«Қайдан шыққан сөз екенін кім білген,
Мәнін бірақ сөздіксіз- ақ
білдім мен.
«Ит өлген жер екен ғой ол,
ит өлген».
алыстығын сездім, сездім жүйкеммен
Тексерткенде әлдекімнің
Ант, атын
«чистилище» деп атапты
Данте ақын
дастанының бір тарауын,
ал, менше
Бар күнәңді таразыға тартатын
мекеме емес
тек өлі үшін, шамасы,
меніңше, бұл өмір- өлім арасы-
Не моргке, не үйіңе
жол шегер
арада бір жол айырығы болса
егер
Ре- ани-мацияның сол мәні.
Ал, мен өзім- Нәжімеденов болғалы
тағдырымды шешті талай
кеңселер.
Бір күн, бір ай,
талқылап ап бір апта,
Бұлай анық шеше алмаған
Бірақ та.
Жүрегімде діріл бар бір-
үңілме,
кей кезде бұл ұқсамайды
дірілге.
Ре-ани-мация - ғана шешеді
Менің түпкі мәселемді
түбінде».
Жұмекен қашан Нәжімеденов болды, қай кеңселер қалай шешіп қалайша талқылаған, неге анық шеше алмаған, ақын жүрегіндегі дірілдің табиғаты не? Неге кеңселер ақынның тағдырын шешеді? Кеңес кезеңінің қаптаған кеңселерінің қайсысы екен? Азғыр сырын ашуға аяқ бастырмаған солар ма? Айлап талқылаудың сыры неде? Несін талқылаған? Қандай күнәсін? Талантын ба, тағдырын ба? Талқылау барысы, ақыры талауға ұласты ма? Анығына неге бара алмаған? Үңіліп зерттеп, зерделеп көрсек ақын сырына тақай аламыз ба, жоқ па? Тұлғатану тағлымы, тәжірибесі, тәлімі тұрақтанды ма? Жұмекеннің күнделігіндегі сұрақ-сауалдар жауапсыз қала ма? Жауап беру де қажет. Жұмекен үнсіз. Не істеу керек? Ақынын ойлап оқырман терең ойдың соңына түсті. Жұмекен жәйлі жазбасқа, қолжазбаны аяқтамасқа болмады:
«Ей, бауырым, өзім жәйлі, мен жәйлі
Тағы да бір жазбасам болмайды.
Өзімді айтсам- өзгешелік дейсің бе,
өзімшілдік дейсің бе әлде ондайды?
Айтсам егер асқар Алатау жәйлі,
Көңіл шыңы көктің бұлтын аулайды.
Тау суреті жанарымда аунайды,
Сол таулар да дәл өзімнен аумайды!
Мен өзіңмен бір белеңде көктеген
шыбық едім әлі толған жоқ денем.
Дей алмаймын қарық қылам, көп берем,
Бойымдағы азын- аулақ отпенен.
Жалғыз өзім жиналыс боп қаулы алдым:
өз есемді – тек өзімнен даулармын,
екі қол мен бір бастан,
ал, қалғанын құрбылардан, құрдастан.
Кейде ойларым тасқа тайып жүрді ақсап,
Айта алмадым тіс батырып, тырнақ сап.
Толқындағы қайық ем мен – бұл жақсы-ақ:
Қағып алды бір мақсаттан бір мақсат...».
Өмірін өнерге арнаған ақын өзі жайлы жазса өзімшіл емес. Оның үстіне өзін, менін жеке қарастырады. Өзіндегіні өзгеге өлшеусіз берген өнер адамы өзгеше болмаған да кім өзгеше болмақ. Қайта, қайта жазу керек ақындарға өздері жайлы. Ақын, ақындық хақында молдау айту - заман сырын, бейнесін ашу. Пендеге өзінің пенделігі әуелден белгілі. Ол басқалар туралы білуге ынтық. Ашық, айқын, аянбай жазу. Үлгермеді. Әлде, үлгертпеді ме? Ең бастысы, поэзияға қызмет ету деп өзін ұмытты. Жан таласып қарсыласпады, өзін өзі қорғамады. Ұлы мақсаттар ағыны ақынды ал