істетеді.
Қарт та өзінің кемпір, келін-бала алдындағы бедел, салмағын
қызықтайды, соған сеніп тізеге салып жібереді.
– Қақпаңдар, әй, Қасымжанды!
Бұ сөздер айтылып кеткелі қашан! Ақыл, ес жартасында қалған
жаңғырық қана. Сезімі кірлей бастаған адамның әлсіз жүйкесін оятар
болмашы алданыш. Тозған көңіл нені медет тұтпайды. Қасымбектің
әлдекімнің ауызынан рақым, араша іздеп жүріп жасы жиырма бестен
озды. Ой, пиғылында, белгілі жүйе, логика жоқ, бәрін аспаннан, ғайыптан
күтеді. Әйтеуір, ерте ме, кеш пе, тағдырына біреу ара түсетін сияқты:
«қақпа-ңдар, әй, Қасымжанды, атасының баласы!» Дәл қазір де құлағы
елеңдеп келеді. Әт-тең күзетшінің темір нәлді тақасының тас еденді тебе
басқан бір қалыпты қатал дыбы-сынан өңге ештеңе шалынбайды.
Сөйте-сөйте Қасымбектің сөзіне мұғалімдерден өңге пенде түсінуді
қойды: гүң-гүң, бұм-бұм боп кетті. Қабақ, қимыл бағып үйренген халық
ерке ұлға сөз де шығындатпады, емеуірінен-ақ ұға берді. Сәби үйге кіріп
келе жатқан кісіге ерінін шығарса, келуші:
– Ой, айналып жүрейін, кәмпит пе, мә,– деп жалма-жан қойынына қол
сұғады. Егер талтайып тұра қалса, оны да жазбай ұғады:
– Ей, көкем, әкелші әтпішауыңды! Туһ, күшті екен. Әтпішу, әтпішу-уу. –
Шынымен түшкірген кісіше көзін жасауратады. Қасымбек екі езуін қисаң-
қисаң еткізеді. Жарылқадым дегені. Кейде қарап отырып көзін
шапыраштайды.
– Шуламаңдар, түге, Қасымжан ойланып отыр.– Ақпан мәз-мейрам,
дүйім дене-болмысымен солқылдап кеп күледі, күлкісі құдықтың түбінен
шыққандай дүңгір қағады. Сонсоң әжімді жалпақ маңдайына алақанын
апарады.
– Маңдайымдағы бағым ғой Қасымжан, осы келді де ауызым аққа,
ауым атқа тиді.
ІІ
О кездің қонағы-ақ көп еді. Ірмеліп амандасып, күрмеліп қоштасып
жатты. Дәм, тағам да мол. Мына күнгідей дастарқан-ға әлекей-күлекей
ыдыс-аяқ жайылмайтын, тамақтың түрі аз; ет, қуырдақ, қуырдақ, ет.
Арақтың түсі де біреу ғана – ақ, әппақ. Қасымбек кесе, стаканның түбін
тіліне төңкеріп ауызданды. Сәбидің ондай ұсақ еркіндігін ілкіде ешкім
елемеді, өйткені басқа қылығы да жететін. Қонақ атаулы бір соның
еркелігін қызықтады, анда-санда айтқан бірер ожар сөзінің өзі ауыздан
ауызға көшті. Ащы құйылған ыдысты жалағанына шейін ерлік, қасиет
танылды. Оқтын-оқтын күйініп, дымды, нұрлы жанарын жарқырата, күңк-
күңк ұрсатын шешесі ғана; көпшілік Қасымжанды оның алдында да ақтап
алысатын: «тентектен түзелген таптырмайды, есі кіргесін қояды ғой». Бірақ
мұның есі кірмей өтті, сол әлпештеген достар алақаны кейін шапалаққа
айналды, сонша кешірімшіл, кеңпейіл жұрт кейін Қасымбектің тек мінін
көрді. Бұ жағдай жас бүйректі безге тез айналдырды, сөйтіп, «атасының
баласы» сол ерке-леуден еркелеп отырып, осы түрмеден бір-ақ шықты.
Жалпы, түрмеге түсуі де бір бұл емес-ті.
...Со жолы әкесі қызметтен көңілсіз оралды. Қасымжан есік алдында
ойнап отырған, әкесіне ерінін шығарды. Анау шырт етті.
– Иттің күшігі, мойыныңды жұлып алайын ба? Көргенсіз неме, мұны
кім үйретті саған?– деп түтіккен. «Мұны кім үйретті саған». Баласының
жағымсыз қылығын қалай да бөтен біреуден көргісі кеп тұратын ата-
ананың белгілі сырқауы. Әрбір жаман мінездің икемді жанға ұстазсыз-ақ
қонатынын ойлап жатпады. Тағы да «кім үйретті» деп таңдана ұмтылды,
соққан жоқ. Әкім баласының бұ батылдығын Ақпан қарт басынғандық
санады, кешірмеді. О несі? Көзі тірі отырғанда Қасымжанға қожаң-дағаны
несі? Қарт екі күн бойы тіл қатпай қойды. Ақ мұрты астынан әлденені
күбірлеп, өзінен өзі кіржіңдеді де жүрді. Содан қайтып әкені ренжітіп,
баланы тыю – кімге мұрат, әкімге де жан керек, есі кіргесін түзелер,
түзетерміз деп басылған.
Тағы бірде Ақшәйі атасына қарап, қымсына күлімсіреді:
– Ата, мына балаңыз адам болмайды, көңіліңізге келмесін! – Ақпан о
күні де мықтап налыды. «Көңіліңізге келмесін» дегені үшін көңіліне алды.
Келінге тіл қатып, тіс жарған жоқ, есесіне кемпірін шыжғырды: «сен-ақ
түбіме жететін болдың-ау осы! Аусыл болған сиыр құсап ауызың
былшырап алып». Сөйткен кемпір де Қанішкен сыртындағы қара төбе
басында, дөңгелек кішкене балшық қораның астында қалды. Ал о күні...
кешке әйелінің көрпесіне кіре беріп Басыбек «қайтесің жаманатты болып,
қайда әкетер дейсің?»– деп жалбарына сыбырлаған.
ІІІ
Атасы қайтыс болған соң Қасымбектің «өнері» тіпті үстеді. Бірінші,
екінші сыныптарды қалай, қайтып бітіргені белгісіз, дәптерін қарасаң ылғи
«4» пен «5», әке-шеше соған қанағат етеді. Бірақ мінезінде өзгерген ештеме
байқалмады, бәз қалпы тәрізді.
– Ана тілінен қанша алдың?
– Айтмайым.
Дәптері әлгіндей, оқытушысы арыз жасамайды. Бірде тек көрші
баланың «Қасымжан түк білмейді» деп, таңдайын тық еткізіп, оң қолының
сұқ саусағымен шекесін шұқығанын көріп қалды. Көрген шешесі еді,
әкесінен жасырын бастауыш сыныптардың мұғаліміне барды. «Қасымжан
жақсы ғой, сабаққа жақсы». Мұғалім осылай деді де, аржағында өз
шаруасын сөйлеп кетті. Соңын: «осыны түгеншекеңе айт дағы» тәрізді
тілекпен бітірді. Ақпан кеткелі жұрт осылай Ақшәйі арқылы «қазан-аяқ»
жаққ