ас композиторлар қатарында атаған. Идаятқа
оның қазіргі кергуінің сыры осында жатқанға ұсады.
Қайырболат қараторы мен аққұбаның аралығында өңі бар, домбыра тиегіндей
қырлы мұрын, нұрлы жанар, қыздарға тән ұзын қайқы кірпікті, дене бітімі де
осыған сай, бір сыдырғы сүйкімді жігіт-тін. Адам өзіне анық тән қасиетін қашан
қадір тұтқан, бұл да сол, сыртқы кейпін елемейді. Керісінше, өз сұрын, реті келсе
кекеп, кемітуге дайын тұрады. Жігіт атаулы ғұмыры ести алмайтын: «сұлусың,
әдемісің» сықылды сөздер оны жындандыра жаздайды. Ондай сөзді ол тек
әйелдерге ғана тиісті өтірік, шындығынан сұмдығы мол, арзан, жезөкше сөз көреді.
Бір ғажабы, өз тұрқына осынша немқұрайды, кейде тіпті жауыға қарайтын
пиғылына қарама-қайшы ылғи да жақсы, ылғи да талғаммен киінеді. Оның иініне не
тисе де жата, жараса кетеді. Содан да болар, консерваторияда кездесетін там-тұм
есті қыздар өздеріне модалы киім іздегенде жалынып, жармасып жүріп
Қайырболатты ертіп алысады, не алса да соның кеңесімен алады. Оның танымы мен
талғамына әйел жынысынан шәк келтіретін бүкіл консерваторияда бір-ақ адам –
Соня. «Терпеть не могу, фю, баба» деп шыға келеді. Ал, Қайырболат өзі
хақындағы Соняның сол пікірін біле тұра, жақсы көреді, елден ерек қолпаштап,
қорғаштап болады, туыс, бауыр санайтын сияқты. Идаятты бірден-ақ жақтырмады.
Бірден-ақ көкірек, өзіне-өзі дән ырза адам ғып көрді. Ол өсек пен анекдотты бірдей
шебер айтатын. Идаятқа ұнамайтын есек жайлы анекдоттардың көбін таратқан сол
– Қайырболат. Көңілді көк есек туралы, қайдан еститіні белгісіз, сайрап қоя
бергенде күлмеу мүмкін емес. Жан-жарым, ардағым өзіңе арнадым... деп шырқай
жөнеледі. Садықжановтың осылай басталатын алғашқы әндерінің бірі ел арасына
мықтап тараған-ды, мына анекдот одан кем жайылған жоқ. Идаят ызаланғанда
Кемел оттай берсін, әкең деп жұбататын. Сонымен, Садықжанов қанша төзімділік
еткенмен, іші жібімейді, өзінің артық талант, үлкен атақ иесі екенін де осы
Қайырболаттың алдында жасырмайды, қайта сонысын ерек пұл, козыр тұтып, әдейі
көзге ұрып бітеді. Қайырболаттың жаңағы сөзі, сондықтан пәлендей орынсыз,
негізсіз емес-ті. Дәл қазір де атағын, талантын міндет еткен кісіше шалжияды. Рас!
Солай! Мен Садықжановпын! Мен композитор Идаят Садықжановпын! Ал не
істейсің маған! Қайырболаттың көзінде оның әр қимылы, қара бақайынан
шашының ұшына дейін осыны айтып тұрады, қыр көрсетеді, көзге ұрады,
табалайды, кемітеді. Мына жатысының өзі кісі қорлау, бүкіл жарық дүниені
жамбасқа басу, тасқындық!
Ол осылай толғап кеп, бір тыржың етті. Сонсоң әлдене сөзді жыбыр еткізген.
Онысынан күш, қайрат, жігер орнына дәрменсіздік сезгенде тіпті күйді. Бар
бітіргені жанындағыларға естірте жаңағы сөзін қайталады: өстеді, тартып алады, не
істейсің оған! – Қысқасы, Идаят нендей қимыл жасаса да – Қайырболаттың
жүйкесіне тиетін, мына жолы бұрынғыдан бетер шамдандырды. Садықжановтың әр
сөзі, жүріс-тұрыс, киім-киісіндегі салақтық,– бәрі композитормын деп көзге ұратын
секілді, тіпті, анау қалақай басындағы, бірте-бірте шекесінен алыстап, өз алдына
өсіп бара жатқан құлағына шейін – мен композитор Садықжановтың құлағымын»
деп қалқиятын сықылданады.
Қайырболат Идаяттың осынша тез көтерілуін де өзгеше жориды. Оның белгілі
композитор болуына кінәлі Жарқынов пен Кемел. Композитор деп ұрттарын
толтырып сөйлегенде бар ма, тұла бойларына түгел жел толып, күмпіл қағады.
Неткен надандық! Содан Жолымбол мен Кемелді ұнатпады. Әсіресе Жолымбол.
Иаяттың әндерін өткізгені аздай, министрлікке барып, арнаулы стипендия
тағайындаттырды. Не үшін? Кейін ауыз толтырып айту үшін бе?
Кеше сол Жарқыновқа өзі барған. Бұрын Жөкең Садықжанов десе жан қиятын
кісі көрінетін. Дәл сондай, бұл ойлағандай қатып қалған ештеңе жоқ екенін сезгенде
іштей таңдана қуанған. Таңданғаны: кісі жақсылық қып жүрген адамын жақсы
көрмей ме екен? Жақсы көрмесе несіне жақсылық етеді? Қуанышы: Жолымболдың
өзіне бет бұруы, ықыластануы. Осы арқылы Идаяттың маңызын, әсерін азайтудан,
тіпті сөйте-сөйте бір жола жоюдан, ұмыттырудан дәме ғылатын. Бүгінгі қыры сол
дәменің алғашқы іш қулық байқау-ды, бірақ, айызы қанардай ештеңе шықпады,
қайта, бұ жолы да қырды анау, Садықжанов көрсетіп кетті. Сондықтан Идаяттың:
«жол соғып, шаршап келдім» дегенінің өзі бұған: «сен қайтесің, қоя тұрсайшы» боп
естілді.
Қайырболат та әндерін топтап, көп көзінен тасалап біраз жүрді. Бірақ
жасырғанның бәрі абұйыр ма, онымен әндерінің құнын арттыра алмады. Бірер
мәрте папкасын Кемел көретін жерге ұмытып, әдейі қалдырып та кетті, ештеңе
шықпады. Кемел дереу папканы қайтарып берді. Бұл әуелінде күдіктеніп жүрді: –
ішінде не жатқанын қарамады-ау». Кемел мұның ол күмәнін де күні бұрын оқып
қойғандай су сепкендей етті: әкең, мына мылжыңдарыңды өзің ал, қанша жоғалтам
дегенмен жоғалмайды,– деді. Сонымен ол тәсіл де тәмам болған. Тек, Кемелге
бұрынғыдан бетер жауықтырды. Сөйтіп, екі ара ғұмыры жуыспайтын сияқтанған.
Соңғы кездері Кемелді «жаулау», бір жол да өз жағына шығару үміті қайта оянды.
Оған себеп, Идаят пен