ы сол еді, біреу жанына кеп,
атынан домалай түсті, дереу тең-жіпке жармасты Аман-саудың орнына басын бір
изеп, ерінін жыбыр еткізді. Жыңғылды артып, түйені тұрғызган соң ғана тілге
келді.
– Шырақ, қай үйдегі келінсің? Танымай тұрғаным,– деп мұның көзіне
қарады. Сонсоң, әлгі сөзіне жауап күтпестен, әрі қарай сөйлеп кетті:
– Қарағым-ай, өзің бір майысқақ, әлжуаз зат екенсің, осынша су жыңғылды
қалай шауып алдың? Ей, аштан өлгір,– қусақ, қаудан қияқтың түбіне тұмсығын
сүңгітіп жіберіп, жаңа қылтиып келе жатқан көкке емініп қатып қалған атын
тізгінінен жұлқи тартып, басын зорға көтертті,– аштан өлдің бе, аштан өлгір
сонша?– деп мұрнының астынан сөйлеп, аяғын үзеңгіге сала бере ерге қарғып
отырды. «Қарағым-ай, өзің бір...» Мәруәнің алқымы тарылып жүре берді.
Бейтаныс адам бірер қабақ асырып сап, жөніне кетті. Не айтқаны, не сөйлескені
есінде жоқ, әйтеуір, талайдан бері лықып, толып жүрген көкірегін бір босатты.
«Қарағым-ай, өзің бір...» Неткен жақсы, жылы лебіз! Кашаннан есгімеген сөзі.
Жүрекке жақын, құлаққа жұғымды бір дыбысты аңсап-ақ жүрген. Әркімнің бетіне
жалтақтап, әлденендей бір кешірім, мейірім күткелі қашан! Соны аяқ астынан,
бейтаныс біреуден тапты. Қазір кісінің жанын ерітетін бұрынғыдай, ыстық сөз жоқ
шығар, оны айтатындар да құрыған деп налитын. Бар екен ғой? «Қарағым-ай, өзің
бір...» Әлі құлағында тұр. «Үзз-зі қарра» емес пе еді бұл? Бөтен кісінің көзінше
жылап жібергенін есіне түсіргенде ұялған да, арланған да жоқ, себебі,
«Қарағымайды» шын ниетімен аяп, езіліп айта алған жанға сенуге болады! Мәруә
осылай түйді. Сөйтіп, жол бойы мырсылдаған, бірақ үйге көңілді, жеңіл оралды.
Қиналған, торыққан сәттері: аяғыма шырмау – сен екеуің деп, күйіне тілдейтін екі
ұлын қайыра тапқандай болды. Екеуін кешіре, аяй, ұзақ еркелетті. Аға-жеңгесін де
со күні түсінген сияқтанған. Ертеңіне колхоздың сиыр фермасына жұмысқа кірді.
Май тартатын машинада істей бастады. Әуелі сүт құйып, ыдыс тазалайтын
көмекшілік міндетін атқарған, бірер жұмадан соң бүкіл ферманың сүт-қаймағының
билігі өз қолына көшті. Бейтаныс кісі осы колхоздың сиыр фермасының
меңгерушісі, әрі екінші басқармасы боп шыққан. Содан бері көзі ашылды. Үй-
ішінің қабағы да жарқырап сала берді. Қазан-аяқ жақ ыбырсыған тағам – май,
айран, ірімшік, құрт. Қарындастың қадірін кім білмейді?! Әлібек алғашында
маңайлатпай қойған. Сонсоң:
– Құдайдың қосуымен шамалылау біреуге шығып еді. Қарағымның
(«қарағымды» о да айта алады екен) маңдайы ашылмады. Серекең сөз салса
қарсылығым жок. Тек мерзімді кесіп-пішпей тұра тұрсын. Жолы алыс, тозып,
қамкөңіл боп келген бала. Кішкене есін жисын. Мен де жиналайын,– деп кергіді.
Күйеу қанша күйеу болғанмен қарауындағы кісінің сылтауын тыңдайтын есуас
емес, нақ осы тұста тізеге салып жіберді.
Бүгінгі той сол, Мәруә мен Серікбайдың тойы. Шаруашылығы алдыңғы
қатардағы колхоздың кіші де болса басқармасы, әрі ферма меңгерушісі, аудан
алдында беделді азамат неше мәрте үйленсе де – ол тойдың жасалмайтын жәйі
қайсы?
Серікбай жасы елу асқан, мығым, мықыр денелі, жүзінде, екі танауынан ылғи да
сертиіп, сыртқа теуіп тұратын екі-үш тал қылдан өңге тұлдырсыз, жылтыр, қара-
сұр кісі. Жо-оқ, сынау-мінеу емес, бары осы. Елдің сөзімен айтқанда, қайырқом,
«бағы жүріп тұрған» кезі еді. Сол қайырқомдығы мен бағының жүріп тұрған
арқасында өткен күзде, ат шаптырым жерге түкірігі шашырайтын көбікауыз,
сойдақ тіс қартаң әйелі өліп, ер жеткен бір ұл, бір қызымен бойдақ қалған. Расында
қайырымды, оның үстіне шаруаға алғыр адам-ды. Білім-парасаты: бас ұстағанда
құлақты қай балаға беру керек екенін дәл біледі. Дүниеде, көзі көрсе сынап,
ұрысқысы, кекеп, кеміткісі кеп тұратын екі кісісі бар-ды. Бірі, Құдайдың өзі
құтқарған кемпірі де, бірі тағы сол Құдайдың өзі қосқалы тұрған Әлібек –
Мәруәның ағасы. Әлібектің кешпестей қылмысы болмайтын, тек сөзі көп, әрбір сөзі
көп адам – жалқау ғой, Әлібек осы колхоздың маңдай алды жалқауы. Оны
Серікбай түгіл, соғыстың өзі еңбекке үйрете алмады. Әскерде сегіз ай жүріп қайтты.
Әңгімесі көл-көсір. Көбінің өтірік, ойдан құрастырылғанын әйелі Әлимадан
басқаның бәрі түсінеді. Бүкіл қыр өлкесінде армиядан тірі оралған адамдардың
ішінде жалғыз сыңар медаль (қалғандары құрығанда екеу) тағып келген сол. Ал,
тындырған ісін ез аузынан тыңдап көрсеңіз... Бауыржан далада қалады. Серікбай –
басшы адам, сондықтан жалқауды жек көруге тиіс. Әлібек – жалқау, басшы
атаулыны ол ұнатпаиды. Өзінің жұмсалмаған жұмысы аз, ешқайсысын істеген
емес. Күрек ұстаса, еһе, белінің кілт етпесі ораққа – иығының сарсуы, айыр
көтеруге қабырғасының шытынамасы бар, әттең дүние-ай, мылтық ұстайтын-ақ ер,
бірақ мылтық алғасын біреуді ату керек, бұ колхоз кімді атқызады, өзіне, Әлібекке
ұсаған жалқауларын атқызбас! Содан Серекеңмен тұз-еңбегі жараспай-ақ жүретін.
Мәруә араласқалы жағдай өзгеріп кетті. Серекеңнің өзі онымен қол алысып
амандасқаны аздай, жылы ұшырай күле сөйлесетін шығарды. Бір орайда тіпті
жасының кішілігіне (дәрежесін ескермегенде) қарамай «Әлеке» де