гелі қашан! Ол да осы Мәруә мен екі бала
төңірегінде. Жеңгесі «Сәнторым» деп сызылып тұратын тілі тәтті, алдауыш кісі-тін.
Бұл туған ағасынан гөрі де содан, Әлимадан үміт етіп келген. Оның бойынан
жаратпайтыны жалғыз-ақ сол тілінің тәттілігі еді.
– Күшіктеріңді шұбатып қайтып келіп отырып, міндетсіген неңді алған сенің!–
Неткен тәтті тіл, тәтті сөз! Мәруә келгелі өзі шамадан тыс ақылды, мақалшыл боп
кетті:
– Қайта келген қыз, қайта шапқан жау жаман!– Міне, саған мақал! Жеңгелі-
қайынсіңлілі екеуі ошақ басында бұрқ-бұрқ ұрсысады. Әлібек ер азамат қой,
маңғазсып, әйелдер арасына кіріспеген болады, бірақ қарындастан қатын жақын
екенін түсінбейтін маңғаз емес. Семья басы боп отырғасын алыс-жақын, дос-
дұшпанды айыра білгені жөн, анда-санда: «Әй, қойсаңдаршы» деп, дауыстайды да,
іргесіне қарап күңк-күңк етеді: «ақ дәмін татып отырып, қарашы сыйламауын».
Әйелі онан сайын шаңқылдайды:
– Жақсы боса жаужұмырды ит жемес пе еді? Сейсімет сақауға шейін сені
менсінбей отырған жоқ па? Жақсы қатынды кім тастайды! Сен жақсы босаң...–
Мұндайда жабыла келеке қып, кемітіп отыратын әншейіндегі ақымақ күйеу бала
есті жігіт боп шығады.
Әлібек пейілін кейде былай білдіреді:
– Апырым-ай, шырағым, ол ел де – ел ғой, ақсақал, қарасақалы бар, сені бүйтіп
балаларыңды жетектетіп, ебіл-себіл ғып жібергеніне қарағанда... кешпейтін,
кешірмейтін бір бәлекет жасағансың ғой, шамасы. Осы үйді мойныма қамыт
салып сүйреп-ақ отырмын. Бір семьяны баққаным жетпей ме? Мені де
аясаңдаршы – деп қиналғанда, бет-аузының бәрін әжім жабады.
Ашақ шошағынан Мынтөбе алымды атпсн ара қонып, шаршап, шалдығып
түсетін жер болғанмен, сөзге, қаңқуға алыс емес-ті. Мәруәнің артынан сол ұшқыр
сөз – өсек көп күттірмеді. Қырдың өсегінің арал, теніз бойы өсегінен басты
айырмасы – еркектер айтатынында. Себебі, әйелдер ауыл-үйдің әңгімесі болмаса,
алыстан пәлендей жаңалық ести алмайды, өздері құдық маңынан аттап шықпайды,
ешкім алыстан келмейді. Сондықтан баққандары еркектердің аузы. Әрине, әркім өз
күйеуінің аузын аңдиды. Қырдағы ең қаңғыбас, ен осал жұрт – көк шыбын мен
еркек. Қонбайтын жерлері, татпайтын дәмдері болмайды. Көк шыбында қанат
болса, азаматта – ат бар. «Ер азығы мен шыбын (бөрі емес) азығы жолда» деген,
мал жоғалтқандары да, жоғалтпағандары да таңертен ерте қонады, бастары
кәйкиісіп-кәйкиісш тартып отырады. Қайда барады, ие шаруаларын тындырғалы
кетті? Мұндай сұраққа жауапты әйелдері береді:
– Кәпір дейсің, еркек мауыздай болып үйде отырмасын ғой, қазан бағып. Бөрік
кигенімен ат мінбейтін еркекті суқаным сүймейді, шешей-ау!– Әйелдердің «суқаны
сүймейтін» еркек атанғысы келетін кім бар дейсің. Сөйтіп, бөрік кигендері ат
арқасынан түспейді, ертелете кетіп, кешінде бір-ақ оралады Ал, қонып
қалатындар... жоқ, олардың атын айтуға болмайды, өйткені, біздің үйде де ауыз
бағушы бар. Сонымен бүл өсекті Әлима өзгеден емес, Мәруәнің туған ағасынан,
Әлібектен естіді. Бірде ол кеткен жағынан таң ата оралды, мұздай боп Әлиманың,
көрпесіне кірген. Кіре еріп қоя берді. Өзінен өзі қараптан қарап жатып, әлденендей
бір малшыдан білген әңгімесін бықсытты. Әлима ілкіде немқұрайды, ұйқылы-ояу
тыңдаған. Мәселенің соңы Мәруәға тірелгенде, басын жастықтан жұлып алды:
– Оны кімнен естідің?
– Естідім.
Жігіт қой, Әлібек әйеліне бұдан әрі түк айтқан жок. Төсекте өсек соғатын еркекті
ол да ұнатпайтын. Бірақ Әлима өзіне керегін тәптіштеп теріп үлгерген. Осы әңгіме
болған күннен бастап Мәруәнің халі тіпті қиындады.
Бұрын осы үйдегі арамтамақ, басы артық асырау ғана-тын. Енді кешірілмес
қылмысты, жеңіне қан жұққан біреу сияқтанды. Аға-жеңгесі кірген-шыққанына
шейін қауіп-күдікпен, байырғыдай ұнатпай, ауырлап емес, сескеніп қарайтын
болды. Әлима шаужайлап, шалғайдан тістеуді мүлде қойды. Күшігін шайнайтын
шақар, кәрі қаншық құсап, ін ішінен, әріден ырылдап жатып алды. Мәруә
күндердің күнінде ұрыс-керістің, өзін сағына бастады. Адам құсап, бейбіт сөйлесуді
екі жағы да күтпейтін. Үнсіздіктің қасында ұрыс та – мереке екен, соған қазір Мәруә
тартады, кәдімгі жекпе-жекке шақырады.
– Немене, ине жұтқан иттей көгеріп қата қалғаның! Бірдеме десейші. Кешелі-
бүгінді ешкімің өле қойған жоқ қой?!– Әлима көкірегінің бар уытын көзіне жиып,
жағын ашпай, сөзді тісінің арасынан сызаттатады:
– С-саған, қар-ра бет, ем болмас, үззі-қарра, ррр- ррр!– дейді. Арс етіп, ала
түссе ғой сонда. Мәруә ит қапқаннан қатты қорқатын. Тап со жолы иттің
қапқанынан ырылдағанының жаман екенін тұңғыш рет бүкіл денесімен сезді.
Әншейінде айналымға келмейтін қысқа күн мына айда батпай қойды. Аспанға
бір көтерілсе болды, жабағы-бұлттарды жамбастап, жатып алады. Әсіресе қара-
өзек шақ – Науырыз күнінің ұзағы қандай жаман! Қүн қанша ұзын болса, Ашақ
сонша алыс. Қарай-қарай жүреді, алаңдайды – хабар жоқ. Осындай сарғыш
күндердің бірінде, аяқ астынан келіншектң бағы жүрді. Жер дегди бастаған кез-ді.
Ертемен отынға шыққан. Түбі әлі кеуіп үлгірмеген, әрі жас жыңғылды өтпейтін
балтамен қиқалап, түйенің екі теңін әрең толтырған