сап шыға жүгірді. Табалдырықтан аттай бере:– Ғафу етерсіз, ақсақал,
асығыста... алдыңыздан шығам деп... байқамай... қағып кеткенім...– деп тұтыға
даурығып, қайта кірді. Кіші басқарма кіші де болса басқарма кісі-тін: Ыңылдай
сәлемдесіп, ыңырана малдас құрды. Маңдайы қоқырайған ақ картозын алып еді,
екі-үш адам жарыса қол созды. Сол түстес ақ кителін де үшеу-төртеуі таласа-тармаса
желкелігінен, жеңінен шымқып ұстап, әрең көтеріп керегеге ілді.
– Бекеңнің қолына су құйыңдар,– деді Мәсәлім. Бұл Ықыласов Ибрай деген-ді.
Жұрт неге екені белгісіз. Ибрайды Ібеке демей Беке дейді. Бекең олшия отырды.
– Мммм, ме-ее, жолдастар, сөйтіп қияқты қиратып атырсыңдар, а? Дұрыс, дұр-
ыыс – Ел тым-тырыс. Екі көздері Бекеңнің бетінде. Сисенбай:
– Иә, әйтүгір, шама келгенше шауып атырмыз,– деп тыңқ-тыңқ күлді. Артынша
осы мен бірдеңені бүлдіріп қойғам жоқ па дегендей, отырғандарға жаутаң-жаутаң етті.
Ықыласов дастарқанды қайыртып қойып, ығық-пығық деп беті қолын жуды. Тірі
Бекеңнің қолына су құйған бақытты қазақ құман-шылапшынын тамшылата, жұрттың
төбесімен алып етті. Кіші басқарма қалтасынан үлкен ақ бет орамалды алып, әуелі
кеңірдегін, түк-түк төсін, сосын шықшытын, құлағының сыртын ысты. Маңдайының
бетінің суын орамалға сорғызып құрғатты, сүрткен жоқ. Су-ағарына қойған, көк-
шулан қозының пұшпағындай «мұртын» қисайта, мұрнын тартты. Сосын, Гогольдің
Вийі құсап, қызыл-қошқыл қабағын зорға көтеріп, табаққа қол салды. Үйдің іші ыс-
пыс етеді.
– Ас жетті!
– Илләһи әмин, аллаһуакпар!
Әжімгерей асты айқайлап қайырды. Сисенбай, оған тізелес екі-үш кісі қолдарын
жайған күйі қатты да қалды. Өйткені Бекең қырын қарап тісін тазалап отырған.
Сисенбай да жалма-жан бір тал сіріңкені алып жіберіп ара-арасынан түйелі кісі желіп
өтетін сойдақ тістерін шұқылай қойды...
– Ейтейекте, Нағашы, қашайдың етін би ойында таусып кететін жегіштей болды
дейді ғой, иас па? –деп сұрады Сейсімет.
– Қайдан білейін, шырағым, тәбеттілер болды ғой, бар ғой...
– Осы күні қойдың бір санын жігіттің жігіті ғана жеп кетеді.– Мәсәлім шынымен
өкінеді,– ұсақтап кеттіңдер-ау, жігіттер-әй, әй.
– Әбден қайа жүйек болып біткенбіз ғой.
– Әй, енді Сисекеңнің қараша үйін жұтқың келіп отыр ма,– деді Ғұмар қабағын
шытып,– қашар емес, құнажынның етін бір өзің жедің ғой кереңе!
– Қайашы аузыңды ұяйынның түйен, сен не бітидің сонда?
– Мен тісімді шұқыдым.
– Беке, Тем-ақаң Қанішкен кеткен бе? Жәй ма?
– Ммм, кетті ғой о кісі... кім бісін артын.
– Соңғы уақытта аудан қолайсыз атап жүр ғой өзін?..
– Ммм-ее, жігіттер-ай, мен қайтейін, айтсам тыңдамайды. Өз обалынан көреді-дағы
енді.
– Тым ыссы кісі халыққа да жақпайды-ау. Пішен басталардың алдында келіп
маған ұрсып,– Сисенбай тық-тық жөтеліп, қоразданып қойды, – қымыздарың әлі
ашымапты, не істеп отырсыңдар дейді...
– Иә, маған да бір келгенде тілі тиген...
– Мен бір рет астық сұрай барғанымда: «сен қоя тұр, жағдайың жаман емес, мында
аштар бар» деп, сонша жерден құр қол қайтарған, әй, қатал-ау, қатал...
– Менің жалғыз сиырымның бұзауын төлеуге алған...
– Мені де талай қақсатты о кісі,– деді манағы бет-аузы бож-бож жылпос қара,–
үйелеп өлген колхоз түйесінің орнына үкідей тайлағымды алып бір ұшыратты, жеті
атама дейін санап боқтап екі...
– Өзім жоқта менің семеньямды, Мәйуәні де Тәмиәлі,– деп Сейсімет бықсытып келе
жатыр еді, манадан үнсіз, ажарсыз отырған Әжімгерей қарт тыйып тастады:
– Сен қой!
Анау жым болды.
Сейсімет үйіне Ғұмар жездесін ертіп келді. Күн бата:
– Әй, аиам қатқи, бүгін біздің үйде бол!– деген.
– Алда риза болсын, тағы бірде...
– Қитеклеме, жүй дегенсін жүй!
– Сенің апаң далаға қонғанымды ұнатпайды. Қартайған сайын қызғаншақ болып
барады... қайтесің мені,– деп қашқалақтайды.
– Өй, әдиям қал, әдиям қалғи. Апам сені қайтсын қызғанып?! Әйтпесе...– деп, екі
алақанына түкірді. Әрі қарулы, әрі ерсі, тарқақ ойнайтын балдызына одан кейін
қарсы тұрудың ретін таппады, амал жоқ, артынан ерді. Бұлар келгенде Мәруә есік
алдында отырған. Ала көлеңкеде шұқынып бірдеңе істейді. Құмның кешкі ауасы
қандай! Жанға жайлы бір рақат самал еседі. Мұндай кезде үй, әсіресе, Сейсімет үйі
секілді жер үй-көрана күйіп кетеді, күндіз қанша салқын болса, түнде сонша ысиды.
Күндізгі ыстық кешке ішке түседі. Келіншегінің жанына жете бере Сейсімет:
– Мәйуә, шәй, шәй қойшы, шайшап келдік,– деді.
Мәруә жүгіріп үйге кіреді, одан қайта шығады. Есік көзінде бірінің ішіне бірі
салулы тұрған екі шелекке үңіледі, баулығын салдыртып көреді. Сонсоң, кінәлі, бәсең:
– Үйде су таусылып қалыпты,– деді.
Сейсімет есік алдында қонағы екеуі жантайып жатқан-ды, басын көтеріп алды:
– Құдық жақын ғой, жүгиіп байып... а?
– Қараңғыда жалғыз өзім,– күйеуінің бетіне жалтақ-жұлтақ қарап,– қараңғыда
жалғыз баруға қорқам.
– Еділжан, айналайын, ейіп бая қойшы жеңешеңе.
Еділхан іркілген жоқ, еріп жүре берді.
– Кейемет би жақсы бала, тіл қайымайды,– деп мақтады Сейсімет аналар кеткесін,–
туған інімдей көйем.
– Жақсы бала болса өзі-ақ әк