басым-ай, бәрібір
бекер ем қонбас саған!» деп үздіге күрсінеді де, шаруасын істей береді. Кейде өзінің
осындай халде қалуына себеп-дәлел іздсйді: мұны мұнша сорлы етіп жүрген, өзінің
табиғи нашарлығынан басқа да бір себептер бар сықылды, Әлдекім иығынан қос
қолдап басып тұрғандай сезінеді. Ондайда ойына алдымен оралатын өзінің екі қайын
сіңлісі. «Пәлен деші, айналайын, шүлен деші, айналайын» деп, өздері айтатын сөзді
сәбилерге айтқызып, қақсады да отырды. Өзінен туған балаларды өзіне қарсы қойды.
Баланың тілін қызықтаймыз деп санасын, анаға деген пәк сезімін кірледі. Титтейінен
бастап біреуді, біреуді болғанда шешесін жамандауға үйренген бала өскенде кім
болмақ? Балаларды жаман үйретіп жіберген сол еріккен қыздар. Мұнымен ойнаған
түрлері. Жарайды, қыздарды да қойшы, өзі ғұсаған байғұстар ғой, қазір екеуі де
біреудің отын жағып жүр. Кішісі кеше төркіндеп келгенде әке-шешесінен бұрын мұны
құшақтап жылады. Қайтсын енді.– Ал, жақсы, қыздар жеңгесімен ойнаған болсын,
кемпір-шал неге кіріспейді? «Тек, айтпа жаман қатын деп! Өзіңнің мамаң ғой ол»
дегенді ертерек неге айтпады? Балаларды бұзатынын білмеді ме? Десе де... о
сорлылар балажан ғой, бауырларына басқылары келді. Тіпті, екеуі бірінен-бірі
қызғанып, бірінен-бірі қорып әлек болған жоқ па? Қайтсын қасқалар. «Балаңды әкет,
жөргегін жу», «Мұрнын сүрт балаңның!», «қап үстімді бүлдірді-ау» деп,
тыжырынып отырса қайтер еді? Ондай да ата-енелер болатын көрінеді. «Қой, қарттар
жақсы адамдар» деп, оларды да ақтап алады, кешіреді. Бірақ... бірақ барлық бәле сол
көкмұрындардың өздерінде емес пе екен? Жүректері нағып сезбейді? Анасының кім
екенін түсінбейтін сәби... неғылған сәби? Бұл ылғи оңаша қалса болды, құшып-сүйіп
қарық боп қалады. Сонда да сезбегендері-ау шамасы?
– Көке, сен жоқта ана қатын мені иіскеді.
– Мама, шен жоқта келін менің мына жерімнен шүйіп алды,– деп шүлдірлесіп шыға
келеді. Жақындап кетсең жау көреді. Батпақтай боп қалған Идаяттың өзінде түйір жоқ.
Әлі күнге мұны кісі екен, ит екен демейді. Әйтсе де... әйтсе де баланың аты бала.
Қайдан білсін. Ертең-ақ өз сөздерінен өздері ұялатын болады. Безіп кетеді дейсің бе?
Шешесін танымай кететін кісі болмаған шығар. Қазіргілері жәй, уақытша сезім ғой.
Одан кем болып жатқан ешқайсысы жоқ. Бағым, күтімдері ішкімнің баласынан кем
емес. Тірі болсын айналайындар тек! «Әнеугүні Идаятқа қолы түскірім батыңқырап
кетті. Обал болды. Еркек баланы қор етіп сабау ұят қой. Айналайынға қатты тиді
білем. Кешке дейін қабағы ашылмай жүрді. Қап, неге ғана ұра қойдым екен, сорлы
басым!»– деп өкінді. Ешқайсын кінәлауға қимайды. Бәрін де кешіреді, бәрін де ақтап
алады. Мұны, әрине, көрші-көлем, ағайын-жұрағат та сыйламайды, қарттармен:
«анау жаман келіндерің» деп сөйлеседі. Мейлі, айта берсін! Жұрттың сөзі не, өзі не!
Ешқайсысының қолына шығайын деп жатқан бұл жоқ. Олардың сөзін тыңдайтын кісі
де шамалы. Айтар, қояр... оны қойшы. Бірақ мұның мұнша сорлы болуына кінәлі,
қалай да, біреу бар сияқты. Еңсесін басып, еркін алған бір күнәкар, қалай да жер
үстінде. Өзі білетін адамдардың ішінен оны таба алмайды. Ол өзі кім? Неткен
мақұлық? Ел көзінде мұны осынша кем көрсетіп, осынша жаншып жүрген не? Тіпті,
басқасын былай қойғанда, ішкім атын да білмейді ғой? Он бес жыл отырған үйінде
атың бір рет аталмаса – өзің де ұмытып қаларсың! Бәрінің білетіні – келін, келін. Ал,
келін! Келін болса – Әжімгерей қартқа келін! Өзінен туған балаларға келін емес қой?
Баршасына кінәлі – момындығы шығар. Асау болып кім не қиратып жатыр? Ана Қу
жақ қайнағаның (Ғұмарды осылай атайтын, үйіндегі Айсұлу жеңгей... Екі кісіге шай
құйып бере алмайды. Оңаша сөйлесе қалсаңыз екі сөздің басын құрай білмейді. Бос
болғанда, сылпық болғанда ондай әйелді бүкіл Қошалақтан іздеп таппайсыз!
Балағына сүрініп әрең жүр. Бірақ оны ешкім жаман қатын атамайды. Үлкендер
Айсұлужан, Айсұлу келін, замандастар Айсұлу бәйбіше, кішілер Айжеңеше, Айсемең
деп қомпитады. Әлде ол Ғұмардың дәулетінің беделі ме? Жо-жоқ, о қайнағада
бұзаулы сиыр, төрт-бес лақты ешкіден басқа ит те жоқ. Айжеңешемнің көркі ме?
Аллам бес сақтасын! Түсіңізге ене көрмесін! Ал, Сақал-қайнағаның (Сақал-Сатымды
айтады) Салиқасы ше? Кісіге ас бермеуден басқа түк білмейді. Қонақ келсе әлі күнге
пышағы мен табағын алып қайнағаның өзі жүгіреді. Анау жеті атасы аштан өлген
кісіше, пеш түбінде ұршығын иіріп көгереді де отырады. Оны да ешкім сөкпейді,
сынамайды. Оған да жұрт: бәйбіше, денсаулық қалай, бәйбіше, қоныс құтты болсын,
бәйбіше, бағар көбейсін деп байпаң қағады. Сөйткен бәйбішелері: «Мынау бір қонаққа
ғана жарайтын жаман ас екен» дегенде беті бүлк етпейді. Ол да жаман қатын атанған
жоқ?! Мұның, Мұғзиманың несі бар? Сәбилерді өзге балалар мұқатқанда, «сен
келіннен тудың, жаман қатынның баласысың» деп мұқатады, сонымен өш алады.
Аналар оған ебіл-себіл жылап, қорланып, арланады. Келіннен туған кісі – дүниедегі
кем кісі, адам емес, адамға еліктеп жасалған хайуан сықылды. Балалардың ұғымы
солай... Келін өзін-өзі білетін ауыл әйелдерінің тала