еле салмай ма суды!
– Суды ма? Обал емес пе, ей балаға су көтейткен!
– Нағылған обал? Сомадай жігіт екі шелек су әкелсе шегі үзіле ме, әлде содан қатын
боп қала ма? Сен де бір...
– Ұят қой. Өзі жетім, жайым көңіл жан...
– Сөзің бар болсын сенің, кім жетім емес екен? Мен де жетіммін. Әке-шешемнің
өлгеніне, міне – жиырма бес жыл толды. Сен де жетімсің.
– Бізді қойшы, қабиғамыз қатқан адамдаймыз, мынау әлі бала ғой. Ол әлі де
ейкелегісі келеді.
– Еркелет те отыр ендеше... – Талшын үйге бір кіріп, бір шығып сенделіп жүр.
Байыз таппайды. Қараңғылық бірте-бірте қоюлана берді. Сейсіметтің көзі түсіп кетті:
Көрананың есігі ашық қапты. Талшын үйге кіріп, есігін жапты да қайтып шықпады.
Құдық ауылдың күн шығысында екі жүз қадамдай жердегі титтей ақ қабақтың
астында-тын. Осы ауылдың қарайған малын суарып бітіп те келетін уақыт болды.
Олар әлі жоқ, әлі жоқ.
– Қой, шәйің бар болсын, төсек салдыр, жатам,– деді Ғұмар.
– Жаның шығып бая ма, келеді ғой қази.
– Тіпті келесе де ішпеймін сол шәйді енді.– Өстіп, күте-күте қажыған кезде ана екеуі
күбір-күбір сөйлесіп, келіп қалды. Мәруәнің көйлегі, орамалы бозарады. Анау соның
көлеңкесі іспетті, қап-қара, түртіп қалсаң түк кедергісіз ар жағына бір-ақ шығатын
секілдісің. Мәруә анадай жерден сөйлей келді.
– Қап, жездемнен ұят болды-ау,– деп сыңғырады келіншек,– шөлдеп келгенде
мұнша күттіріп, қырсыққанда қымыран іридінің кері де, қауғасы түскірдің бауы үзіліп
кетіп, су ала бергенімізде. Әрең, дегенде алдық-ау әйтеуір. Мына бала да қорқақ екен,
түсіп алып шыға қой десем, баспайды. Қырсыққанда... әрең алдық әйтеуір. Ғұмар
қараңғыда әйелдің жүзін байқай алмады. Бірақ үнінде әлденендей құпия, тәтті діріл
бар екенін сезіп қалды. Сейсімет өкініш білдіріп жатыр.
– Қауғаны күнге тастамаңдай десем тыңдамайды түге. Кенди бау қаңсиды да, суға
салғанда биден томиылып кетеді.
– Іштеңе етпес, келін шырақ, сол шайға енді әуре болмашы, мезгіл кеш, өзіміз
шаршап келдік. Таңертең тағы ерте тұру керек... Шөлім де басылды.
– Жоқ, Алла сақтасын, шәй қазір-ақ қайнайды. Шәй бермей жатқызсақ апамызға не
бетімізді айтамыз?!
– Шын айтам, қалқам, қоя-ақ қойшы соны! Төсек салып берсең болды. Осы
отырған жеріме көрпе-жастық әкеліп бере ғой.
– Қазір дайын етем жезде, жатасыз ғой, асықпаңыз!.. Шай ішіп отырып, Сейсімет:
– Бәлем, осы таңнан аман шықсам, сен қауғаны көйеймін,– деп кіжінді.
11
Әжімгерейдің келіні мимырт, өнімсіз кісі көрінгенмен, тыңғылықты еді. Ертемен
көзін тырнап ашып:
– Апа, жел қай жақта? – деп сұрайды. Қарашаш алғашқы кезде:
– Оны қайтесің? Желкен көтеремісің?– деп кекеп жүрді. Ондайда келін артық сөзге
бармайды: «жәй, әншейін» дейді, бұрылып жүріп кетеді. Құмда, ертеңгі әзірде
көбінесе, жел тымық болады. Тымықтығы сондай тіпті, бағытын айыру қиын. Сондай
кезде келін қойды өргізе қояды. Қой қалай өрсе жел со жақта. Сонсоң атына мінеді де
қарсы жаққа-ыққа қайырады. Қарашаш бір-екі рет:
– Апырым-ай, шырағым, таңертеңгі малдың алдын кескен жарамайды ғой, Әжекең
нағып айтпады саған,– деп ренжіп көрді. Жауап ала алмағасын әрі қарай қаузамады,
қазбады. Қой бағып жүрген кісіге ақыл тыңдау оңай ма. Бәрібір тыңдамайтынын
сезген соң сөз шығындамайды. Сөйтіп, келін қойын ыққа айдап кете барады. Қарашаш
артынан бақылайды: өріске, отқа аузы ілінгенше мал пышырап, жүрмей әуре ғылады.
Соныға бір түскесін қозғалмайды, қадалып жатып алады. Келін асықпай атының ерін
алып, шөпке жібереді. Өзі жел жақтағы биіктеу бір жерге отырып алады да, қолғап,
шұлық тоқиды. Ілкіде мұнысы Қарашашқа ұнамады. Өйткені, Қарашаш олай
бақпайды. Қой деген төрт түліктің ішіндегі ең берекесізі. Кез келген бұтаның түбіне
жатып қалады. Көз таса қылса-ақ болды, жоғалып кетеді. Мына шұбырындыдан қай
тоқтының ізін айырып болады? Мәруә, Талжібектер де солай, қашан құдыққа айдап
әкелгенше аттан түспейді. Мынауың бөлек. Бұл аналардай түсте үйге келгенде күйіп-
пісіп, үһілеп-аһыламайды да. Өрістен тынығып, қунап қайтатын сықылды. Келін
баққан күні бірде-бір бас шашау шығып көрген емес. Ылғи да жинақы, үзіліп,
созылмай түгел, тұтас қайтады. Қан сорпа боп қайырып, қуалап та жатпайды. Ауылға
қарай бір бағыттаса болды – қойдың өзі шұбырады. Атының ауыздығын алып қойып,
артынан ереді де отырады. Кейде, тіпті, кісінің жынын келтіреді, ат үстінде инесі
жылт-жылт етіп бірдеңе тоқып келе жатады. Алғашқы күндері Қарашаш күдіктеніп,
өрістен қайтқан малды күнге екі рет санап жүрді. Кейін ол әдетін ұмытып кетті.
Өйткені, санаған сайын қой түгел боп шығады, түгел шыққан сайын Қарашаш өз-
өзінен қуыстанып, ыңғайсызданып қалады. Құрысыншы, керегі қанша! Босқа
азаптанып!
Қыр кісісінің қой санағаны да басқа: екі адам қолдарына таяқ ұстап,– қарама-қарсы
тұрады, үшіншісі сол екеудің аралығынан қойды айдап өткізеді. Қойдың саны қанша
болсын, бәрібір, осылай етеді. Келісім бойынша, келін жұмасына бес күн, Қарашаш
екі күн бағады. Есесіне анау қауға ұстамайды. Құдықты қазатын, аршитын, қауға
тартатын Қарашаш. Келін ішінен, апама қиын-ау деп Қара