«Жақсы күннің ақынымын мен
қалқам,
Бақыт көрсем- өлең айтам
айқай сап.
Кедей көрсем- кейін болар
байды айтам,
Сұлуларға жасаулары жайлы
айтам,
Тұтқындарға амнистия жайлы
айтам,
Әкелері қан майданда мерт
болған
Ұлдарға айтпай жақсы сөзді-
қайда айтам?!
Қызыл толқын сөз кетеді- ау
көпіріп
Әттең қиын.....
қиын екен өтірік» (Мәлік Андай- Жұмекен).
Өтіріктің артына тығылатын заманда өтіріктің өзі де жаман болған соң оның арты қанша бір оңған дейсіз. Өнерліден өсек айтқан қу сыйлы деп Жұмекен біліп айтқан шығар: «Өскен өсекші. Өтірігінің өзінен шындық исі аңқиды. Өсекті тыңдайтын ғып айта алу - сирек талант, ол өз алдына. Күндеп яки өсектеп өсіретін өздері». «Ө» витамині бар ма деп өсек өтініп отыратында ел жетерлік. Жақсы күндер ақындары есімдері көпірме сөздер көбігімен көмілмесе болғаны. Бағанағы қиындықтарға тағы бір қиындық қосылды. Ол жалғаннан жалтару жалғанда.
«Қайыр айтқан мына бір сөз тірі әлі:
Қылмыс емес өтірік айту көпіріп,
Сену бірақ өтірікке өтірік-
өзіңді өзің өлтірудің құралы».
Қауіпті құрал. Қолданыстан алынып тасталуға жататын керексіз амал-тетік. Осы бір сенімсіз жолға түсіп алып тура жолдан адастық па? Өзіңді өзің өлтіру күнә. Өтірік айту қылмыс болмағанмен қателік. Қателікпен қателікке сену көрсоқырлық. Онда мынау тіршіліктің не мәні, не сәні қалады? Өтірікпен өткен өмір де өмір санала ма? Тіршілікте тірі боп өтудің өзі өнер, ірілік болып шықпасын. Өтірік өмір - өлім.
Ақындардың өлеңдерін оқитын оқырман сол көркем туындымен құрдас емеспіз бе? Жұмекен жүрген махаббат майданында біз неге жүрмейміз, ескерілмеген есемізді неге дауламасқа? Езбіз бе? Ерміз бе? Намыс пен жігер Жұмекен жырына жетелесін.
«...Белгісіз ой, жүректе жүре тұршы,
бедерлі өлең, қойнымда жүре тұршы,
Менің- дағы шаңымды қағып мезгіл,
Іздеп тауып алғанша бір оқушы».
Жұмекен айтқан осы бір оқушы неге болмасқа? Белгісіз ой мен бедерлі өлеңін жарыққа алып шыққан жөн болар. Ақынын оқушы іздемегенде кім іздемек. Адам жанын, тәнін емдейтін ақындар өлеңдері.
Ақын өзі бірде былай толғамап па еді:
«Мен кетер ем өлеңнен,
үмітіммен, мынау шөкім-денеммен,
бүкіл осы тірлігіммен кетер ем.
Кетер едім, айыптар ем ішімнен
адамдарды – мен ақын деп түсінген.
Өзімді-өзімді келеке етер едім мен.
Тілегім де болмас еді басқа онша –
Тек бір адам мені шындап жоқтаса...».
Жұмекентануда өз сөзімізді неге айтпасқа. Ақын тілегін орындайық. Шындап Жұмекен жырын, жүрегін, жанын жоқтап іздеп көрейік. Үлгі, өнеге ретінде жүрегімізде Абайдың Оспан бауырын жоқтауы тұрсын. Ғылым шындық үшін керек. Бізге де, тәуелсіздік таңы атқанда, сөйлейтұғын кезең келгендей. Өз шаңымызды өзіміз бір қағып көрейік. Жұмекен жырын, сырын іздеп ізгілік жолымен аттанайық. Мезгілі жеткен сәт болғай.
Дат, ағайын!
Атом астында адыра қалған Абралы азаматы сөзіне құлақ қой.
Біз, бақандай алпыс жыл, алыста болса да ауыр - атом жылдар жүгін көтердік. Не көрмедік, не өткермедік? Не туған аулы жоқ, не туған ата жоқ, нағыз жетім боп өссек біз өстік. Бүтін Азғыр мен Атырау аралығындағы құм өңірінің түлегі Жұмекенді жете түсінер жан болса, соның бірі біз болармыз. Оқушы ақыны жайлы жазса бұл да тың жаңалық, жақсылық. Ізгі ізге түсіп неге ізденбеске. Азалы Абралы арлы Аралын, ардақты Атырауын, алтын Азғырын, асқақ Алатауын, арайлы Алтайын, ата жұрт Арқа елін, сырлы Сыр өңірін, жер жаннаты Жетісуын айқара аймалайды.
Құшағыңды аш, бауырым! Сырымызды да, шынымызды да айтып та, жазып та Біз келеміз!
Қолға қалам қоғам қажеттілігінен келеді. Кемел кеңес құруға қарымы қатарлас құрбы-құрдас, қарындас керек. Қалыптасқан қоғамдық қарым қатынаста қалыс қалу қатардан қағылу. Дер кезінде үн қатпау азаматтық парызыңды ақтамау. Айтарыңды айтпау ар-ождан бостандығы құқығынан бас тартумен тең. Жалпы құқық пен поэзияны бір бірінен бөлек дүние деп қарастыруға болмас. Бірінші құқық пайда болды ма, әлде поэзия ма? Құқықтың ең биік шыңы поэзияда.
Адал жүргендер, жақсылық жасаушылар қатары қашанда қызық. Қазақ поэзиясындағы Жұмекен құбылысы өзіне магниттей тартады. Жұмекен жұмбақ емес, айқын ойды – ашық сөзбен бейнелеген шебер. Оның Қарағандыға келуінде өмір не өлім, өсу не өшу деген сауал тұрған сыр барын іштей түйсіндік. Әуел баста белгілі бір жоспар, бағыт-бағдар, нақты мақсат болмады. Елге қаншама жыл қызмет етіп келе жатқан «Менің Қазақстаным» өлеңіне неге құрмет көрсетпеске деп ойға қалдық. Қарағанды қаласы, Жұмекен 70 жылдық тойлары, тың ерлігінің 50 жылдығы тұспа-тұс келген соң бір жақсы іс қылайық деп толғандық. Көпке пайда келтірер іс жасау қолдан келе ме деп кірістік. Жеңіс әлде жеңіліс? Тек қана жеңіс! Жеңіліс жігерсізді іздесін. Еркіндік