н көреді. Өтірік өртінен өтеді. Қарағандыға барамыз деушілер мінберге шығып сөйлеп жатқанда, оның көкірегінде жыр жолдары құйылды. «Барам, мен де барам, аброй іздеп барам» деп бұлқынып жатты жас жүрегі, шахтер болам деген өлеңі келді көңіліне. Жастар газеті қолма қол жариялап, Жұмекен Қарағандыға баратын поездің 10-і вагоніне 1955 жылдың 16 қыркүйегінде дәп осы күні жарияланған өлеңімен, қоңыр домбырасымен бірге енді. Республикалық жастар газетінде өлеңінің жариялануы Жұмекеннің Алматыда өткен жиында болғандығын да дәлелдейді. Өлең тез арада басылуы газет тілшісі мен Жұмекеннің жиында танысқанын білдіреді. Бұндай үлкен науқан кезінде дер кезінде үн қату міндет пен қатар газетке бедел де ғой. Газетке де комсомолдық жолдамамен бара жатқан жастың өлеңін аттаныс күні жариялау ұтымды. Атыраудан жаңа келген Жұмекен Алматыда «Лениншіл жас» газетімен бірден байланыс орнатты деуге ешқандай дерек жоқ. 1955 жылы Жұмекенге көмек бердік, өлеңін жария еттік деген ешбір қаламгер де көрінбейді. Өлеңнің 16 қыркүйекте жариялануы оның 12 қыркүйекте жазылуын дәлелдейді. Вагонға ақын енді, Жұмекеннің бар арманы шахтер емес, ақын және де нағыз ақын, мықты ақын болу еді:

«Қалам қасқа сен айтсаң сенем деді,
Сен жұмсасаң сөз байғұс көнем деді.
Сенейін бе мен саған, көнейін бе,
Қайда апара жатырсың, өлең мені?

Шешемді еміп өсіп ем, жел емгелі
Біраз болды, желіктім,
Желем дедім.
Асықпай- ақ туып ем,
Дедектетіп
Қайда әкеле жатырсың, өлең мені?

Басы айналмас кісінің төмендегі,
Төменіңе қалдыршы, өлең, мені.
Бір қарызым бәрібір төленбейді,
Ақын болды десе де жасында әйгі,
Қақ жартысы жырымның басылмайды.
Бір сөзім бәрібір айтылмайды,
Бір есігім бәрібір ашылмайды...».
Осы өлеңнің негізі, сүйегі сол Қарағандыға бара жатқан жолда туған ба деген ойға қалып отырмыз. Өлең жолдарындағы жасында әйгілі ақын болды деген сөздерге назар аударайықшы. Асықпай-ақ туып едім дейді. Жұмекен дүниеге келуін ата-аналары 4 жылдай күткен. Сенім мен сезім өлең әлеміне әкелді. Жолға Жұмекенді алып шыққан жолдама ғана емес жасынан тағдыр жазған жыры болатын. Қарағандыға алып бара жатқан өлең еді. Поэзияға апарар жыр тудыратын ортаға тартты.
Қарағандының қоңыр желі аппақ жүзінен, қара бұйра шашынан сүйген Жұмекенді өлең мәңгілікке әкеле жатты. Қазақ елінің, көңілінің, жадының есігі айқара ашылды оған, басқа пендешілік есіктері қажет те болмай қалды. Жұмекен жыры әлі толық басылады, оған деген қазақ халқының махаббаты жаңа оянуда. Себебі, Жұмекен қазақ даласына сиынды, қазақ ұлтының алдында адал бола білді, оның ақылдылығы, ұлылығы осында. Ұлттық тіл, ұлттық мәдениетке қызмет еткен Жұмекен ешкімге қарыздар емес, қайта біз оның жырының, рухының, қайталанбас қос талант әлемге әкелген әдемі, әсем ән «Менің Қазақстаным» алдында қарыздармыз. Ұлттың ұлттық тұлғаларын тиесілі, тиісті тұғырларына көтеру қажет. Ежелгі аңызға сай ән қонған ел саналсақ осы екі тұлғаға ескерткіш соқса. Ескерткіш Қазақ әні аталса. Сол аққу әннің қос қанаты іспеттес, қазақ ұлтының қос халық қаһарманы Жұмекен мен Шәмшінің бейнесі берілсе ескерткішке:
«Сен ғана үнсіз бұл аспанның астында,
Үнсізсің сен, үнсізсің ғой, тас тұлға.
Көп қараумен, жыл легіне- тасқынға
Қартайдың ба, әлде әлі, жассың ба?

Не қарайсың, нені ұғады өз басың,
Өз өмірің, өз дәуренің озғасын.
Сұп-суық тас жанарыңның ұшында
Қайнап- қайнап қатып қапты- көз жасың...

Екі- үш ғасыр беріледі пендеге
Бұл заманда,
Тез өлмекші ер неге ?!
Бұзылар ед тас көңілің талқан боп,
Бұл жүректі салып көрсең кеудеңе....

Ажал сені тартты—бермедік,
Табаныңды жапсырдық та жерге нық.
Осыған – ақ риза бол, тұлғаңды
Туған жердің алақанымен тербедік!».
Жұмекен мен Шәмшіге ескерткіш қойылар, халық қаһарманы атағы берілер күн де келе жатыр. Ұлт басшысы, ел ағалары ерлерін неге ұмытсын! Өмірден өткендерге атақ, сыйлық берілмесін деген қаулының ар жағында пендешілік тұрмасын.
«Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған».
Енді қайтіп тумайтын әнге негіз болған өлең сөздері өлмейтін сөздер. Өлмес сөздің иесі де өлмес. Тың медалін тыңнан кейін туған да таққан заманда елін, жерін танытқан таланттар тартусыз қалмақ па? Мәселе, сый мен атақта да емес, гәп принципте.
«Біреуден біреу артылса,
Өнер өлшеніп тартылса»,- деген Абай ұстанымына сай өлең өнерінде қандай да болмасын атақ пен сыйды өнерлі өмірден өткен соң берілсін деген ереже енгізілсе не болар еді? Тірілерге берілсе, өлгендерге неге берілмейді? Шәмші мен Жұмекен өнері ерлікке бара бар дүние. Бұлар өмірлерін өнерге қиды. Өнермен өтті өмірден. Көзге көрінбес мәдениет майданында қайтыс болған азаматтар ғой. Ерлікті өлгеннен кейін де бағалайтын үрдіс ежелден белгілі.
Шахтер Жұмекен қайласы, айбалтасы тас қабырғаны қиратса, қаламы да қайраулы алмас қылыштай жарқырады. Көңіліндегі көркем сөзін қазақ халқының мақсат-мүддесіне жұмсаған, талап, талантымен өз ырқына көнді