Сені, сені,
сені сүймей қалуға.
А с п а н ш ұ ғ ы л а с ы
Сен жүзіңді жуғанда
Шашырайды нұр ғажап.
Шаттығың ғой ол сенің
Көктен түскен сырғанап.
А қ ы л
Ақыл –
біздің мазасыз көз
қорғалмаған
кірпікпен.
Т ө м е н н е н ж о ғ а р ы
Аспан – көктің ұстазы–
тау болуы шарт шығар.
Ал, таулардың ұстазы–
әлемдегі ең қарт қыран.
Ж а р ы қ а ш т ы ғ ы
Күндер –
зор бір бөлке нанның жартысы,
әлі де бар
тістейтінің тартысып.
Т і р ш і л і к
Сіз туасыз, күнәсіз
өмір кеше бастайсыз.
Шағыңызда ойланған
екінші рет туасыз.
К і м с ү й с е
Егер аспан
жылтырап
ғашық болса –
Күн туар.
К е р у е н
Надандық па әлде,
махаббат па әлде,
мың жылдар бойы қасиет қып, кие ғып
көтергені түйенің?
Е к і ж а р т ы
Екі жарты болады екен адамда,
бір жартысы шіріп бітер молада.
Бір жартысы көкке ұшады...
Жоқ о да.
Т ө р т қ а н а т т ы қ ұ с
Төрт қанатым болады менің
көңіл-пақыр тасқанда,
Төрт қанатты қағамын мен, келеміз
Сен екеуіміз аспанда.
М ә ң г і л і к с ы й ы
Түн –
Құдайдың
соқырларға
тартқан сыйы.
А л ы с
Таң атқанша
аптығады, асығады жығыла –
Менің ұйқысыз түнім
сенің сұлулығыңа.
Ш а қ ы р у
Шақырылған қонақпын мен өмірге,
мен – ақындар жүрегінің қонағы.
Жүрегімді жайып салдым, сол арқылы
бүкіл ақын шақырылған болады.
Ж е р ш ы н д ы ғ ы
Тау табыспас тауменен,
табысады адамдардың атағы.
Тау кетіспес тауменен,
ал, адам... кетісіп жатады,
Н е қ а л с а – с о л…
Ақылымызды аспанға аттық,
есер десең өзің біл;
Жерге төктік
сезімді.
Ө л е ң о қ у ж ө н і н д е б і р ш ы н д ы қ
Ақын ғана ауысқан
Жырын оқыр дауыстап.
Дыбыс деген, бір тағы:
ойды еміп құртады.
Т ү н д е т ұ ң ғ ы ш р е т
Әуелі құс көреді,
Жағалаудың ойланғанын көреді,
Судың қалай
Қара түнге айналғанын көреді.
С ө з ұ р ы с ы
Мен жазарда,
Әсем өлең төгерде:
сәуле ұрлаймын
ұлы көлеңкелерден.
ОРХАН УӘЛИ
СЕНДЕР ҮШІН
Бәрі, бәрі сендер үшін ағайын,
барлық бақыт, бар ұғым:
күн де, түн де – сендер үшін ағайын,
күндіз – шуақ,
түнде – айдың жарығы.
Ай астында жапырақтың дірілі,
Бұталардың қалғып ойға шомғаны;
қиялшыл ғой,
ақылды ғой жапырақ
жазығы тек – жеңілтектеу болғаны.
Күн астында мың бір бояу оянар,–
Сары, қызыл, ақ, көгі де – сен үшін.
Маңдайыңнан сипағанда –
алақанның жылуы
табиғатқа біткен ұлы келісім,
бәрі, бәрі сен үшін.
Денедегі жұмсақтық пен жылылық,
Сендер үшін көрген түстің тәттісі.
Туар айдың астында бар ұлылық,
Кеткен күндер көз көрмейтін жаққа ұшып.
Жағадағы кемелердің желкені,
Сендер үшін желбірейді, ағайын.
Хат тасушы хатын ұстап қабынып,
Сендер үшін келді дейді, ағайын.
Бейнетқордың аққан тері маңдайдан,
Ысқырына ұшқан оқтар – қан майдан,
Сендер үшін құлпы-тастар, молалар,
Түрме, бұғау, өлім – жаза,
қайғы, қырсық –
Итің сын-ды қарғылы...
сендер үшін барлығы.
ЖАЙСАҢ КҮНДЕР
Мені құртқан жайсаң күндер дәл осы,,
бәрі, бәрі осы күннің бәлесі:
Эфкафтағы жұмысымды тастадым,
дәл сол күні шылым тарта бастадым.
Мені құртқан жайсаң күндер,
есек пе ем:
үйлендім мен қорыққаннан өсектен.
Үйге нан мен тұз әкелуді ұмыттым.
Жерік болды жарым жырға сол күні,
өзім жыр деп ашыққан ем,
құнықтым.
Мені құртқан жайсаң күндер дәл осы.
ЕРКІНДІККЕ
Күн шығардан сәл бұрын
Теңізде бір тыныштық болады-ау,
осы кезде серуенге шыға қал.
Алақанда – рахаты ескектің,
түнде біткен іс шаттығы – көңілде.
Тартасың-ау кәрі ескекті төстеп бір,
түс көресің өңіңде.
Қарсы жүзер сонда саған балықтар,
сырғанайсың жуас толқын жонында.
Төк ауыңды, қалтқыңды қалықтат,
сұйық ақық секілді су,
қолың бар –
сүзіп қара, сол шақта:
шағаланың үнсіз жатқан шағында,
Қара дауыл шықса атылып аспанға,
Бұл не тағы? Су перісі? Құс па әлде?
Сым ішек пе? Труба ма?
Сасқанда
айқайлап кеп жібересің:
е-е-е, е-ей!
Не отырыс, қарғы жардан теңізге!
қатын-балаң күте ме үйде әлі де?
Түкір оның бәріне!
Көрмеймісің, маңың түгел – бостандық?!
Ескек бол сен,
не су бол,
не дауыл бол долданып,
ақ желкен бол,
бол балық,
жүз, сайранда,
күш жеткенше
еркін жығыл, еркін жық –
Міне, саған Еркіндік!
ЭПИТАФИЯ №1
Бұл дүниеде қиналды ол
бәрінен де қаттырақ
сүйел шығып башпайының астына.
Ажарсыз еді, онысына ренжіген жоқ, бірақ,