етіппін ғой сәл мызғып, тағы жаңа кино ма:
Жап-жас сұлу балконда күліп қойды илана.
Сонсоң тағы мұңайды, ойлады ма өлімді,
Ойлады ма құдайды?! Мұңайғаннан не пайда,
Қызметіңді ет қатай да!
Алай-түлей көкірегім тыныштық жоқ, мен осы.
Секілдімін өлетін, ұсталатын немесе.
Полиция қамап кеп кітабымды, мүлкімді
Сүйгенімнің суретін алып кетер сықылды...
Шошып ояна келем, көңлімді әзер басамын,
Көл-көсір боп жатады жанарымнан жас ағып.
Ой арзандап содан соң шыға келем құлпырып,
Ыңырынып қоямын жеңеміз деп бір күні.
Ей, ақымақ айбалта тұр төбеңде,
ей, есуас, есек миын жегендер!
Жеңеміз біз,
жеңеміз, шыда, аш-арық, үздігіп...
Жүз мың рет қайталап келеміз ғой біз мұны!
Бұл жүз мыңға тағы да қосылады жүз мыңдар...
Моторыңды қыздыр тек,
Тездет, уақыт, қыздыр, бар!

ГЕВАР ӘНІ

Тау мен өзен жырын айтқым келеді,
Зеңгір көк пен шалқар дала өлеңін,
Жасыл жапырақ жырын айтқым келеді,
Жақсы үміт пен құштарлықтың өлеңін,
бар ақыннан бұрын айтқым келеді.
Гевар жыры – арыстандар өлеңі,
Арыстанның мұңын айтқым келеді.
Бөлме, төсек, аяқ, табақ дегенің
көңілімді бөледі.
Қорқыныш, күдік, әдет-ғұрып дегенің
көкірегімді тұншықтырып келеді.
Кеш боп қапты-ау,
Махаббатым (батыр ғой)
тау басынан түсіп келе жатыр ғой.
Қараңғылық қоюланып барады,
Әлде қайда титтей бала кекілді
елін аңсап, жас төгетін секілді.
Ойлар қамап, шаттық аңсап жетім бұл,
Көрінгенді қас көретін секілді.
Қалың әскер көлеңкесі (батыр ғой)
таудан төмен құлап келе жатыр ғой.
Соқырлар мен жетімдердің өлеңін
Өле өлгенше айтып өткім келеді.
Аурулар мен әлсіздердің өлеңін
айтып өтем дегемін.
Жалғыз ұлын көмген ана дегенің
құлағыма ащы зар боп келеді.
Түрмедегі, айдаудағы қайғыны,
ғашық болған жүректердің өлеңін
ғұмыр-бақи жырлап өткім келеді.

Неткен қиын, неткен азап десеңші,
Баскесердің қолында үнсіз тістенген.
Туған халқым – баскесердің қолында...
біздің қолдан қашан ғана іс келген.
Оһ, Құдай-ай.
неткен көп еді, тірлік, сенің арманың!
Керісінше болып жатыр бәр-бәрі.
Қанды шайқас, бостандықтың өлеңін,
Халық үшін тігілген ту өлеңін,
Теңдік пенен қайрымдылық өлеңін,
Ар мен ұждан өлеңің
айтып өткім келеді.
...Осы менің Гевар әні дегенім.

СОҚЫР

Өмір,–
қайғы-мұңмен жүректі толтырады,
Сәуірдің ақ бұлтындай толқымалы
Күн қауысса бар көрініс өліп, жартас
Қарауытып жағада сол тұр әне.
Көршідегі шілаяқ көтерем ұл
ағаш атын шу-шулеп жетеледі,
Самал,–
ұмыт бір заты қапты,
іздейді судыратып жапырақты.
Ақымақтық адамды өлмейді деу,
жел тынбайды дегенің – ақымақтық.
Өмір бірақ қашан да мәңгілік қой,
ал, өлім содан шығар жаңғырық қой.
...Нафталин сасыған сол бөлмеде ескі
кім сенер десем егер «өлмеді ешкім»?
Төсекте ескі адамдай күшті ішетін
ұйықтап жатты сәби ұл пыс-пыс етіп.
Уһ, жаным-ай, кеудем-ай, қабырғам-ай,–
жүрегімнің сондағы ауырғаны-ай!
Шырылдадым сәбидей емшек емер,
Қатты ауырдым, сүйіктім, сенсең егер.
Бездім сонда туған үй, жан-жарымнан,
Қамалады жалғыздық жан-жағымнан.
Тауға шықтым, оңаша еңіредім,–
Сорлы ма едің осынша менің елім?!
Келді бірде сүйіктім күң қызбенен,
Сүйіктімді мен өзім жұлдыз деп ем,–
Көрінетін тек қана қараңғыда,
Күдік салып бітірді маған бұ да.
Тасқа жаздым өлеңді со күні мен,
Ұйқас шіркін, сонда бір төгіліп ең!
Өзім де бір түс көрген сияқтымын,–
Жақсы түс пе? о жағына ұяттымын,
Өмір жаман түс қайдан жақсарады?
Мақтайсың ғой болмаса басқа амалың.
Тұман түсті, сол кезде кеш боп қалды,
иығында бозарып бешпет қалды.
Сенің қолыңды үрледім тоңғанымнан,
пияз исі аңқыды қолдарыңнан.
Аяғыңа жығылдым сонда сенің,
Бұрымыңа түн қонды, сонда сенің.
Жүйкем оратылды онда ұсақ боп бір,–
басым электр-плитаға ұсап кетті.
Бұта тұрды айнала қараң-құраң,
секілденді солардың бәрі аңдыған.
Сен кеттің де мен тағы жалғыз қалдым,
арасында ой деген балдыздардың.
Ауру еді ақылым онда менің,
аунақшыды жүрегім – қонбады емім.
Азабымды көтерді түн алқынып,
басым у-шу – болмады тынар түрі.
Өзен едің әкелген көп қуаныш,
ән боп ақыр ызыңдап кеттің алыс,
Сол бір шаңдақ қалада іңір құшқан
бақыт құсым болдың сен қыңыр ұшқан.
Қыңыр ұшып кеттің сен,
жалғыз ем боп
қанатыңның сусылы қалды менде.
Көмескі боп қалды бәрі, жетім болып,
бормен салған сурет секілденіп.
Мен ойлап ем:
бұл қаланы кешікпей көшіреді
қарағаның үн-түнсіз өшіге бір.
Бірақ қала орнында,
біле-білсең
мына мені қаңғыртып жібердің сен.
Маған қазір, о, көкке ұшқан мықтым,
аспанынан қарайсың құштарлықтың,
Ал, аға ғой, аға ғой кері, өзенім!
Дүние деген – әйнегі терезенің.
Біз – сөйлембіз, тынысты күтпе үтірдей,
бәрібір біз өтеміз түк бітірмей.

1. Назым ХИКМЕТ – 1902 жылы туған. Халықаралық Лениндік сыйлықтың
лауреаты. 1963 жылы қайтыс болды.

2. Зия ОСМАН САБА – 1910 жылы туған. Стамбул университетінің