Көзқарастар
Моншадағы жапырақтардай жабысқан?
Не үшін болсын – бәрібір. Демек, керек оларға –
Жақтарынан жаниды,
кір сіліккен секілді
Жатыр ұсақ шаң ұшып.
Соқ, соқ әйел! Кекпен кіріс! Ұр, қалқам!
Майонез жақ қасқа басқа әнебір,
Соқ, соқ әйел!
Шықшыттарға массаж жаса және бір!
Алда салар барлық төсегің үшін,
Ұр, қалқам!
Барлық кезде алда болғаның үшін,
Матриархат әлемде
баяғыда-ақ бастаған өз жұмысын –
Жігітті әуелі тартып алу,
Киіндіру,
есті болу,
Ұнау үшін күлу тағы жымиып –
азапты ондай суреттеу де – қиын, ұқ!
Жібер оған, салаттарды бұрып ұр.
Рыцарьлар, еркектер,
Сендер осы қайда ғана құрыдың?!
Тұрса бірі әйел үшін сүйенуге жарап тең –
тек әттең...
Ұр, кекшілім! Өмір деген – би әппақ
Ол емес, сен сүйреп шықтың ұяттан,
Жартылығын қоясың
Неткен жасық бұ тегі!
Оны қозғап алғанша – әлің құрып бітеді.
Балмұздақпен атқылауға бола ма?!
Ал, аязда капрон киіп еркек күту де обал, ә?
Сегізінші мартта өзіңе өзің гүл ап және оған
Қуануға болады, ә?!
Тізерлеңдер айыбы бар адамдар,
Колонналар, айлы тыныш алаңдар,
Сиын күні-түнімен,
Сен де әйелсіз баяғыда құрыр ең!
Қараңдаршы,
Әлгі столдың астынан ол жай ғана
Көтеріліп, теңселе аттап,–
барады, әне, айнаға.
«Қайран айна, салқын әйнек,
Сен емессің өзгерген,
Сыбырлаймын саған мен
бұтыс-шатыс сөздермен,
Өз ернімді
Өз ерніме тигізем,
Сен арқылы сырғып төмен құлаймын,
тағы ойлаймын: жүрексіздер, жоқ күшің –
тым құрыса мені ұрып алатын
бір еркек, сен жоқпысың!..»
ӘЙЕЛ САБАУ
Ұрады оны. Жылтырайды көз ағы
Машина іші ыстық, қапас,
Жан шыдап
болар емес,
Әппақ әйел аяғы
прожектордай төбені ұрад қайшылап!
Ұрады оны. Ұрады тек күңді өстіп,
Көз жасынан ажар тапты десе де,
Әлсін-әлсін жұлқынып кеп, сорлы әйел
Ұмтылады
Көшеге!
Тормоз-табан шыңғырып кеп тоқтайды.
Әйелге елдің жүгіргені бір қызық.
Ұрды, соқты, сүйреп алып шықты оны
бетін қарға,
Қалақайға жырғызып...
Аспай-саспай соқты-ау оны бір күшік,
О сымпыс бұт, Чайльд-Гарольд сұп-суық.
Қадалды кеп солықтаған бүйірге
Өтекке ұқсас бәтіңкесі сүп-сүйір.
О, басқыншы желігі,
тағылық, ескі әуенді...
Купавна қақпасының аузында
ұрып жатыр әйелді.
Ұрады әйелді талай ғасыр бойына,
Ұрды жастық,
Салтанатпен ерен бір,
Неке-тойда қоңырау ұрған секілді
Ұрып жатыр әйелді.
Жақтың оты жанып бітті, о, сөнсін
Жанып тұрған жарықтар-ау, әй, енді?
Мещандық қой, және қандай десеңші!..
Ұрып жатыр әйелді.
Бірақ оның көркі ғажап пәк, адал,
Құдай сын-ды қаһарымен қақаған.
Қалай осы?
Дін – жоқ,
Ту – жоқ,
Бар
Әйел!..
