ам қатысатындығын атап өткен. Соңғы байқауға Одақ бойынша 1200 өнерпаз, Москва мен Москва облысынан 2000 адам келгенін айтқан. Байқаудың концерттері Кеңестер сарайының колонна залында, Чайковский атындағы Концерт залында. Өнер қайраткерлерінің орталық үйінде, астананың мәдениет сарайлары мен клубтарында қойылмақ». Осы 3200 өнерпаздардың ішінде қазақтың Жұмекені де болғанын біз де мақтаныш етеміз. Жұмекен Евтушенко мен Вознесенскийден әлемдік әдебиетке бұрын шықты. Коммунистердің «жеңімпаздардың съезі» деп ат қойған жиынына бүкіл әлемнен, жан-жақтан жақсы-жайсаңдар жиналған. Олардың ішінде әдебиет, өнер қайраткерлері болған. Социалистік Кеңестер Одағынан: А.Е.Корнейчук, М.А.Шолохов, А.А.Сурков, М.С.Каримов (Мұстай Кәрім.) Қазақстаннан: Брежнев Л.И., Қонаев Д.А. Солардың алдына қоңыр жүзді қазақ жасы Жұмекен шығып күй ойнап, ән салды, яғни өнерімен алғашқы рет әлем сахнасына, көркем өнер әлеміне аттады. 1955 жылдың 25 мамырында драма жазу мәселесі бойынша өткізілген жиында М.О.Әуезов былай деген: «Я почти вышел на литературную арену с коллективом драмтеатра». Әдебиет әлеміне сахна арқылы келдім дейді Ұлы Мұхаң. Менің, Жұмекен қазақ, әлем әдебиетіне, өнеріне 1956 жылы ақпан айында еркін енді дейтінім осындай тарихи деректермен негізделеді. Бұл тұжырым заңды да. Жұмекен қарапайым, сыпайы болғанымен қазақ әдебиетінде, поэзиясында қатардағы жауынгер болған жоқ. Ол бірден танымал генерал болып келді. Оны қазақ поэзиясына кеншілердің генералы, тау директоры деген ресми дербес атағы болған Кенжин Әукебай әкелді. Бүкіл Қазақстаннан, Совет Одағынан Қарағанды кеншілерінің кәсіподақ ұйымы небәрі екі айдың ішінде ән-би ансамблін дайындап, ұлттық өнермен бірден Москвада, Кремльдегі қорытынды концертке қатыстырды. Бұл еңбек пе? Еңбек. Ерлік пе? Ерлік. Қазақтың әні шырқалып, күйі күмбірлеп, шалқыды. Бұл аз ба, көп пе? Қаптаған қалың қарасы бар, сарысы бар орыс тілділердің ортасынан Жұмекен мен бірге бірнеше қазақ жігіттерін қатыстыра отырып қазақ өнерінің классигі М.Төлебаевтің, халық әнін репертуарға кіргізу, ансамбльге қазаққа тән ұлттық киім кигізу дұрыс шешім болған. Кеңестің өнер кеңістігінде тек қана ұлттық өнермен жеңіп шығуға болатындығын болжай білген көрегендік. Дәл сол тұста ұлттық өнермен жеңіп шығу ұлт ұлдарының рухын көтеру үшін де қажет еді. Міне, қазақ Кенжин Әукебайдың мықтылығы осында. Ұстамды ұстаз, табанды тәрбиеші, ұлттық ұлы тұлға. Жеңіске жете білуге баулыды. Кәсіподақтық қызметте жүріп, ұлттық өнерді ұмытпады. Қазақтың ұлттық өнерін өмір ортасынан іздеді. Қай қызметте жүрсеңде ұлттық мақсат-мүддені ұмытпау керектігіне үлгі боларлық іс. Өмірлік іс. Көмір сөзінің өзінің негізі өмір: К-ӨМІР.
«...Уатамыз көмірді біз—
көрінбейді бірақ шаңы.
Көмір ... өмір... бірнеше от
Бір кеудеге тұрақтады» (Жұмекен).
Қолданыстағы көмір өнеркәсібі деген сөзді алып қараңызшы. Негізгі түбірі ӨНЕР. Көмір қазуда өнер. Біз Жұмекен өнерге өмір-өнерден келді дейміз сондықтан да. Оның тұла бойы тұнып тұрған өнер: скрипка, домбыра. Ән салу. Анекдот айтқыштығы. Артистігі. Көмір, өмір, бірнеше от Жұмекен кеудесіне тұрақтады. Жұмекен Қарағанды топырағында туған қазақ ақыны деген тұрақты тіркес ұғымды қазақ әдебиеттануында қолдануға осындай өмірлік негіз бар. Тарихта белгілі тұңғыш қазақ ұлтының ұлттық гимнін тудырған Қарағанды топырағы. Одан тұңғыш президент, тұңғыш ғарышкер жаратылды. Тұңғыш ұлттық гимн туды. Тұңғыштар тұлғалармен танысты, табысты. Тұлғалар тұңғыштарды тәрбиеледі, баулыды. Тұңғыштардың топырағы - жаса, жаса мәңгі қасиетті Қарағанды топырағы. Тұлғаларға, тұңғыштарға, таланттарға тұнып тұрған төңірек.
Жұмекеннің көмірді өмір деп көркем бейнесін берген оның мына екі бір өлеңінен көреміз:
«Қайла. Күрек. Көмір қара, көз қара,
Мөлтілдер тек аппақ тамшы сүт- шамдар.
Алақанын алдырыпты бозбала,
Алқынды шал... ащы ауаны жұтпаңдар!
Аппақ жарық ақтарылды аңқа сып,
Қоп- қою шаң тұнып жатса тымырсық.
Өз шыдамын жеді әрбір жан тауысып,
Сым бойында жасыл ұшқын жүр ыршып.
Қос рельс- мандолиннің қос шегі,
Қара вагон күмбірлетті-
Жүгір, шық.
Мұндағы күй- күш тілейді, өстеді—
Бұлшық еттер бейне темір шығыршық....
*******
Қара бұйра сел алса,
Қара вагон толып шығар біртіндеп.
Қара толқын аяқтарға оралса,
Мотор- жүрек соғып кетті зіркілдеп.
Қараңғыны шаммен іреп жүр кеме,
Бақытты еді шам қандай!
Екі- үш адам сәл жантайса іргеге,
Екі- үш үйдің оты сөніп қалғандай.
Екі- үш бұлшық тулап кетсе толқын боп,
Мың- сан көңіл рахатқа батады.
Екі- үш тамшы тер төгілсе мөлтілдеп,-
Жылынар деп бүкіл байтақ Отаным».
Өлеңде қоп-қою шаң. Алқынған шал. Ащы ауа. Желінген шыдам. Көмір уатудан ойылған алақан. Мөлтілдеген мөлдір тер. Аяққа оралу. Аңқа кебу. Іреу. Зіркілдеу. Аппақ тамшы. Сүт шамдар.
Қандай-қандай қазақи тума төл ұғымдар ақтарылады мына шахта мен шахтерлерге арналған жырлардан. Ақын теңеулері лавадағы қоп-қою шаңды жабағы жүндей жыртады. Қараңғылық қабырғасын жарықтың