оқалға өседі
дегенді естігені бар-ды, сол өтірік секілді – манадан іздеп, керегіне асар іштеңе таба
алмады. Әр талды бір қырқып аршиды, не тым жіңішке, не құрт түскен, әйтеуір,
мін табылады, қайсыбірін қауылдырығы сыртынан басып байқап, аса береді. Осы
қазір үрпектегі шоқалдардың ең зоры, балалардың өздері алмас-інген атаған үлкен
қияқ шоқалға таянған. Шоқал алысырақтан қарағанға шөккен түйеден аумайды. Бір
тал қияқты кесіп ап, тез-тез арши жөнелді. Соңғы, ішкі қабықты сыпырып қалған,
жіп-жіңішке екі-үш ақ қарабас құртты көрді. Бала-жылан тәрізді сумаңдай
жорғалайды. Сансыз көп аяқтарына көз ілеспейді. Жиіркеніп, лақтырып жіберді,
сонсоң шоқалға қарап қолын түңіле бір сілтеді: сені қойшы, кәукиген кеудең ғана.
Пышағын күн көзіне жылтылдата бұлғап, үрпектің құбыла буырындағы суыттыққа
қарай жүгіріп түсті.
Екінші класты бітіріп келген. Таң атып алса үйге сыймайды. Маңай, үй-іші бір
түрлі, тып-тыныш, көңілсіз тыныштық. Үйдегілердің тіршілік-қарекеті де
ұнамайды. Ешқайсы ештеңе білмейді. Шетінен надан. Әсіресе, сөздерін айтсайшы!
Сөз емес-ау, сөз емес. Бағана мамасы:
– Келін қашан келеді, құдықтың суы ескіріп атыр,– деп салды. «Құдықтың суы
ескіріп атыр. Тыңдап көріңізші? «Ескіріп атыр». «Атыр» деген сөз болмайды,
жатыр. «Құдықтың суы ескіріп жатыр». Міне, бұл дұрыс. «Ана тілінде» Қанағат
солай оқытады, солай жазғызады.
– Мама, құдықтың суы ескіріп жатыр де, атыр емес.
– А-аа? Мені түзейін деп пе едің?
– Рас, мама, олай айтсаң қате болады.
– Қате болады? Нағылған қате?
Әне сол еститінің, көретінің. Ешқайсысы тыңдағысы, оқыған адамды түсінгісі
келмейді. Шетінен қараңғы. Бітеу қорадағы түн секілді. Бір жақсысы, келгелі ешкім
Шөтке-шашты ештеңеге жұмсаған емес. Жеті қанат үйдегі жалғыз оқымысты кісіні...
қозы, бұзауға жұмсауға кім батыл етсін!
– Идаят қағазын қарасын. Тұрыңдар, әй, түге, қой Қайда?– Ондайда Идаят,
оқығысы кеп отырмаса да, амал жоқ, сөмкесін ашады. Қанағат ағасы берген үш
кітабы, үш-төрт дәптері бар, соны алып қараған болады. Оқығасын қабағыңды
шытып, түйіліп алмасаң ғылым қона ма, бұ да екі қасының аралығын жиыра қояды.
Мұғалім кітапты дәйім сөйтіп оқиды. Тек, Жамал. Бәрінен ақымақ.
– Ақа, ақа, дейім. Оқьш атырсың ба, жазып атырсың ба?
– Кет әрі, ойды бөлме!
Мұны естіген сайын қарт көзінен жас аққанша күледі. Бүкіл қарынымен
селкілдейді. Бұған көкесі бір жағына сәл ауса қарыны ақтарылып қалатындай
көрінеді. Өйткені, күлкіні ұнатпайды. Сонша не бар күлетін? Күлкі де –
қараңғылық, надандықтан шығар. Оқығандар өйтпейді.
– Идаятжан,– деген бірде көкесі, бұны кәдімгідей үлкен кісі санап,– Идаятжан,
оқығаныңнан ана карындастарыңа да үйрет, үйренсін.
– Өй, осылар оқи алатын ба еді!
– Олай деме, неге оқымасын, олар да өзіңдей жандар ғой.– Бұл қара баланың
ойына келмеген-ді, кенет, қуанып кетті: болды қызық, енді оқытады, сабақ береді,
мұғалім. Осыны ойлағанда мықтап мақтанды. Жұрт он жыл, тіпті, оннан да көп
оқып, әрең болады. Өзі, қара бала, бір-ақ жыл... Сөйтіп, ол оқыта бастайды. Ми
алып тұрса, кластың саны... есептеп не керек соны? Екі класын бір-ақ бүктеген жоқ
па, баласы! Бірақ, іске кіріскенде көп мәселе қинады. Ен бастысы – қоңырау.
Қоңырауға жарайтын ештеңе таппай дағдарды. Не амал іздеу керек? Темекі сауыт
болса ғой, шіркін! Нағыз қоңырау сол. Неге екені белгісіз, бірден осы қоңырау
дағдарысын шешуді жөн санады. Қалғаны оңай көрінді. Дереу жұмысқа жұмылды,
мемлекеттік көлемде мән беріп, жан-тәнімен кірісті: әрі оқу, әрі ойынның, бұрын
Ашақ төңірегінде ешкім ойнамаған, жаңа түрі. Сонымен, ойлап-ойлап қоңырауға,
ақыры, вазелиннін қалайысын лайық тапты. Ішіне сақадан түскен бір түйір
қорғасынды салып, шайқап қарап еді, қәдімгі қоңырау – шылдырлайды. Үш
қызды қаз-қатар отырғызып қойып, қатты ескертті.
– Ал, қазір званок соғам, сонда тыныштала қалыңдар, әйтпесе мектептің жиырма
пункт ережесін бұзған боп саналасыңдар,– деді. Аналар ештеңе түсінген жоқ,
сондықтан, шулап тұрып күлді.
– Мә-ә, збәнек дейді. Збәнек деген не?
– Ол ма, ол збәнөк емес, званок.– Осы арада-ақ ашуланып қала жаздап өзін-өзі
ірікті. Ұстаз кешірімді, ұстамды болады, сөйтуге тиіс, әйтпесе, кімді үйрете алады?
Үйретеді екенсің шыдап бақ.
– Тыныш, тише. Званок соғылды, ал – Идаят вазелин қалайыны, шылдыр-
шылдыр еткізді,– тынышталыңдар!
– Мә-ә, бәлем зібәнәгін қара!–деп күлді біреуі. «Мұғалім» бұ тұста да асқан
төзімділік жасады. Барынша жайдары:
– Тише. Кейін бәрін түсінесіңдер, (бұ да Қанағаттан естіген сөзі) қазір,– Педагог
сасып қалды: бор бар, тақта жоқ. Мамасының құрт жайып жүрген жөке-тақтайы
болатын, көзіне сол түсті. Әкеп іргеге, керегеге сүйеді:
– Мынау, тыныш, қараңдар, біздің тақта болады.
– Қайдағы тақта? Мамамнын құрт жаятын тақтайы!– Мұны естімеген шырай
танытты, оқушының әр сандырағын баға берсе мұғалімде бедел қала ма? Борын
алып, «тақтаға» бір әріпті әрең салды. Жөкенің беті бұж-бұж, құрттың табы,
жаздырмайды.
– Мынау,– деді, тақтайды тық еткізіп бір шертіп,– мынау «А.» Ұғып алыңдар,
сөз басы осы. Әліппе «А»-