...Жатыр әйел көл құсап,
Жанары әттең судан мөлдір он есе,
Меншігі емес ол – оның
Орман жолы
Жұлдыз сын-ды немесе.
Жұлдыз қағып тырсылдатты аспанды,
Қара әйнекке жауған жаңбыр секілді.
Сырғанай кеп,
о, тәңірім, қаталым,
Оның оттай жүзін салқындатады.
МАМА АЙТАДЫ
Сен титтей нүкте едің құрсақта,
Әкең көз жіберген дәп халге,
Қызым, сен туралы
таластық бір сәтке –
қалдыру керек пе, жоқ па әлде?
Бұрымың судырай төгілген,
ап-айқын ақылыңды ақтар не?
Және де бүгінгі
Сұрағың тегін бе:
«Қалдыру керек пе, жоқ па әлде».
ҒЫЛЫМИ – ТЕХНИКАЛЫҚ
РЕВОЛЮЦИЯ ТУРАЛЫ
ТОҒЫШАР МЕН АҚЫННЫҢ ДИАЛОГЫ
«Менің әжем – ескі сенім адамы,
Ол, әне –
Төңкерісшіл ғылыми-техникалық,
Қабанды
безбен жемдеп асырайтын болады.
Сиыр біткен ғылыми-техникашыл
түсінеді
Харламов пен Петровтың қылығын,
Жамылып ап түннің қараңғылығын;
Сударкина революцияшыл сайқал жан
ал, шынында,
ышқырымен тартысып,
Кең дамбалға сиғызады, көкшулан
Краснодардың жартысын;
Семьяны тәрік қылып ол шықты –
Мемлекетті,
Және жеке меншікті.
Алмасулар ғылыми-техникалық
Әрі ғажап, әрі аңыз.
Терпсихораны1 беріп,–
Пепсиколаны2 аламыз».
1 Терпсихора – би Құдайы (миф).
2 Пепсикола – сусын
«Төңкеріс-ау бұ да қалай дегенмен –
Халықтарда, тұрмыстарда, санада.
Сағат тілі он екіге жөнелді,
бірақ біздер тілі жоқ
Лазерь – сағат тағып жүрміз жаңадан!
Мен – жақтаймын
Ғылыми-техниканы.
Иін-ағашты сыйласам да санамен,
ескіліктің түкпірінде құйқалы
Су құбыры мен ойдың
Қозғалысын қалар ем.
Дәл осы үшін
көмейіне тұрам әннің көлденең,
Мен шаршасам –
бөгей тұрар өңгелер,
Бірақ деммен бірге әнді
Келемін мен кергітіп –
Өмір сүрем,
бақыт пен қасіреттен дем бітіп.
Жырсымақтар қысымынан
Жұлып шығып айта аламын жан сала,
Кеңірдекпен тыныс алар, ән салар:
революциясы жасасын,
революция ұлы аса
Рухани революцияға ұласар!»
Егер төтенше жағдайлар үшін
революция талап етсе
бір ақынды, адамды –
Мен – Төтенше Оқиғасы Ғылыми-Техниканың,
Осы күннің, енді келер заманның».
ХИКАЯ
Баққа шықты ол. Ымырт үйірілген шақ.
Ағарады Усадьбаның өлі өңі,
Жанды ұялтып, бір жұмсақ
Күн тимеген мүшесіндей дененің.
Ал, артында сол үйдің
бір құрылысты еміс-еміс таниды;
Есікті ол теуіп ашты жігерлі
Кілтін іздеп,
Мырс күліп жіберді.
Алтын шыбықшалар болып өсіп тұр,
Саңлауынан түскен жарық есіктің.
Жатар жері осы еді ғой ол кезде
Тастады әйел тігіп отырған ісін,
таңданған жоқ,
Жасырды тек қуанышын.
ЛЕЙТЕНАНТ ЗАГОРИН
Львовтамын. Аз күн әскер қатары,
Қызыл ағаш, шіркеулері бар тағы.
Кезікті онда тағдырыммен жанды жей
Лейтенант З