мбарым,– дей бергенде Әңкүр-мәңкүр
күрзімен қойып кеп қалады өстіп мен білсем, қазір Жәкеңнің қабірінің іші үбір-
дүбір, бір ұнтап, бір құрастырып, періштекең тірі азапқа қалып жатқан сияқты, ха-
ха-ха-а!
– Әй, Алла сақтасын! Басқа сөз құрып қалды ма? Қарағым, о неғылғаның,
әруақты мазақтағаның?– деп, кемпір шын бейілмен реніш білдірді – Кәріңнен
сақта, жасаған жалғыз ием!– Сақат Сатым төмен қарап мырс-мырс етеді:
– Әй, көк мылжың, әй, қу жақ!
– Ғұмар,– Сәкең манадан бергі әңгімені кіржіңдей, тыжырына тыңдаған, әрі
Ғұмарда көптен кетіп жүрген есесі болатын, соны да бір қайтара кеткісі келді,– Ғұ-
мар, «бояушы, бояушы дегенге сақалын бояйды» деп, сенің мұның не? Әңкүр-
мәңкүр мен Жағыпардан басқа таппадың ба? Әзілдің де шегі болады, шырақ!– деп,
көзінің қиығымен шәй құйып отырған кемпірге қараған Ғұмар қарқ қарқ күлді:
– «Молдеке», сіз түсінсеңізші, осы күні тірі кісі әзіл көтере алмайды, Әңкүр-
мәңкүр мен Жәкеңді әзілдемесек, кімді әзілдейміз!– Сандыбай ұрымтал жерін
аңдыған, соны тапқан кісінің сенімді кейпімен киіп кетті, әрі өзінің молдалығына
соңғы уақытта еті үйреніп, тіпті, илана да бастаған-ды.
– Еһе, тірі кісі! Пәнде көтере алмайтын әзіліңді әруақ қайтып көтереді»? Құдай
қалай кешіреді?
– Қосағасы,– Ғұмар қос танауынен бір күлді,– қосағасы, сіз де қызық екенсіз!
Жерде, жорғалап тірлік қып жүрген титтей пенде – менің әзілімді көтермесе – несі
аруақ, несі Құдай! Кез келгенге тызылдай берсе Құдай ендіге көкте емес, әлгі…
Аштарханда жындыларды байлап бағатын үй бар дейді ғой, сонда, ғаламдағы ең
жуан арқанмен буулы жатқан болар еді!– деді. «Молда» жарылғалы тұрған
шиқандай, мұрнының, екі бетінің ұшы сарғая күреңітті, налығаны, түңілгені сонша,
басқа ештеңе айта алмады:
– Астағыпыралла! Мынау дінсіз екен!
Сәкең құйрығымен төсекті сүйрей, өзін өзі ысырып төрге таман апарып ап, жаңа
шабуылға ашуын баса, сақ дайындалған, көз қиығы Әжекеңе түсіп кетті. Қарт ернін
жымқыра тістеп, дыбыссыз, тұншығып күліп отырған-ды, қатты қайран қалды: бұ
не өзі? Жұрттың бәрі дінсіз боп кеткен бе? Өлікті, аруақты сыйлаудан да қалған
ғой, шамасы! АстағыпырАлла! «Молдекең» мықтап ренжіді, таусыла, қорлана
күрсінді. Дастархан үсті күйсіз емес, бірақ, әлгісі енді масқара! Жаңа ғана
қолдарымен қойып келген кісілерін келемешке айналдырып отыр! Семіз сары шал
көзіне жас үйірілген, қазіргі отырысы анау. Күледі-ау! Өзі өлмес, көрерміз бәлем!
Осылай ойлап, тағы тосылды.
Сондықтан кезекті шабуылының сәтті боларына сенген жоқ, әйтсе де, тағы бір
шығуды мұсылмандық парыз, міндет санады, тым құрса ниеті игі, сонысын
білдірсін де?!
– Әжекеңнің қалай дейтінін білмеймін, меніңше бұл аруақты аттау, Алланы
сыйламау. Тілім бар деп шайпай беруге болмас! Жалын екеш жалын да жанатынды
жалайды. Тасты жаласа көрмей ме!– Соңғы сөздерінің тосын, әрі ажарлы
қиюласқанына іштей қатты сүйсінген. Бірақ сыртына білдірген жоқ, байырғы
қарапайым, төменшік қалпын сақтап қалды.
– Ха-ха-ха-ха,– деді Ғұмар,– жалын екеш жалын да жанатынды жалайды дедіңіз-
ау. Әсем-ақ айтылған. Тек, менікі жалын емес, тіл. Тілдің жалаған жерінің бәрі
жанса, бұ қырдан бір қап құл ғана жиып алған болар едік. Оны да жел ұшырып
кетеді, сонда сіз екеумізден өңге іштеңе...
– Не себепті сен екеуміз?– деп салды анау, сұрағының орынсыздығын енді
ұғынып, ернін тістей қойды.
– Мәселен, Құдай оның бетін әрмен қылсын, сіз өлдіңіз дейік, тастай қараңғы
көр.
– Астығыпіралла!
– Алыстан бір шу шығады. Ежелден естігіш құлағыңызды тіге қоясыз: «ұзын
бойлы шешейлер, түйе-түйе ет келіпті» деп, бір орда жылан шұбырып, қабіріңізге
түсе береді, аздан соң мұп-мұздай боп, тәніңізге жыбыр-жыбыр ене бастайды.
– Әй, Алла-ай, сақтай гөр! Қарағым-ай, қойшы құрысын!
–...ақирет деген түс секілді байланыссыз зат болу керек, есіңіз бір кіргенде,
алдыңызда үсті-басы жалтыраған біреу тұрады. Сіз одан, үйренген әдет бойынша
не жаңалық бар? деп сұрайсыз. Ол айта бастайды. Сіз кенет сөзді бөліп:
– Е, мұның бәрін білем, болғам дейсіз. Сосын өзіңіз сөйлейсіз. Байқасаңыз:
періштеден, шайтаннан, тіпті Хақ-тағаланың өзінен де сіз көп білетін боп шығасыз.
Әрине, кім қай күні өлді, жаназасына не берді? Ішке кіру, киім-кешек үлестіруге
қатысты өсек-аяң, шариғат тағы басқа. Тіпті, өсек болсын, ғайбат болсын – бәрібір,
көп білгенді кім кешіреді, Құдай-екең жендетіне ым қағады, Әңкүр-Мәңкүр
гүрзісімен қонжитады кеп! Қайта құрап ап, қайта ұрады. Шариғаттың мына
тармағын неге бұздың? Ана жесірдің жалғыз қойын неге алдың? Баспағын неге
сойғыздың?– Анау бұ шабуылдан үндемей әрең құтылған.
Ғұмардың әңгімесі шәй ішіп, ас жегенге мол жетті де, үш қонақтың үшеуі үш
жаққа аттанды; түн ортасында осы дастарқанға қатысқан төрт еркектің үшеуі
төсектерінде мырс-мырс күліп жатып, көз ілді, ал, біреуі – молда, дөңбекшумен
шықты, мызғып кетсе болды, көкірек-қолтығы бүлкіп, жыбыр қағып, әкетіп бара
жатады, ақыры, күн туғанын көрген соң ғана жаны жай тапты.
12
Өзі кішкенесінен қиялшыл-тын. Онысы бірте-бірте салғырттыққа,
аңғарымсыздыққа айна