андар десе екен.
Сілте, достар!
Бірімізді-біріміз
құшайық бір –
қолда кісен жоқ бүгін,
Керек болса қыдырайық, жүріңіз, –
аяқта кісен жоқ бүгін.
Көріспегелі қанша болды – санама,
Қанша уақыт өткенін
Бет әжімі, шаш ағымен шамала.
Сен немене? Үнің өзге боп кеткен?
Ал, сен достым? Осыншама «көк бет» пе ең?
А-ха ха ха!
Құйыңдаршы толтыра,
Бүгін ешкім бізден есеп сұрамас.
Шаттық та бір орман болса соқпақсыз,
мықтап тұрып бір адас.
Тоқта, тағы құшақтасып алайық,–
қолда кісен жоқ бүгін.
Серуендейік ең әдемі көшемен –
аяқта кісен жоқ бүгін.


ӨЛЕҢДЕ

Мен тартысты сүйдім алғаш өлеңде
Бостандықтың өзі де өлең дегенге,
Өмірді өлең үшін сүйдім мен алғаш,
Қасіретті – қуанышым деп өңдеп,
Сенің нұрлы жанарыңа телідім,
уәйімсіз достарымның желігі –
бәрі менің өлеңімде болатын,
Нені тапсам – тауып едім өлеңнен,
не жоғалтсам – жоғалтып ем өлеңде...
Сонда біздің махаббат та, аяулым,
бұрын туған ба ұйқастан?
Ал, аштық ше?
Ал, түрме ше?


ТҮРМЕ ТЕРЕЗЕСІНЕН

(Стамбул жайлы өлең)

Бұл қалада біз де тұрдық, күл мейлің,
еркін едік көліндегі балықтай.
Енді ондай күн бола ма, білмеймін,
Бұл қалада біз де тұрдық, күл мейлің.
Бүкіл дүние секілді еді бұл қала,
Мырзаға да, құлға да,
Енді анау ресторанда мен-дағы
болдым десем – сенбеңіз.
Сонау әсем қонақ үйге, мен-дағы,
қондым десем – сенбеңіз.
Шомылатын көл бар дейтін мұнда да,
мен көргем жоқ, естігенмін, әйтеуір
бүкіл дүние секілді еді бұл қала.
Білетін ем: ағаш бар-ды бір шетте,–
панасыздар алды соны пана ғып.
Бұталары қуып жүріп, тірсектеп
жапырағының жағатұғын бояуын.
Көшелерді білуші едім, неше мың
қайғылылар қыдыратын кешқұрым,
Онда қазір иттер менен ұрылар
қыдырады, – деген лақап естідім.
Бүкіл дүние секілді енді бұл қала,
мырзалары тұрған кезде бұлдана,–
табандарын жатқан кезде құл жалап,
бүкіл дүние секілді еді бұл қала.
Көргенім жоқ құлдарды мен
сотқа келген екі қолы байлаулы
Азаматты көрдім бірақ мінбеден
қызыл тілі байлаулы...
Мырзаға да, құлға да
бүкіл дүние – бұл қала.


ФАЗЫЛ ХҰСНЮ ДАГЛАРДЖА


ВЬЕТНАМ ЖАҒАЛАУЛАРЫ

Күндіз Тонкин қойнауы Айға ұқсайды көгілдір,
Шөп сыбдырына аралас жыртқыштар
жыр төгіп жүр.
Америка жауызы, Азия жерін табады –
Жетістігін ғылымның, бомба қылып жарады.
Жиіркенеді көгім де бұ соғыстан ең шексіз
Ұлы уақыт, жазықсыз қанды, кәне, өлшеткіз,
Сәбилерді ерінсіз, аналарды емшексіз.

Түнде Тонкин қойнауы Айға ұқсайды көгілдір,
күйген еттің иісін жел әкеліп төгіп жүр.
Көрген жоқ-ты мұндайды жер-ана, су, жаға да,
Азия – Ана ақ шашты, қайырымды жер-ана.
Жағалаудың сары ала тауларынан, сан-қилы
Қызғалдақтың иісін іздеп самал шалқиды, –
тек өліктің, өліктің исі ғана аңқиды...

* * *
Таң қалмаймын күн сайын:
сәулетіне үйлердің,
салқындығына жолдардың,
ағаштарға, тізбек-тізбек шұбырған,
рекламаға түнгі оттармен құбылған.

Таң қаламын күн сайын:
әрбір ұзақ түннен кейін, талай үмітті алдаған
көп жүздерден күлкі көріп таңданам.

СЕНІМ

Мейлі, жұрттың көпшілігі аш болсын,
кір, лас болсын көбі әлі,
Әлсіз болсын көбі әлі,
ұры, аштан өлсең, өзіңе обалың:
мені алдау қиынырақ болады –
бұл бұрынғы заман емес, қарағым.



ӘТЕШ

Әтеш, таңмен қандай әнге саласың,
Қажытты түн, салшы әніңе, ән – асыл.
Төсегінде төңбекшісін тыныштық,
Жатқандардың зәрелері бір ұшсын,
тыныштықты жұмыс қып.
Сал әніңе, мақсұт алыс – ер ғұмыры ұзарсын,
Сал әніңе, қара тастың беті ұяттан қызарсын!

Қанжар құсап ертең үшін қайралған
Жарқ-жұрқ етіп оянсыншы қайғы-арман.
Оянсын қой, жылқы, күрек, тырмалар,
Күн алдында бостандықтан бер соларға бір хабар.
Сал әніңе, тас бетінен оты шықсын, қызарсын,
Көп болғанда жер мен көктің тыныштығын
бұзарсың.

Таң алдының әншісінің басын қырқып тастаған,
Жаныша алмайды әнші өмірін қанша қырсық
басса да.
Бар заманда, әр күнде, әр ғасырда,
Сәуле әкелер сенің үнің – жасырман.
Тау қызарсын айт әніңді, айт асыл,
Жер мен көктің тыныштығын бір шайқашы,
шайқашы.



ӘЛЕМДЕ

Мұнда,
Үнді мен Африка жерінде,
Ұқсас бәрі бір-біріне тегінде.
Мұнда, Үнді, Африка жерінде
бір махаббат нанға деген,
қорқыныш бір өлімнен.

Кім қай тілде сөйлегені – бәрібір,
бірін-бірі көзбен ұғып шығады.
Кім қай тілде сөйлегені – бәрібір,
Құлағыма желдің үні келеді,
Жел де мені ұғады.

Біз тұрамыз бір-бірімізден бөлек,
Шекаралар кесіп салған жол әне.
Біз жерде осы бөлінеміз өз-ара,
ал, аспанда мәңгі құстар одағы.

АҒАШСЫЗ АУЫЛ

Қайың, емен, қарағай, тал – бірі жоқ,
Жел ештеңе қа