байлайтын пакеттер алынбаса, екінші көкжиекті желдетіп тазалау үшін керекті істер атқарылмаған. Шахта жатаханалары ыстық қайнаған су беретін титандарсыз тұр. Шахтаның жуыну комбинаты 20 жыл бұрын салынған, ал жұмысшылардың саны 3 есе көбейген. Моншаны жөндеу мерзімінде шахтерлердің уақытша жуынатын орны өте суық, жел өтінде. Шахтада қысқы киім жоқтың қасы. Әкімшілік шахтерлерден тек қана жұмыс істеуді талап ете біледі. Бірақ ешкім оның тұрмыс жағдайын ойламайды, оған не жетіспейтіндігіне мән бермейді. Өндірістік киім қолмен жуылады. Шахтада кейінгі кезде өте көп жастар , әскерден оралған солдаттар, әртүрлі тараптардан ағылған адамдар. Шахтада 4 интернат бар. Олардың ішінде жағдайлары өте нашары, еркектердің және әйелдердің интернаттары. Бөлмелерде радио- репродуктор, орындықтар қойылмаған. Кейбір бөлмелер киім ілетін шифонерсіз, жылыту жүйесі жұмыс істемейді. Су құятын ыдыс, киім үтіктейтін бөлме бөлінбеген. Тек қана көмір қазудағы жоспарды орындауға жеккен елді. Әлеуметтік жағдай мен тәртіпке мән бермеудің салдарынан 1956 жылдың бірінші жартысында шахтада 554 кісі жұмысқа себебсіз шықпаған. Жолдастық сотқа 70 іс түскен, қаралғаны - 17. Шахта әкімшілігі тек қана жазалаумен тәртіп орнатамыз деп ойлайды. 489 еңбек тәртібін бұзушылық орын алған, оның ішінде 43 адам шахтаны өз бетімен тастап кеткен. Ал, Фролов пен Волков осындай жағдайда не істеді? 127 кісінің еңбек жылдарын кесті, 17 адамды басқа жұмысқа ауыстырып, 14 адамды жұмыстан шығарса, 34 адамның ісін жолдастық сотқа берді, 254 адамды әкімшілік жазаға тартты. 1955 жылдың қарашасы мен 1956 жылдың қарашасының аралығында шахтада 367 бақытсыз жағдай орын алып, 3 адам ауыр жарақаттанса, 4 адам қаза болған. Сталинуголь тресі 1955 жылы көмір қазуда 211 мың тонна көмір кем беріп, 1956 жылдың 4 айында берешегі 102989 тоннға көбейген. 1955 жылы шахта әкімшілігі ұжымдық келісімнің өндіріске байланысты барлық шарттарын орындамаған. Қарағанды қаласының облыстық газеттерінде 1955-1956 жылдары бұл трест, шахта бірнеше рет, дүркін-дүркін сыналған. Сталинуголь трестінің басшылары қалайда болса көмір өндіру жоспарын орындауға жансалды. Бұларға қарағанда басқа трестердің жұмыстары әлде қайда жақсы болатын. Қазақ ССР академиясының нөмір 8/137/ 1956 жылдың тамыз айында жарияланған Қарағандыкөмір комбинатының техникалық басқармасының бастығы М.И.Шнайдман 1995 жылы көмір өндіру 1950 жылға қарағанда 68,5 пайызға, соғыс алдындағы жылдарға қарағанда 1940 жылдан 4,2 есе өскендігін. Бесінші бесжылдықтың жоспарынан тыс миллион тонна артық көмір өндірілгенін жазған. Жоспар, тек қана оны асыра орындау. Миллион тонна көмір, миллиард тонна астық беру. Асыра сілтеу. Тек қана жоспарға жету, асып түсу, ал аржағында, астарында адамның өміріне, оның адам құсап өмір сүруіне көп мән бермеген сол кездің кейбір өндіріс командирлері. Жеңістің туы желбіреп, жеңіс желі ескеніне 10 жыл болса да жетістік үшін жұртты жұдырықта ұстау, жан аямай жұмсау тоқтамаған. Бәрі соғыс үшін, бәрі майдан үшін ұраны енді бейбіт кезеңде бәрі коммунизм үшін деген ұранға алмасқан. «Қатал, қалың мұртты, мылтықты адамның» заманынан келе жатқан үрдіс көпке дейін үзілмейді. Сол кездегі көмірөнеркәсібі кәсіподақ ұйымдарының хаттамаларын оқып отырып, Жұмекеннің қандай ауыр, күрделі, қиын уақытта кенші болғанын көресіз. Иноземцев пен Брежневтің барлық жағдай жасалды, мыңдаған жастарды қарсы алуға дайынбыз деген құрғақ сөздерінің өмір шындығына сәйкес болмай шыққаны мұрағаттарда сақталған сол кездің кеншілерінің ресми жиналыстарда сөйлеген сөздерінен көресіз. Шыңырау тереңнен көмір қазып, тер аралас көмір шаңын даладағы қалай болса солай салына салған уақытша моншада шайып, суық желдің өтінде жуынған жас денеге салқын тимей қоя ма. Қыраулы қаңтарда, аязы ақырған ақпанда басқа шахтаның моншасына жетіп жуынғанша тер қатып, бойға суық енбей тұра ма. Лавадағы шаң дариясынан жас өкпе молымен ұрттады, сыртқа шықса, түтіндеп, улы газбен лоқсып, құсып жатқан тау-тау парода-террикондар, көмір күйесіне көмілген көшелер. Жұмекен бізге сонау кезден сыр айтып:
«...қарашы , анау пародаға үйілген:
Қара таулар қайғыдан да тымырсық,
әлсін- әлсін түтін құсады ыңырсып»,- деп қатігез, қайғылы кезеңді сүреттейді. Тау-тау болып үйілген жер қабатынан көмір қазу барысында шығарылып тасталған парода үйінділерін террикондар деп атаған. Әжептәуір тау іспеттес. Алысқа апарып тастауға қиынсынып шахта маңайына жиған. Террикон сөзі көлбеу жер деген ұғымды береді. Пароданың арасында көмірі 20 проценттей ғана құрайтын тастар да болған. Олар пароданың астында қалып ауа арқылы жеткен оттегінің әсерімен тұтанып, жанып жатады. Жел әсерімен сыртқа теуіп, түтіндейді. Қасынан өткенде шынында да террикон пародасы «ухілеп» дыбыс береді. «бух-бух» деп ыңырсый түтінді сыртқа лоқсытады.. Ауыр науқас, қайғылы алып адамның, көмек сұраған күрсінісі түтінге тұншығып жым болады. Террикон маңайында арбаларын жетектеп үй қабырғасын ақтайтын известь жинаған қапалы бейтаныстар қаптарын арқалап өріп жүрер. Сол жылдары Қарағанды қаласын ондаған лагерлер қоршап