ақ әдебиетін, басқа бауырлас республикалардың әдебиетін біршама білуге деген мақсат та қойылмаған, ешқандай да орынды қадамдар жасалмаған сыңайлы. Бізге бекітіліп берілген Симонов біздің әдебиетті білуге қадамдар жасайды деп күтіп едік. Біз қайдағы бір колхоз емеспіз, бізді проценттеп білу үшін. Біздің әдебиетті білу үшін әрбір поэманы, әрбір кішігірім өлең-тақпақты білу керек, және де оны оқу қажет».
Суроковқа қазақ Ж.Саин қалай ашық, тура, әділін, ақиқатын айтқан. Тайсалмай. Білмейсің, білсеңіз де нашар білесіз, білуге ынталы да емессің дейді.
Мартьянов С.Н., Қазақстан Жазушылар одағы басқар-масының 1956-58 жылдары Секретарі, өз сөзінде: «...әрине осында 20-25 жыл тұратын, туған орыс жазушыларына қазақ тілін білмегендері жаман, кешірімді емес. Алайда, оларды қазақ тілін үйренгісі келмейді деп айыптауға болмайды. Бұнда қазақ тілін үйренуді ұйымдастыру керек»,- деген.
Қазақстанда туғандарға қазақ тілін білмеу кешірімді емес дейді орыс ағайын.
Сәбит Мұқанов: «бауырлас тілдердің Бүкіл Одақтық институтын ұйымдастыру туралы мәселе қоятын мезгіл жеткен сияқты»,- деп ұсыныс жасайды. Оны М.Әуезов іліп алып, қолма қол, бұл дұрыс ұсыныс. Шетелдік Шығыс тілдері институті бар, ал Кеңестік Шығыстігі жоқ деп С.Мұқановті ұлттық мақсат-мүдде де қолдап шыққан. Ұлттық тіл мүддесінде бір жерден шыққан қазақ әдебиетінің екі алыбы.
С.Мұқанов одан әрі жалғастырып, жиналыстағы сөйлеген жолдастар ұлттық республикаларда тұратын орыс жазушылары сол республиканың тілін оқып-үйренбейтіндігін жиі айтып жатыр. Бұл заңды және дұрыс «упрек».
Қараңызшы, сонау заманнан Сәбит Мұқанов қазақ тілін үйрену, білу, оқу заңды талап деп отыр. Енді, әрі қарай С.Мұқанов былай дейді: «Жолдастар, мұнда өзіміздің ортамыз, мынандай фактіге жүгінейін. Мысалы, Дмитрий Федорович Снегиннің әкесі марқұм Федор Снегин қазақ тілін тамаша білген, ал Дмитрий Снегин қазақ тілін білмейді. Иван Шуховтің әкесі де қазақ тілін тамаша білген, ал Иван Шухов білмейді».
Сәбит Мұқанов осы сөзімен өз заманындағы орыс жазушыларының қазақ тілінің білмеуінің негізгі себебін астарлап келтіріп отыр. Сіздерге де түсінікті.
Ал, енді сөз майталманы орыс А.А.Сурков не деді дейсіз ғой. Ол төтесінен бірақ тартты да былай деп толғады: «Әркімді соның туған тілінде оқи білу - ол бір біріне деген сүйіспеншіліктен туатын махаббат. Біз кезінде Т.Г.Шевченконы орыс ақыны қыламыз деп тырысқан адамдармыз. Жолма-жол 12 жол өлеңінен аударма жасадық, одан әрі ештеңе шыққан жоқ. Себебі, бізде түпнұсқаға сай келетін орыс тілінде сөз табылмады, орыс тілі мен украин тілі ағайынды деп айтса да».
Сурковтің сөзінен бірақ тұжырым шығады: қазақ тілін үйренгісі келетін адамға сол тілге, сол ұлтқа деген махаббат керек. Қазақ тіліне, ұлтына, халқына сүйіспеншілік. Бауырым деп сүйсең -үйренесің. Қазақ тілін білуді талап ету әділетті талап. Абай атамыз айтқан жол:
«Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті».
Махаббат жоқ жерді қиянат жаулайды. Әділет жоқ жерде әсемдік те тұрақтамайды. Абай өнерінің де негізі қазақ тілі.
Абайға дейін де қазақтың ғажап поэзиясы болғандықтан да, қазақтың бас ақыны да осы қазақтың даналығынан шыққан. Үйренсе батыстан да, орыстан да, шығыстан да үйренген шығар. Алайда, түпкі негізі түркі, қазақ. Абайды, қазақ әдебиетін қит етсе батысқа апарып бас идіретіне келіспейміз. Абайды әлемдік әдебиетті, ілімді, ғылымды оқыса, оқығанын қорыта, байыта, жаңарта, жаңғырта білді. Адамдық ойлауды қазақ даласында отырып-ақ адамзаттық деңгейге көтерді. Қазақ топырағының негізінде. Абай талайларды талай ғасыр толғандырған толық адам концепциясының негізі поэзия, дін, ойшылдықта екенін көрсетіп кетті. Оқып, үйренгенін даланың даналық мінезінде сақтады. Отарлау саясатын терең түсінген Абай өте сақ жазды, оның поэзиясы бодандыққа, отарлауға қарсы көрсеткен азаматтық қарсылықтың, бағынбаудың, күрес идеяларына, үніне, ойларына тұнып тұр. Тереңіне үңілсеңіз Абайдың сөздерінен оның Кенесары ханның ұлттық-азаттық қозғалысын қолдаушы, қазақ поэзиясында ұлттық идеяны жалғастырушы болғанын көресіз.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағатында сақталған Қазақстан Жазушылар Одағының партия ұйымының ашық партиялық жиналысының 1951 жылы 20 сәуірінде өткен отырысында «Правда» газетіндегі 26.12.1950 жылы жарияланған «Қазақстан тарихы туралы сұрақтарды маркстік—лениндік тұрғыдан көрсету» деген мақаланы талқылағанда жазылған хаттама-стенограмаға сәйкес Мұхтар Әуезов Абай жайында былай деген: «Маркстік ілімге шейінгі барлық ақындар мен ойшылдар сияқты Абай да қоғамдық өмірдің өзгеруіне ықпал ететін құбылыс имандылық деп санаған. Абай да өз діні болған, басқа да қателері болған». М.Әуезов қылышынан қан тамып тұрған билік алдында қателік деп айтқанмен, бәрібір Абайдың негізгі ерекшелігін, ұлылығын көрсетіп кеткен. Осы жиында Қасым Аманжолов та өзінің 1940 жылы «Кенеке» атты Қасымов Кенесары туралы поэма жазғанын мойындайды. Өзі де кейін «Бір партия жиналысы» атты өлең жазды ғой. Қ