дан басталады.
– А дейді, бұл бар ғой, бұл... ана Қанішкеннен келген бөтен кісінің жер өлшейтін
ағашы. Оның да осындай екі бұты бар.
– Иә, өтірік. Ақам бізді алдап отыр!– Міне, осы жерде шыдай алмады.
Жамалдың жағынан шапалақпен тартып кеп жіберді. Анау баж етті.
Мамасы шай пісірім ұрысты.
– Әйтпесе оқытпаймын, үйретпейім. Қалыңдар қараңғы! Бәрі өздерің үшін,
маған не?–деп бұртаңдаған. Алғашында оқыту қызық сықылды еді, бірер күннен
кейін-ақ жалықтыра бастады. Көкірегін кернеп, сыймай тұрған ілім-білімі де сәл
төмен түсіп, жаны жай тапқандай. Кеше тым самарқау өткізді. Ілкідегідей емес,
«шәкірттері», керісінше ынталана берген: олар құмартқан сайын бұл зеріге түсті.
Кейде, тіпті, үйге тапсырма жаздырып, тарататын оңай әдіске көшті. Бүгін «Л»
әрпін түсіндірді.
– Бүгінгі сабағымыз «Л» әрпі. Мысалы: лайсаң, лағыл, лақ – деп сыпырта
жөнелген, тағы да кішкене Жамал бүлдірді, дереу лақ боп сылдыр-сылдыр
маңырай қойды: «мә-һе-һе-лек!» Осы қыз-ақ түбіне жетіп болды. Жарысып,
қосарланады да отырады, сөйлетпейді. Талай бұрышқа тұрғызып, жазалады,
Қоймайды. Қайдагы есуас сұрақты тауып, басын қатырады. Бір жақсысы – алғыр,
қағып алады. Бірақ, тәртібі нашар. Оқушы тәртібімен ғана бағаланса керек.
Мұүғалім апай солай етеді. Сабақ үстінде тыныш отырмаған балаға, сұрамай-ақ,
«2» қояды. Қанағат... жоқ, ол өйтпейді. Тәртібіңе бола жазалап, білімің үшін тиісті
бағаңды салады. Идаят, сөз жоқ, Қанағатты қостайды. Бірақ Жамалға өшіккені
сондай, бірер мәрте апайшылап кетті. Ондайда Жамал жер тепкілеп отырып алады.
Екіңді алмайым, өзің ал деп безек қағады. Мұндай пәлені кім көрген? Титтей болып
бар ма, қырсықтың қырсығы, көнбейді. Оның үстіне өлердей мылжың. Қайдағыны
ойлап табады. Жаңа да бір «2», бір шапалақ беріп шыққан.
Суыттықтағы қалың қияққа кірді. Бір талын қырқып ап, қабығын арши берген,
саусағына бірдеңе быж етіп жабыса қалды: сарыатан-қоңыз. Қолын үсті-үстіне
сілкіп, әрең түсірді. Қияқтың буыны бар, тұйық басын кертіп, тіл жасады. Үш жерін
ойды. Жасаған сырнайын ойнап көріп еді, үні әп-әдемі, сазды. Тек, өте әлсіз,
жіңішке. Тағы бір талды кесіп, қолтығына қыстырды да, үйге қарай аяңдады.
Домбыра жақсы ғой, дегенмен, ылғи тарта берсең о да жалықтырады, жаңадан
үйреніп, қосып жатқан күйің жоқ, ал, сырнай... сырнайға бәрі жаңа. Даусы иінді,
ырғақты оңай бағындырады, бұрылыс-қалтарысы көп құбылма, толқыма әндерді
(«Ләйлім» сияқты) әсем келтіресің!
Шөтке-шаш биыл екінші класты өте жеңіл үлгерді, үздік бітірді. Есебінше, бес
жылда он класты тәмәмдап, алтыншы жылы мұғалім болмақ. Әйткенмен, өмір өз
дегенін істеді. Келесі кластарда ылғи «5» алып, көзге ұратын көкірек шәкірттің
орнында, «3»-ке қанағат қылатын, жолдастарының бәріне ұнамды, кішіпейіл азамат
өсті.
12
Сонымен бүгін той. Әрі итеріп, бері тартып кеп әрең келісілген. Әлібектің ауылы
Мыңтөбеде болатын. Мәруә екі бала жетектеп қайтып келгенде ренжігені сонша,
көшіп кете жаздады. Әуелі жай, төркіндедіге жорып, қуанған сыңай танытқан.
Күйеу баланың талақ тастағанын, ашып айтпағанмен, қарындастың да кінәсіз
еместігін естігенде ше? Қатынша зарлап қоя берді:
– Бұ не, бұ. Адыра қалғыр, қу топырақ. Құдығы да құлауық! Қоныс боп
жарытпадың,– деп кінәлап жазығы жоқ қара жер байғұсты біраз сілейтті. Сонсоң
әйеліне тиісті:
– Сенің аузыңнан әйтеуір бір жақсы сөз шықпайды. Қайдағыны қайдан біле
бересің?!– Қарындас қасқа ағасына не бетімен сөйлесін! Бәрін түсінеді, сезеді. Ертіп
қайтқан өзіне аян. Қадыржан мен Сағыржан жақсы тұрмыс (шөп көранадан тәуір
ғой) пен жаңа адамдар танып, соған шаттанып үлгергенше бір жеті өтті. Бір жеті
балалар жақсы жүрді, келесі күндерден бастап қыңқыл шығарды:
– Мама дейім, Көкем қашан келед дейім!
– Мама дейім, үйге қайтайық дейім!
Әкесіз өткен он үш ай уақыттың қалған күндері осы. Алдай-алдай Мәруәнің да
айласы бітті. Келе-келе балалар шешелеріне сенуді қойды. Кит етсе:
– Иә, өтірік! Алдайды,– деп бұртиысады.
Соғыс кедейшілігінен енді-енді құтыла бастаған, әлі де жетімсіз, әлі де аш-көз
төркін-жұрағатқа үш бірдей ауызды аспен толтыру – оңай ма, онсыз да бір қауым
бала-шаға асырап отырған аға-жеңгеге батқаны осы-тын. Алты айға шейін
Сейсіметтің ұстамсыздығына сенді, жаны қатал кісі емес, ренішін ұмытар, кешірер,
келер десіп жүрді. Одан күдер үзген соң қабақтары тіпті салбырады. Ғұмыр –
оқиғасыз болған ба, бүл үйдің де әліне қарай өз қырсығы болатын. Мәселен: құдық
құлайды, бұзау еміп қояды, сүт іриді, т. б. Кінәлі кім? Баяғы Мәруә мен екі бала.
Олар келместен бұрын құдық құламайтын, бұзау жамырамайтын, сүт ірімейтін.
– Тілеуі кесілсін, құдық құлап қапты. Қырсық жайлаған үйдің шаруасы қайдан
оңсын! Немесе:
– Қарасан кегір, бұзау жамырап кетіпті. Осынша адамды немеп асырайым енді!
Әй, Құдай, Құдай! Әйтпесе:
– Осынша жұрттың қарап отырғаны. Кептірді-ау ауызды! Астына от жаға
бастап ем, су боп жүре берді. Әй, Құдай, шұнақ Құдай!– Бүл сөздер өз
құлақтарымен еститіндері ғана. Сырттарынан не жетістіреді дейсіз! От басына, ерлі-
зайыпты екеудің арасына ұрыс кір