рген Жұмекен жүрегінің локомотиві - өлеңі оны қазақ поэзиясының биігіне көтерді. Оның Қарағандыға барар жолы егіні жайқалған, алтын астықты жинап, думандатып жатқан дала төсі арқылы өтті. Тың және қазақтың ерлігімен Жұмекен таныстығы осы жолы басталғанды.
Ертеңінде 17 қыркүйекте өзімен бірге келген 59 болашақ шахтерлерді перронда кеншілер қауымы құшақ жайып қарсы алды. Естен кетпес күн. Есімін өзіміз ескеріп еске алып отырар бір күн. «Қара көмір жанатыны - әдемі» деген Жұмекен жыры жанымызды жылытсын. Күнделікті сан рет көріп жүрген жанып жатқан көмірдің жалынынан да әдемілік көру қандай ғажап. Шебер қолмен от жалынын жырмен өріп жұртқа жеткізу ақынның нағыз, шынайы ақындығы. Күнделікті күйбеңнің өзінен көңілге күй тауып беру ақынға міндет. Ақын өлеңі оқырманға рухани азық, көңіл күйіне тамызық. Ақынның мол мұрасын толық басып халыққа тарту ету қажеттілігін рухани азыққа мәжбүрлік қалыптастырады. Өнерінде өлең жоқ ездердің татымсыз сөздерінен қажыған халық таза таланттарын іздей бастайды. Қарағандының оттарымен дос болған, оттар мен ойға толы кіп-кішкене қазақ халқының тостағаны болған, жүректерді жаны мен жырымен жандырған Жұмекен жұлдызы Қазақстанның көгінде жарқырасын. Өзімізді өзіміз көтерейік. 2005 жылды Жұмекен Нәжімеденов жылы, қазақ әдебиетінде Жұмекентану жолы десек артық емес. Жыл сайын түгіл әрбір апта сайын асқақтатып, көкке көтеретін ақын қазақта құдайға шүкір баршылық. Бізде қай ақын өлеңін алсаңыз да басқа халықтың ұлттық поэзиясынан кем емес. Кең халықпыз ғой, барлық ұлылықты басқаларға беріп қойып қарап отырамыз. Кейбіреулер тіпті Абай Гете, Гейне және тағы басқа Батыс европа ақындарының деңгейіне көтеріле алмады деген тұжырымға шейін барады. Баяғы батысқа бас ұрған бір сарын. Оу, ағайын, неге біз солардың бәрі Абайдың деңгейіне көтеріле алмағанын көрмейміз. Абай батысыңа да, шығысыңа да қосылмайтын өзі бөлек бір далалық, даналық, даралық, дархандық әлемі. Біздің қазақ ақыны басқа тілден аударған өлеңдері әлемнің классигі саналатын ақынның туындысынан асып түседі. Түпнұсқамен салыстырып отырып оқысаңыз соған көзіңіз жетеді. Қазақтың классикалық аудармасы атты қаншама жүздеген том жинақ шығаруға болады. Аударма мен түпнұсқаны қатар беріп отырып, талдау жасау керек, екі тілде бірдей. Өлең өнерінің үздік үлгісі, өнеге - өрнегі, суретшілік шеберлігі аудармаларда жатыр. Олардың бәрін бөлек жинақ етіп шығару біздің тілімізге, әдебиетімізге, жастарымызға көл-көсір пайда әкелер еді. Бұл өмір бізбен бітпейді, келер ұрпақ қамын қазір ойлайық. Мыңжылдық талдауға жетерлік дүние қалдырды емес пе ақындар аударманың өзінде. Бір Жұмекеннің көркем аудармасы қандай тамаша десеңізші, ол туралы жинақтың орыс тілді бөлімінде сөз болады. Осы арада айтпақ ойымыз ұмыту да, ұмыттыру да, ұлы ұлды ұлы деп ұлықтау да, ұланның ұлы ұранын ұрпаққа үлгі-өнеге ету, өзім деп өзегіміздің өртенуі де өзімізге ғана байланысты екендігі. Өзім деп өзіміз өзгеріп, өзгені, өмірді өзгерту міндет. Өзімшіл өршілдіктен, өктемшілдіктен, өзгешіліктен, өркөкіректіктен тартынып, басқа шауып төске өрлеу. Өсіп-өну. Өзім өзектен тепсеңде кетпейді деген пікірден бас тартатын кез. Тепкінің аты да, заты да тепкі. Жұмекен «Біз өзіміз туралы» былай толғанған:



«Шындық деген көк аспандай тым биік
Мұхит сын-ды әрі терең тұңғиық.
Жан сендіріп жаңсақ жайлар, қате аңыз
Біз де содан қателесіп жатамыз.

Шыңды, рас, мойындадық сұйық деп.
Көрген шақта шын қасірет- қайғыны
Аяғаннан жүрегіміз айныды.
Шашақтарын самал желге жүздірген
Қызыл туды- қызыл дедік біз бірден.
Қараны, рас, қара дедік бір қарап,
Адалдықты ақ атадық бір қарап.
Жапырақты жасыл деген секілді,
Гауһар тасты асыл деген секілді,
Жақсы десе- ауруға да дарыды ас,
Жаман десе көңіл қайтып арымас,-
Рас, рас, бәрі -бәрі- бәрі рас.

Тайғанақтап із секілді мұздағы,
Бірақ кейде қателестік біз- дағы:
Тау мен сайдың арасына, дес бермей
Төбелердің өсетінін ескермей,
Байғыздың да аңсауы бар екенін,
Бұлбұлдың да жемсауы бар екенін,
Ақылдың да ажалы бар екенін,
Бақырдың да базары бар екенін,
Ұмыттық біз,
әділеттен үміт қып,
әділеттің өзін кейде ұмыттық.
Жақсылардан еңбек күтіп, тер күтіп,
Жалқауларды алдық біраз кергітіп.

Төбелердің көңілі үшін, ғасырлық
Кейде шыңның асқақтығын жасырдық.
Жапалақтың шыққаны үшін тасқа ырғып,
Таққа сүйеп отырғыздық» тақсыр» ғып.
Ал, кей күні қыран құстың қанатын
Қиып алып бір байғызға жапсырдық....

Таудың даңқын көтерем деп байқаған
Төбе бірақ қақты бір күн қайқалаң.
Бұлбұлдардың әнін шырқап байқаған
Қызыл әтеш-әтеш болды қайтадан

Біз керемет кең халықпыз,
Сөз бе еді
Қателесу көтерем деп өзгені.
Жақсылығын- жақсылардың өздері,
Жамандығын- жамандардың өздері
Дәлелдеді.
Ал, бір жақта құлан құлап құдыққа,
Құлағына ойнап жатты құрбақа...».
Ащы айтылған ойлар, ащы болса да шындық. Көркем сөзбен жетемізге жетерліктей жеріне жеткізе жырлайды.
Ендігі қателесуге мына келген жас ұрпақ, жа