұл кеңеске пысқырмайсың сен бірақ.

ҰШЫП ЖҮРГЕН МҰЖЫҚ

В. Л. Бедуляға

І

Қарап тұрып сонау бала шағымда
Түсіндірді әжем маған жаңаша:
«Болса ақ сиыр ең бірінші табында,
ауа райы болады ертең тамаша».

II

Аэротрап боп шегініп сиырлар
Жайылады, көк шалғынға малтығып.
Шалғын жылап,
сонда ұмтылды ақ бұлтқа
сиырлардың мойындары арқылы.
Бастап жүрсе табынды егер ақ сиыр,
аспан ашық, болады ертең, жақсы күн!
Көкке қандай қатысы бар сиырдың –
Міне, нағыз құпия жай басталды.
Өздері ұша білмесе де сиырлар
Жарқыратып қоя алады аспанды.
Бастап шықса табынды егер ақ сиыр
Аврорадай болады ашық жақсы күн.

III

Полиэтилен жалтырап фермада,
Қи төменге экскалатормен жылжып,
Метродағы
Жолаушыдай жол шегер.
Қайтер едік керісінше болса егер.

Мотоциклге өш келеді, зубрлар!
Мұздықтардың дәуірі боп тұяқты.
Мотоциклдерді қуып, міне, шықты.
Ал, Бедуля – есерлерге өшікті.

IV

Иоанның кезінде оның бөркі ұшқан,
табыну жоқ,
ерсілік не керегі –
Владимир Леонтьевич Бедуля,
«Ұшып жүрген мұжық» дер ем мен оны.
Конструкциясымен өзінің
Ұшып жүр ол – Құс жолында шаңытып.
Ұш, Мұжық, ұш!
Жерге жабыс қорқақтар.
Жаңқаңды қақ.
Ұш, ерлікті танытып.
Жаман сиыр бастаса егер табынды,
дей бер онда: күн райы қағынды.

Жар газетті жапты да ол, орнына
Радиостанция орнатты.
Қамтысын деп деревняны он екі
ауа – хабар
таратсын деп мол етіп.
Қоңырау қақты Беловежье жұлдызы.
Ұйқас жоқ-ау тостпен жауап беруге,
Өтінді ол жыр оқы деп бір қызық!..
Жай адам деп ойлап ем мен Бедуля.

VI

Жерде шындық жоқ мүлде.
Аспанда да жоқ шындық.
Ал, Бедуля
жер астынан қарайды.
Терең жыртып, жата қалып, талайғы
Жердің мұңын өз мұңымен жамайды!
Жерді талай жұрт мақтады, даттады,
іздемпазға бірақ одан не пайда.
Бедуля ұшты
Қанатымен жер асты!
Содан «ұшып жүрген мұжық»– атаймын.
Алмасты бар март июльмен жылдағы.
Бедуля,
ақ сиырдың арқасы ма бұл-дағы?

VII

Ауа райын белгілейді сиырлар,
емшектері істиіп тік түскені,
ал, олар
Колумбтың руліне бара-бар.
Сиырдың да түсіне енер Құс Жолы.

Менің аэродромымнан
Көшкен шақта не думан,
ақ сиырды жібер маған, Бедуля!

КИРСАНОВТЫ ЖЕРЛЕУ

Қош бол, Семен Исаакович,
Мәз аттан!
Аңызбен де өлеңмен
Қайтару жоқ о жақтан.

Құрметті қарауыл тұр
Соғар жерде не дауыл.
Кезек күтіп недәуір тұр,
Көздерінде: «Қарауыл!»

Пьерошка ертегілік киіммен,
Суық-сыздан сәл мұздап.
Қауырсын боп жеп-жеңіл,
ЦДЛ-да отыратын жалғыз қап.

Баяғыша жалғыз, істі көп көрдік,
Іс жүзінде – құйылған жан қорлықтан,
Дене-тәні енді мүлде жоқ дерлік,
Үнінде бір қасіретті зорлық бар.

Сезілуші ед бізге музыка екпіні,
Неткен батыл болған жан...
Тамағынан талай кез қан кетті бір
Ол – құбылтып салғанда ән!

Ғажап зергер сиқырлы,
Шашың сенің шәкірттерше қырқылды.
Жылап бітпей бір сыбызғы тағы да,
Түсті қайта қызыл-күрең қабына.

* * *
Біздің жаға жазық,
Әрі құмдауыт.
бітеді әрі қайғылы, сұр қырпумен,
Кемеріне қара жолақ іркілген
Жиектелген орамалдай түр-түрмен

Оң қол жақта – суық теңіз бір түрлі,
Сол қол жақта – құм-тірлік.
Екеуінің арасында, қайғыдан
Су-су болған қара жол
Қиралаңдап алға қарай ұмтылды.

Оралмаспыз мұнда қайтып біз енді.
Жүрейікші жолмен біраз жіңішке.
Ізімізді –
бұл бір, сірә, жақсы ырым –
Топ-толық Ай тоғытып жүр күміске.

ЗЕРГЕРДІҢ ДҰҒА-ТІЛЕГІ
(тақтаның арғы бетіндегі жазу)

Еңбегімді жандыра гөр, Жасаған.
Туындымды махаббатпен мас әлі,
Ет, сүйектен емес мұны – тағдырымнан жасадым.

Жұлдыз нұрын тұз құсатып уысқа ап,
Үш саусақты жырмен бетім жуайын.
Еңбегімнің бағын жандыр, Құдайым!

Тұз шашайын шығысқа иық арқылы,
(Қос саусақпен шылым ұстаған құсап,
Морозованы қостайын, жарқыным!)

Ақырзаман болған шақта қайғылы,
Өзімді емес, шығармамды әйгілі
Тірілте гөр, жарылқай гөр, Жаратқан.

Сотың әділ – кес басымды, жыр заңын,
Үй-ішімді тас-талқан ет – ырзамын.
Еңбегімді жарылқай гөр, Жаратқан.

Кетті кісі есігіне жалғыз қыз,
Саған күйеуге берейін сол қызды –
Бәрінен де Өнер адал, болды ізгі –

Мейлі, ұмытсын есімімді ел менің.
Ұлым менің, махаббаты қызымның,
Сені қызғанамын одан, жек көрем.
Еңбегімді жандыр мейрім-отпенен.

Түзе жұртты
Ізгі ой болсын адамда ең,
асылдарды таптамасын табанмен.
Сақта менің еңбегімді, Жаратқан.

Хаққа қарсы қарғып шықса, сезімді
авторды құрт, шығармаға төзім ғыл.
Жандыр, Құдай, туындыңды Өзіңнің.

АҚЫН ЖЫРЫ

Даңқ та емес, емес сиыр,
Тәжі емес тайғақ жер үстінің –
бер, тәңірім, екінші бір –
Жырлайтын жан келістіріп!

Ұрлап сүйер сұлу да емес,
ақша, орденнің жоқ керегі!–
Серік жібер, әлі күнге
Жырда жалғыз боп келемін.

Жарыстырып даусымызды,
Жаңғыртып тау, құмдау үшін,
Көп үшін емес, көңіл үшін,
Қосылып бір жырлау үшін.

Мені де ұғар әлдебіреу
анда-санда болса деп ем,
оқ тескен бұл сырнайымды
ауз