жайдарымын мен-дағы.
ОКТАЙ РИФАТ
НАН МЕН ЖҰЛДЫЗ
Нан жатыр алақанымда,
Жұлдыздар алыс, тұңғиық көктің жүзінде.
Жұлдызға қарап қиялдап,
Отырмын нанды үзіп жеп.
Қиялдағаным соншалық:
Жұлдыз бен нанды бірге үздім.
Ал, кейде жеймін жаңылып
нан орнына жұлдызды.
АЛҒЫС
Бәтіңкем мен пальтома
алғыс айтсам болады.
Алғыс айтсам болады билеп жауған қарға да.
Мына күннің шаттығын бағалағам жоқ әлі.
Алғыс айтам ақ қарға
түсіргені үшін ізімді.
Аспанға алғыс, жерге алғыс –
Мың рақмет, мың алғыс.
Алғыс айтсам, шарлайды
Көңілім болып қыран құс.
Аты жоқ көп жұлдыздар
Көл-алғысымның жүзінде
Жылт-жылт етіп жүзіп жүр…
ҚҰШАҚ
Көрпем жыртық,
сүйегімді кеміріп,
басады жел қабырғама темірін.
Жылыт мені, осы түнде жылытшы,
бостандыққа деген ұлы сенімім.
Көше суық, өте суық ескен жел,
тоңғаннан көп тоңам-ау деп сескенген.
Жел күшті өте,
зомбы-зорлық күшті одан:
мықты жанды жаншып илеп,
қорлап қайыс қылады,
қара еменді зорлап майыстырады.
Көшеде өлім,
Жаза, мазақ қат-қабат,–
ұр, табала,
кескіле, кес, ат та, ат!
Елер деп ең мына түнде мені кім,
сенен басқа,–
бостандыққа деген ұлы сенімім!
Сал қолыңды алақанға – қысайын,
бер қанатты балапанға – ұшайын!
О, бостандық! Жылыт мені, қынапқа ал,
Мен де жасыл болат қанжарға ұсайын,
бостандыққа деген ұлы сенімім,
бостандыққа деген ұлы сенімім.
СОҢҒЫ СӨЗ
Тамағыңнан бүлкіл қағып жұтылар
қара суда құдіреттің құты бар.
Аспан неге керек деме иесіз,
зат болмайды киесіз.
Қасиетте ұлы аспанды, бағың бар
Көкті әйнектен көріп тұрған шағыңда.
Жапырақтың қадірін біл, пұлын біл,
Мөлдір шықтың, ылайдың да бұлыңғыр.
Қызыл, қара, ақ пен күрең, сары-ала, –
түс біткеннің бәрін, бәрін бағала.
Қуаныш боп аяқталса бір ісің,
Демек, сен де тірісің.
Жасыл емен жапырағын бүркеніп,
саған үміт сәулелерін тұр төгіп.
Бағалай гөр, мұның бәрін бағала, –
жалғыз тамшы құлап түссе жағаңа.
Халық үшін күресе алсаң ту алып,
ол – тірлікті бағалаудан туады.
Қастерлей гөр қуанышты, қайғыны,
қайғы-мұңсыз сәнді болған қай ғұмыр?!
Ашуды да бұлдап үйрен,
шын егер
өмір сүйсең – бұлдануды біле гөр!
Бағалай гөр жас бұтаның дірілін.
Күннің өзі жылытады тіріні!
ШАҒЫМ
Неткен азап іс деймін:
білмеймін мен есепті,
есепші боп істеймін.
Сүйген асым: баклажан,
жаңадан
тиым салды жау оған.
Айқай салып ғашық болдым бір қызға,
ай ма, әлде жұлдыз ба,
жек көреді екен, бақсам, ол мені,
сөйтіп, тірі көмгені.
ЖАРЫМА
Сен – сарқылмас жылылық,
Сен – сәулесің,
Сен – жарықтың топаны.
Оянғанда сен ерте
мен шаттыққа батамын
Бір алмамыз екеуміз,
бір жартысы – сен,
бір жартысы – мен,
сен – сен, мен – мен дейміз,
бірақ біздер бөліп жеуге келмейміз.
МӘЛІК АНДАЙ
ТЕЛЕГРАФ
Көз ілмейсің түнімен,
қасіреті бұл елдің
кірпігіңе тірелді,
түн ұйқыңды төртке бөліп жіберді;
Ұмтыласың сөз жазуға жігерлі.
сен мың сымды телеграф секілді
қабылдайсың,
таратасың үніңді
сенің үнің байтақ елге жетулі.
Ұйқы қайда,
ұйқы қайдан болады:
бұрыс сөздер дұрысталған жоқ әлі,
содан дүние тынышталған жоқ әлі,–
ұйқы қайдан болады.
Сөз тересің шымқып қанша,
Отан жауы тұншыққанша,
көз ілмейсің түнімен.
Қасіреті мың адамның – бір елдің
кірпігіңе тірелді.
Саңқылдайсың,
сыбырлайсың,
сайрайсың
түнгі қоңырау – телеграф секілді
тына алмайсың күн шыққанша.
ӨТІРІК
Жақсы күннің ақынымын мен, қалқам,
Бақыт көрсем – өлең айтам айғай сап.
Кедей көрсем – кейін болар байды айтам,
сұлуларға қалың малы жайлы айтам,
тұтқындарға амнистия жайлы айтам.
Әкелері қан майданда мерт болған
ұлдарға айтпай жақсы сөзді – қайда айтам?!
Қызыл тасқын сөз кетеді-ау көпіріп.
Әттең қиын...
Қиын екен өтірік.
АЛҒЫ КҮН
Бәрі, бәрі алғы күнде жатады:
Қуанышым көл боп толқын атады.
Сәл шыдай тұр,
сәл шыдасаң бір түрлі
бәрі, бәрі оңдалатын сықылды.
* * *
Жағалаудың ақ шарқатты толқыны,
ұяттымын алдыңда,
мен қашанғы болар екем бақытсыз?
Қайыршылық, жұмыссыздық – ал, таңда.
Саған бұрады жүрегім,
тиын жоқта қалтамда.
Ертең… ертең жұмыс табам
бір мықтыға сәлем берсем имене,
ал, бүрсүгін?
Үйленем.
Қазір үйде күтем сені, алтыным,
ақ шарқатты толқыным.
ҚҰТЫЛУ ЖОҚ
Түсінікті, құтылу жоқ өлімнен,
Жер сілкіну апатынан,
Әжімнен,
Шаш ағару, шаш түсуден,
қарттықтан…
тоқта, тоқта, аптықпа!
Құтылмаймыз қалай ғана япыр-ау
Жұмыссыздық қырсығынан,
аштықтан?
Түсініксіз, неге біз,
аурулардан емі бар
арыла алмай келеміз?!
МАХАББАТ ЖЕЛІ
Аһ, достарым, тыныш еді