іргеге қарай, екінші бүйіріне аунап алды. Осы мезетте Талжібек алыстап, жат
көрініп кетті. Жаңағы бүкіл клубты сіліккен жанның мұның, Жанботаның қазан-
аяғын сылдыратып, сырп-сырп басып, ана жақта жүргеніне иланғысы келмеді. Бір
дауыс: «сенбейтін не бар, бишара-ау, аузымен құс тістесе де әйелдің аты – әйел»
дейді. Екінші дауыс қарсы шығады: «Ойбай, сорлы, әйел – ана заманда әйел
болған, қазір бай болды: «Сен мына ас үйдегі, оң қолында өнері бар сұлу
келіншекті әйел еткің келіп жатыр ма? Танымайсың ба, ол Талжібек қой? Ендігі
әйел – сен. Алла қуат берсін саған, а-ха-ха-ха!» Жанбота кенет, өз ойына өзі күліп
жіберді. Дегенмен, келіншегі көрпесіне сұп-суық, жалаңаш тізесімен кіріп келгенде:
– Әрі жатшы!– деп жиырылды.
Бейбітшіліктің бірінші жылы тұңғыш отау көтерген жас жұбайлар, қосылып
көрген алғашқы сауық-кештен кейін төсекке, өстіп, бір-біріне жондарын берісіп,
тоңторыс жатысқан.
5
Соғыстың елден жұтқаны, алғаны көп еді. Қаулап тұрған жыңғылдай-
жыңғылдай азаматты қырықты. Ойын, күлкіден, сауық-сайраннан айырды. Қыз
ұзату, келін түсіру тойын жоғалтты. Қырық бірінші жылдан бері бірде-бір
шілдехана өткен жоқ. Қырық екі, қырық үш, қырық төртте дүниеге сәби келтірген
аса сирек аналар жақын білетін адамға болмаса, басқаға күдік туғызды, не тура
қарабет атанды. Бүкіл жалпақ қырда осы төрт қыс бойына бірде-бір нәрестенің
іңгәлаған үні естілмеді. Жылаған – үлкендер ғана.
Соғыстың бергені де аз емес-ті: «жетімдік, жесірлік, жоқтық, қайғы, қасірет».
Бірақ осының бәрін төзіп көтерген бел мен бекемдікті де соғыс берді. Сөйткен
қарапайым, қайратты халық «соғыс бітті» деген күннен бастап бұрынғы
жоғалтқанын іздеуге кірісті. Жесір – ер қызығын, жер – гүлін, бала – ойынын,
құлан – қағын, бас – бағын аңсады. Көңіл желпінер сылтау қарастырды. Бір үйде
жылт еткен қуаныш болса ел үймелей кететін. Ал, ішетіндер араққа
масыққандарының өзін қызық, мақтаныш ететін мінез тапқан. Осындай күндердің
бірінде Қанішкен селосының күн батыс арқашетінен қамыс, коғасы шашыла, қоқып-
соқып көрінген кішкене ауылда бір жас иіс пайда болды.
– Келініңіздің аман-сау тууы... тойст, үйіңізге нәресте кіруімен құттықтаймыз!
– Азаматыңыз ғұмырлы, бақытты болсын, кұдағай!
Шадыман топ осы сөздермен дабырлай, жамыраса Жанбота үйінің есігіне таяй
берді. Қазық-қара кемпір қора мен үйдің ортасындағы алаңқайда самаурынға ағаш
салып тұрған, ішінен нәрестеге қуанса да, келіннің кей қылығын есіне ап, көңілсіз
ғана ерінін жыбыр еткізді. Есесіне, аласа ауланың үстіне иегін сап, ішке қараған
қара сиыр мөңіреп қоя берді:
– Мм-мө-ө-өа!– «Айтсын», «Әләй болсын» дегені сияқты. Үш әйел, үш еркек
шайқала басып ішке өтті. Кемпір арттарынан карап:
– Қолтықтарына қатын қыстырғанша басқа бірдеңе қыссаң-дағы түге,– деп
күңкілдеді.
Қара сиыр тұқайы сыртылдап, әр тұсқа бір келеді, ыңылдай мөңірегенде екі
бүйірі толып-толып кетеді.
– Иә, желінің жарып баратса... көрерміз,– деп кекеді кемпір. Пішен тапшы, көк
әлі қой-ешкі болмаса, ірі малдың аузына ілінбеген, бұл сиыр бұзауынан ауыспай-
тын. Сондықтан иесінің кекесіні орынсыз емес-ті.
Қара сиыр бұзаулаған күні Талжібек те жеңілденген. Хайуан тез көтерілді: шуы
түсісімен көрінгенді талғажау ғып, күнелтіп кетті. Қара кемпірдің келіні әйелдер
босанатын үйден (үй жаңа ұйымдасқан, әзірше екі ғана төсекті шағын бөлме) он
күннен соң шықты. Ақ халатты, сойталдай бір жігіт ере келді. Кіре келіншекті пеш
түбіне жатқызып қойып, о жер, бұ жерін сипалап, тың тыңдады. Екі ұшын құлағына
тыққанда аш ішектей ирелең қағатын бірдеңесі бар, соны көрді. Қалтасынан ақ
селдірге ораған тағы бір затын жарқ еткізіп суырып алды, бір ұшын апарып
«Тұмса-келіннің» аузына сүңгітті. Келінде ләм-мим жоқ, әлгі халатты қырына
келгенін істеді. Сөзі бір түрлі түсініксіз, үні өктем-өктем. Бұйыра ма, қайтеді?
Апырай, тал түсте бөтен еркек жонын сипалағанда бүлк етпеді. Сөйткенде де қолын
қағып жібермеді-ау. Әй, бұл ма, бұл?– Келін боп жарытпас! Талжібектің қыз
кезіндегі өсегі өзімен бірге, ере келген-ді. Ененің іші сонда-ақ шыққан. Бүкіл ауыл
қуанған нәрестеге ілкіде оның да жүрегі елжіреді. Әйткенмен немересіне оянған
сүйіспеншілікті келінге деген күдігі көміп, басып тастады Шешесінің бұзылып
кеткен түсін көріп, Жанбота бәйек боп, жұбатқансып жатты:
– Мама, бұ кісі доғдыр ғой, доғдыр!
– Доғдырға бәрі бола бере ме! Күйеуінің көзінше бөтен еркекке белін ұстатқан
әйел...– Қазық қара өстіп түңілген. «Жанботажанның баласын сүйіп өлсем арманым
жоқ» деп жүретін. Әлгіні көргесін үлкен жақтағы төсек үстінде, бір қауым
шүберектің арасында тырбалаң қаққан қызылшақа жан иесіне де еміріне алмады.
Көңілінде бір түйткіл тұрды да қойды. Келін алғаш осы үйдің босағасын аттаған
күні жүзін көріп, іші жылып қалған. Ертеңіне бұ келіннің домбыра тартатынын
естіді. Содан бастап естіп жүр, естіп жүр. Кәпір, алғаныңның артынан бүкіл үрім
бұтағы көшіп келсе де, әңгіме келмесін ғой! Қабен дей ме, Сабен дей ме біреу алам
деп әуейі қып, алмай кетіпті. Мұның бәрі кемпірдің басын