Тың жөнінде, ондағы жазушылардың міндетіне қатысты Қазақстанда осындай әңгімелер жүріп жатты. Тың туралы талай дүниелер жазылды, кейбіреуі кезінде танылды, оқылды. Облыстық «Советтік Қарағанды» газетінің редакциясы жанындағы 1954 жылдың 27 сәуірінде ұйымдастырылған әдебиет бірлестігі қалаға іс-сапармен келген жазушылар Мұстафин Ғ., Ақтанов Т., Бегалин С. жолдастармен кештер өткізген. Бірлестік мүшелері – 9 адам. 01.12.1955 жылы Жас жазушылардың творчествалық еңбегіне арналған пленумда А.Теміржанов бірлестікті сипаттайтын сөзін келтірейік: «Қарағандыдағы Байсеитовты алайық. Газет жанындағы бірлестік дұрыс жөн сілтеудің орнына осы Байсеитовты бұзды деуге болады. Себебі, оның бір жыл ішінде жазған жеті поэмасын газетке басып шығарды. Қазір Байсеитов өзін бір гений санайды. Қарағанды облысы бойынша жазушылар одағының бөлімшесін ұйымдастыру қажет. Жас жазушылардың республикалық кеңесі қарсаңында Қазақстан Жазушылар Одағының тапсырмасымен 1956 жылдың қыркүйегінде Қарағандыға Қапан Сатыбалдин келген. Әдеби бірлестіктің 1956 жыл 12 қыркүейектегі нөмір 6 хаттамасынан, бірлестіктің хатшысы Ә.Әзиев, оның Қарағандылық қаламгерлермен кездесу өткізгені белгілі. Сол кездесуде Қарағандыда Жазушылар Одағының бөлімін ашу туралы сөз қозғалады. Әдеби бірлестіктің төрағасы, «Советтік Қарағанды» газетінің редакторы Тайкіманов Б. облысқа Алматыдан іс-сапармен жазушылар жиі келеді. Бірақ олардың шахтерлермен, өз оқушыларымен кездесуі, бой көрсетуі аздығын» айтқан.
«Социалистік Қазақстан» газетінің Қарағанды облысы бойынша тілшісі , ақын Теміржанов А. оның үстіне Алматыда шығатын «Қазақ әдебиеті», «Әдебиет және искусство» журналы «әдебиет мәселелерін дұрыс көтермейтінін» атап өткен. «Жазушылар Одағы мұны ескерудің орнына тіпті біздің өзімізбен байланыс жасамайды. Оның басшылары қала берді не жазып жүргенімізді де білгісі келмейді» деп сынаған.
Жазушылар Одағына өзінің сапарынан есеп берген Қ.Сатыбалдин жауапты хатшы С.Омаров пен жас жазушылармен жұмыс жөніндегі кеңесші Ж.Саинға жазбаша баяндамасында барлық керекті адамдармен кездесуге егін жинау науқаны кезінде мүмкін болмағанын жеткізген. Облыстағы партия комитетінің үгіт-насихат жөніндегі хатшысы Хафизовтың Нұра ауданының егіс алқабында жүрген, Такуманов жолдас та сонда обкомның өкілі ретінде егістерді аралауға кеткен. Қарағанды қаламергерлерінің арасында әрине классиктердің табылмайтындығын, алайда оларға қол сілтей салуға болмас деген өз пікірін білдірген. Орыс бөлімі апта сайын жұма күні сағат 18-де жиналуды әдет қылған. Бірақ, өкінішке орай одан нәтиже жоқ. Қазақ және орыс бөлімдері бөлек-бөлек өмір сүреді. Орыс тілінде сөйлеу қиын деп қазақ бөлімі орыс бөлімімен бірігіп жиналыс өткізуден үзілді-кесілді бас тартты. Осы дұрыс іс пе деп өкініш білдіріпті.
Қарағанды қаласының қазақ тілді қаламгерлерінің сыны орынды болғандықтан Қ.Сатыбалдин жеткізген талап-тілектері жерде қалмады.
1956 жылдың 21 желтоқсанында Қазақстан Жазушылар Одағының төралқасының мәжілісі өтті. Оған төралқа мүшелері : Ғ.Мүсірепов, М.Әуезов, С.Мұқанов, Д.М.Снегин, С.Омаров, Т.Жаров, Т.Ақтанов, К.Хасанов, партиялық бюроның хатшысы Ж.Саин, Қазақстандық мемлекеттік әдебиет баспасынан Т.Балтагожин, Э.Имангамбетов, М.Қаратаев, Советтік Социалистік Кеңестер Одағының Жазушылар Одағынан П.Скоспрев, З.Кедрина, Р.Алимкулов қатысады. Күн тәртібіне бір ғана мәселе қойылған: Қазақстан жазушылар Одағының облыс аралық бөлімдерін құру. Баяндама жасаған Ғ.Мүсірепов. Мәжілісте Қазақстан Коммунистік партиясының Орталық Комитетіне және Министрлер Кеңесіне Қазақстан жазушылар одағының облыс аралық 3 бөлімін: оның бірі Қарағандыда – Қарағанды, Ақмола, Көкшетау, Солтүстік облыстардың әдебиетшілері үшін, құру жөнінде ұсыныс пен шығу қажет деген қаулы қабылданады. Қарағандыда жазушылар Одағының бөлімін құру қандай деңгейде, қандай уақытта шешілген. Өмір мен өнер, өндіріс тіршілік дейтін тай қазанда қайнап жатты.
Алғашқы миллиардты жинап алу науқаны басталған сәтте Жұмекен 05.07.1956 жылы шахтамен қоштасып Алматыға, оқуға, жол жүруге қамданған. Оның комсомолдық жолдамада көзделген 2 жылдық мерзімінен бұрын шахтадан кетуге кеңес беріп, Алматыға оқуға кетуіне қолғабыс жасаған, қолдау көрсеткен үлкен жүректі, мықты қазақ Кенжин Әукебай Келмағанбетұлы еді. Қанды қырғын, Ұлы Отан соғысы кезінде «Қарағанды майдан үшін» атты эшелон-эшелон көмір, тамақ, киім ұйымдастыруға басшы болған Кенжин Әукебай, 1898 жылы туған, жас кезінен мемлекеттік іске араласқан, оқыған, тоқыған талай азаматты танып, таланттыға жол ашқан көреген болатын. Өте сауатты, мәдениетті, текті қазақ. Қарағанды кеншілерінің облыстық кәсіподағын басқаруы бекерден бекер еместі. Кәсіподақты басқарып отырғанда ол облыстық партияның пленум мүшесі, облыстық, қалалық кеңестердің депутаты, Одақтық, республикалық, облыстық кәсіподақтардың орталық басқару ұйымдарының мүшесі болатын. Билік те, бедел де, білік те, білім де бір басында