егінің етегі тізесінен екі елідей жоғары, жиырыла, ысырылып қапты. Қыз
иегін ер адамдарға тән ірі, тоқпақ-жұдырығына қойып, міз бақпай отыр. Мынау
оның алдындағы дәптерге қараған боп, созылып барды да, көк етекті қара санның
ортасына шейін түріп жіберді. Қыз етегін жұлқи түсіріп, алдыңғы жағын екі
тізесімен қысты, ешкімнің бетіне көз салмастан:
– Көргенсіз! – деп сыбыр етті. Содан бет-жүзі (меңінен басқа) ду күреңітті.
Қанағат артына бұрылмай-ақ:
– Рас, көргенсіз!–деп кесті. Сонсоң тақтаның он қатарына бір қырын тұрып,
таяқшасымен бір санның шекесіне түртті:
– Төртінші класс, қане, кім шығарады мына есепті?– Тақтаның түсін айыру
қиын-ақ. Бір қарағанға қара да, ақ та, сұр да тіпті, сары да, қайталап қарасаң – бірі
де емес. Барлық түстің белгісі бар, дауыл күнгі аспан сынды айғыз-айғыз, әрі
бұлдыр бірдеңе. Бұ тақтадан көшіріп жазу – қияметтің қияметі. Қыр мектептеріне
тиетін бор – қолға ғана жұға алады. Осындай тақтаға, осынша нәзік бормен бес-
алты сөз жазып шыққан кісі – кім де болса, ашуланып шығады.
– Екінші класс,– деп айқайлады Қанағат, тақтаның төменгі шетіндегі өзінен-өзі
өлеусіреп, өшіп тұрған, үш-төрт сөзді жеке-жеке шұқып көрсетіп, үні ызалы, тітіреп
етілді,– екінші класс, жазыңдар!– Класты тағы бір шолып:
– Төртінші класс, қане, кім шығарады? Екінші класс, жазыңдар!– деп қайталады.
* * *
Идаят ойға шомды: биылғы май тойында да атқа шапқан. Мінгені, тағы сол
Сақал-Сатым ашқан, ақ танау құла,– қалып қойды. Тұяқтының бәрі оза бермейді,
бұған батқаны басқа еді. Шабыс алты айналыс-ты. Төртіншіні құла айғыр тым ерсі
бітірді. Әуелі қара су боп терледі, сосын тағы терледі. Жануардың бойында су
мұндай көп болар ма? Ақырында, байталға біткен ұлпа, майда жалы ұзын
мойнының әр жеріне ұйыса жабысьш, текіректегенде желпілдейтін құрғақ ештеңесі
қалмады. Екі құлағы салбырап, екі жағына түсіп кетті. Төртінші айналыстың
соңында, бүкіл іші-бауырымен, өкпе-қолқасын қырнай бір күрсінді де, мықшия
беріп, санап тастағандай жалғыздап құп-қүрғақ,.. Қара баланың тұла бойы
қалтырап жүре берді: ұят па, ыза ма, қамшымен бауырлап-бауырлап алды. Сақал-
Сатым шапқылап кеп, шылбырынан жетектеп шығарып әкетті. Қиналмайтын
сияқты. Бәйгі алған жылқы құсатып, сүйрелеп қыдыртты, сылап, сипап суытты.
Шөтке шаш ештеңеге түсінген жоқ. Ылғи озып үйренген кісі не түсінеді?! Неге
бүйтеді? Құла – жүйрік болмай шықты, баптың керегі не? Бәрібір озбайды, оза
алмайды! Сатым баланың осы ойын тап басқандай болып:
– Құла аяулы мал, жақсы жылқы, қайтсін байғұс!– деп жұбатты. Идаяттың
бәйгі ала алмағанына бәрінен бұрын мамасы мен Сейсімет қайғырды. Әсіресе,
Сейсімет, мықтап күйзелді:
– Әй, қайағым-ай, қайтесің енді. Темақаң мен Жиен айғи кеткелі бақ қайтты ғой
бізден, бақ қайтты!
Кемпір:
– Құдайдың қара талауы келгір! Жалғыздан қалған жалғыздың тауын шақты-ау.
Қайдан ғана мініп едің иттің малына!– деп бір түс бат-бұттады да, түс қайта
шаруасына кірісті.
Өзі тым желпініп кеткен. Қалай шабатынын, қайтып озатынын күні бұрын айтып,
дарақыланып болды.
– Баласы битіп озады, битіп зу ете түседі. Бәйгіге мата берсе – мамамдікі, ақша
берсе – көкеме,– деп дәлиді. Осы сөздерді Шөтке-шаштың аузынан талай естіген
естиярлау бір досы былай мысқылдады.
– Ақ танау құла, санап тұрдым, жұдырықтай-жұдырықтай алты тезек тастады.
Бөліп бер!– Қиналғаны, шағылғаны сонша, ләм деуге дәрмені жетпеді, сазара бір
қарады да, бұрылып өтті. Қатар құрбыларынан еш қайсы күлмеді, қайта жұбатып,
көңіл делбесті. «Қалсаң, озасың. Онда не тұр?» Бұрынғыдай емес, балалар
айналасына молырақ үйіріліп, жылырақ сөйлесе бастады. Дос, сырлас көбейді.
Идаяттың осынша «масқара болғанына» Әжімгерей қарт, тіпті, немқұрайды
қарады.
– Хайуанға да бақ керек. Бағы жанбаса... қайтсын о бишара. Жирен айғырдан
гөрі құла көбірек ұқсайды– деп күңкілдеді. Неге, не затқа көбірек ұқсайды?
Жүйрікке дегені шығар. Идаят бір жұмадай езіліп жүрді. Көрінгеннен қаймығады,
көрінгеннен ұялады. Бұрын өзі бағаламаған бір асылын жоғалтқан тәрізді. Енді
бәйге бала атанбайды. «Жүйрікке бақ керек. Бағы жанбаса қайтсін бишара!».
Көкесінің осы сөзі құлағынан кетпей қойды. Бұ немене? Бақ дегене не сонда?
Сатымнан сұраса «өскесін білесің» дейді. Қазір білсе қайтеді? Ойлап-ойлап ұғына
алмады. Сонсоң, со бір «бақ» атты қайырымсыз, қатал, жұмбақ үғымды жек көріп
кетті. Атқа кім шаппайды. Соның бәрі бәйгі бала деліне бермейтінін де осы жолы
сезді. Енді бұ да солардай, құмның көп қара домалақтарының бірі. Енді мұны да
ешкім айырмайды, атамайды. Қара бала! Кім қара емес екен?!
Бірінші бәйгіні Чапаев колхозының аты алған. Шапқан бала шикі піскен таба
нандай боп-боз, қап-қалақай біреу-ді. Ат шабысы біткесін жұрт тұс-тұстан дауыстап
жаты:
– Әлгі бәйгі бала... бәйгі бала қайда? – Ілкі естігенде бұл жалт бұрылған. Өзіне
емес екенін түсінгенде іші удай ашыды. Сонысынан әрі ұялды, әрі қорланды. Бұны
елеп, ескерген адам болмады. Сақал-Сатымның өзі «айналайынды» бұрынғыдай
еміренбей, көңілсіз, тіл ұшымен ғана айтты. Зорланып айтпа