– АстағыпірАлла!
– П-пей биат деп, ық-ки их, тағы биін т-тайтқызды.
– Дем алсын, басына жастық тастаңдар,– деді Әжімгерей.
– Жоқ, әруақ үркіп кетеді, бұған әуелі сүт беріңіз, шеше,– деді Ғұмар.
– Қанжауғыр, осыған арақты кім береді?
– А-аа? Сүт жақсы ма?– Кемпір сенер-сенбесін білмей аң-таң.
– Сүт жақсы, шеше. Сүт ішсе – әруақ тез, жанын қинамай қонады.
– Бұ да соғыстан тауып кайтқан ғылымы, ие-ей, Алла-ай!
– Жарықтығым-ай! Еһе, ұршығы түскір.– Кемпір бір аяқ сүт құйып әкеп, жиеніне
ұсынды,– іше ғой, қарағым, Алла дауасын түсіріп, сәтін берсін! – Сейсімет ішкенін
айтып тауса алар емес.
– Одан кетейін деп атқанда тағы би құйды.– Қолы кемпір ұсынған аяқты таба
алмай, ауада біраз адасты. Шынтақтап жатыр. Әлсін-әлсін ықылық атады. Теңселіп-
теңселіп кетеді. Салмақ теңдігін сақтау үшін үстіңгі тізесін созып, ілгері салды.
Қалт-қалт еткізіп, аяқты аузына әрең әкелді. Сүтке, бүкіл мойын, жақшыт, иек еттері
түгел тартылды. Көкіректен жоғары бұлшық, тамыр, әл-қуатының бәрін ерініне
жиып, аяқтың ернеуін еме бастады. Ағаш аяқ, тесілген кеме құсап баяу, бір
бүйірлеп батып барады.
– Енді жазылады,– деді Ғұмар. Кішкене қыздардың бірі:
– Мә-әә, ақамды қара, төгіп тастапты, – деді.
– Мен тамызбай ішем.
Кемпір босаған ыдысын үлдірікке алып койды:
– Ас босын, Алла сәтін салғай!– деп күбірледі. Сейсімет текеметте іркіліп, сінбей
жатқан сүтті мұрының жапыра, сорып-сорып ұрттады. Сосын аузын оң білегінің
өне-бойына сүйкеп-сүйкеп алған. Екі езуі екі шықшытына кезек-кезек шығып
қайтты.
– Таңертең кеңсеге кетіп еді.
– Мынау алып қайтқан ақылы екен ғой?
– Аузыңа қылшық ілінді, алып таста.
Қыр елі, өздері соның ішінде жүрсе де, жүн-жұрқадан мықтап қорқатын. Ілуде
біреу қылтамақпен ауырса – тамағына қылшық кеткеннен көреді. «Қылтамақ –
қылқұрт өңешті бунап тұрып алады екен, ас жүрмейтіні содан болады-мыс».
– Айам катқи, сені дос деп ж-жүйміз-ау.
– Қойдық, құрысын! Құйттай демалып, жатсаң қайтеді!
– Жатқызып қойып күлейін дейсің, а? Меколай биат... кетіп байатқанымда пей
деп тағы би күйешкі бейді. Шомни кейемет жей.
– Шамамен, бәрі қанша?
– Айақ көп әйтеуи. Сыңғилап толып тұй.
– Қанша күрешкі іштің дейім?
– Айыстанов атшот бейе алмас с-саған.
– Бүйткен атшотың бар болсын сенің!
– Айасы исыйьш-исыйып қалған жәшік. Толып тұй. Мөп-мөлди...– деп
былдырады Сейсімет.
– Өй, Құдай кенезеңді кептірсін! Неше крөшкі арақ іштің, соны айтшы?
– Онысын қайтесің, құрысын!
– Нағашы, жаман ж-жиеніңе қасқи болма! Сен де, сен де – бәйің маған
дұшпансың.
– Ішімдік деген жақсы емес қой қалайда,– Сатым майлы тағамнан асап жіберіп,
ұртын бұлтылдата отырып, сақаудың жаңағы сөзіне ақылды-ақылды жауаптар
беруге кіріскен, онысын тыңдап, елеп отырған ешкім болмағасын, қоя қойды.
– Шеше, бұған ата-бабаның әруағы дарыды, сүтіңіз дауа болды,– деді Ғұмар.
Кемпір әрқайсысының аузына бір үңіліп, иланар ештеңе таппаған соң:
– Бе-ееу, қарағым, Ғұмар-ай, мені тәлкек қылғанда не түседі саған,– деді.
– Аузын ұйып, лампы шашам б-бәйіне!– Сейсімет қуқылданып, тісі тісіне тимей,
қалшылдап кетті. Әбден тоңған, жаураған кісі сияқты, сөйлеуге аузы келіспейді.
Сонысына ызаланып, арық, сіңірлі жұдырығымен жерді қойып-қойып алды.
Не затқа лампы шашасың?
– Аузын ұям! Қиям! Лампы шашып өйтеймін дүниені!
– Әй, не затқа лампы шашасың?
– Б-бәйіне! Саған, саған, саған!– Үйдегілерді саусағымен бас-басына шұқып
көрсетеді,– түгел жағып жі-бейем!
– Сосын кайтесің?
– Аузын ұям. Бұ-бұпасыз пәниді... өйтеймін!
– Шөп, су жанбайды. Ертең, күн қызғасын өртерсің! – деді Ғұмар.
– Се-сен қ-қитекелеме! Уһі-аһы.– Кішкене Жамал шүберекке орап, белін буған,
топайды алып, жалма-жан қос қолдап бауырына қысты. Көзінде үрей.
– Аузын ұйып, өйтейім бәйін, лампы шашып!
– Қой, Сейсімет,– деді Ғұмар түсін салып,– балалар қорқады, олар қайдан білсін
сені Мекалайдың сыйлағанын, шын көреді.
– Шын, шын, өтиік. Бәйі өтиік. Аузыңды ұйяйын, сенің есі-дейтің ойын. М-мен
Айыстанов, өйтеймін бәйін. Пиавам бай. Қан төгіп қайтқам мен! М-ммен.– Осы
сөздермен өз кеудесін өзі дүңк-дүңк ұрды.
– Әй, әтеңе нәлет арақ-ай!
– Бәйін жаусың маған. Айақ емес, сен әтеңе нәлет! Өйтеймін лампы шашып бұ
дүниені!
– Қасқа-ау, сүт жақты ғой, жаның қалады!
– Қитыма! Мені қойлап... бәйі жабылып б-бағы қайтқан кісіні. Құдай жоқ
сендейде.
– Е-ей, бишара-ай.
– Қайан нағашы екі-ай, ж-жиеніңіз қой болды ғой, қой. Қади білмес қайаңғы
ағайынның ойтасында сойы қайнап...– деп балпылдады.
– Сорлы бала, сорлы. Қандай ақ көңіл жігіт еді бұл! Мұның да көкірегін ірің
шалған екен. Қор болдым деді ме? Рас болар, «тентектің сандырағы келеді» деген
осы да.– Қарт Сейсімет неге қор болады, кінәлі кім, арақ па, басқа ма – о жағын
айтқан жоқ. Тек, сақалын қайыра тістеп ап, ұза-ақ, ұзақ басын изеді.
* * *
Идаят күнбатыс жақтағы үрпек басында, әр шоқалга бір тоқтап, қияқ таңдайды.
Колында орақтың ұшынан жасаған пышақ. Қияқтың жуан, қаттысы ш