сабымен желкесін қасыды. Өзін-өзі, өстіп, жығыла мойындап, Ақсорға шығатын
жолмен тепеңдеп барады. Қарт соңынан көз жіберіп, басын мұңая, түңіле шайқады,
қолын бір сілтеп мырс күлді.
– Ал, ақта ақымақты, ал менсін! Місе тұт!
Көкесінің қара інгенді сұрағанын Жамал бір жаққа барады, кетедіге жорыған да,
жүгіріп барып түйені алып келген. Қарттың жаңағы күйзелуінен кейін үй ішіне шы-
нында да, ол, құрдасының қызын іздеп, бандыны қуатын іспетті көрінді. Қарт
жалма- жан қара інгенге киіз салдырды. Бірақ о күні ұзай қойған жоқ, Қуантай
маркұмның басына дұға етіп қана қайтты.
10
Соңғы айларда өсек тым көбейіп кеткен-ді. Қайсы бір ішпезерлер ашықтан-ашық
қалжың қылатынды шығар-ды. Қан шыққан жерге үиірілетін сауысқан мінезділік
қыр жұртына әсіресе тән еді. Осы тұста сірә қаталдық етті. Сейсімет ілкіде оншалық
мән бермеген, кейін, бірте-бірте оның да көкірегіне құрт кіре бастады. Күдік
молайған сайын, көңіл жүдеп берді. Ғұмар жездесіне шейін құдық басында құрық
ала ұмтылды.
– Айғырдай болып, қатыныңды біреуге мінгізіп қойған намыссыз ит! Айырайын
ба, басыңды?!–Ағасының қабағын таныған соң Еділхан мүлде жоламай кетті. Бір
күні Сейсімет жылқыдан түтеп оралды. Атынан домалай түсіп, есік алдында
жүрген Мәруаға тап берді
– Тап атаңның аузын ұйайын, сенің ана баламен бійдемең бай дейді ғой, айт
жаның байында, бай ма, а, бай ма?– деп, тістеп жұлып тастайтындай келіншегінің
көгістеу ерніне төнді. Әйел тайынбады, әлдеқашаннан осыны күтіп жүргендей
шабынып, шап шап етті:
– А, бар! Бар дегесін бар! Кесіп ал, ал! Ақымақ ана құрт түскен миыңа жаңа
жетті ме, ал! Қылып ат!– Осыны айта екі бүйірін таянып, тұрып алды. Сейсімет дәл
мына секілді бетсіздікті күтпеген еді. Қанша кұтырынғанымен көңілі қалтқысыз
сенетін. Көзі тірі, бұ секілді азаматы тұрғанда Мәруә бөтен біреуге ауалана ма?
Ақылға сыймайтын сықылданған. Келшегінің мына сөзі төбесінен жай түсірді.
Кіршіксіз адал, ақ жанын «бар, бар» – «дар дар» дегізіп, айырып айырып
тастағандай еді. Бірден жасып, езіліп қалды. Сөлпиіп, кейін шегінді де, анадай
барып есін жиды:
– А, Құдай,– даусы тарғылданып шықты.– А, Құдай бай болсаң, мен Айыстанов
Сейсімет Қайыпқали қызы Мәйуәны талақ тастадым, талақ! Талақ!– Сөйдеді де,
атына мініп, айдалаға шауып кете барды.
Мәруә, кенет, дауыс қып жылап жіберді. Сүйгені безіп, тигені талақ тастаған әйел
қайтіп жылаушы еді?! О да сүйтіп күйді. Не аяп, не қимай емес, ыза боп, қорланып
егілді. Мына опасыз дүниенің бетіне барын жиып бір түкірейін деген, түкірігі
кеберсіген ернінен ауыспады. Екі бетін төртке бөліп жосылған көз жасын жалап
құртты. Көз жастың кінәлі, кінәсізі – бәрібір, ащы ғой, ішіндегі ащыны мына ащы,
бір сәтке жеңген, басқан тәрізденді. Отыра ғап, етегін қайырып әкеп, жүзін сүртті.
Жақын-дауға батпай, әрі ештеңенің мәнісіне түсіне алмай анадай жерде
жаутаңдаған екі баласын шақырып, екі тізесіне құлатты. Күн мен тер сасыған
төбелерінен бір-бір иіс-кеді де, әрі итеріп тастады. Сосын орнынан, серіппенің
үстінде отырғандай, жеңіл, ырғи көтерілді, етегін сілки тастап, көранаға кірді.
Балаларының үстіне бір-бір лыпаны іле-іле салды, өзі сыры көшкен, қаңылтыры
алу-далу ағаш сандықтан ері әскерден әкелген екі жібек іш көйлекті суырып, әуелі
иіскеп көрді, сосын екеуін қабаттап бірақ киді, сыртынан қамыр исі анқыған ала
шыт, халатқа ұсаған бірдеңенің етегінен жағасына шейін жиырып әкеп, басын
сұқты. Сәбилер бұрышта біріне-бірі тығылып, аң-таң тұрған, шешесі ақырып
қалды:
– Шығыңдар, әй, сормаңдайлар, далаға! “Сендерде әке, менде бай болған ба!
Мынасы не тағы тұл қалғырдың! Қал солай қаңырап! Саған күйсе, маған пісті,
жаман ит!– Екі ұл бірін-бірі бүйіріне түртіп, есіктен қатар шықты. Жинаулы
жамылғы көрпенің арасынан Мәруә сынық айнаны тауып ап, жастыққа сүйей
орналастырды. Бет-аузын екі алақанымен уқалап-уқалап жіберді. Самай шашын
жөндеді, желкесіне таман жылжып кеткен орамалын маңдайына сипап түсірді. Айна
алдында о жер, бұ жерін шымқып көріп, іліп тартып, біраз аялдады. Сонсоң әр
бұрышқа еңкейіп, ол-пұлды жинастырған болды. Бірақ, жинағанынан шашқаны
көп, үй-іші сол баяғы қоқыған күйі, берекесіз тіршілік... Бір кезде сыртқа жүгірді.
Есік көзінде айнала қарап, сәл тұрды, одан қайта кірді. Тағы да шашылғандарын
жинастырды, тағы да шашты. Ақыры, осы қарбалас-қимыл үш-төрт рет
қайталанған соң, ескі тақтай есікті сырты-нан «рр» еткізіп, итеріп, қатты жапты. Екі
ұлын жетектеп, қарсыдағы қызыл-төмпешікке көтеріле бере ыңылдап, әндеткен
сияқтанды, бірақ онысы ән емес-ті. Сүйгені суып, тигені қуған әйел қалай әндетуші
еді?!
...Екі күн өткен соң бұ хабар бүкіл Қошалаққа жайылды. Қазанғап тауының
кұбыла батысында отырған Қатима звеносы түскі тамаққа ертерек қайтқан-ды.
Мына әңгіме де, құм елінің қашанғы салтынша, қымыз үстінде шықты: тостағанды
жұрттан бұрын босатқан бірі ернін сылп еткізді:
– Бетім-ау, әлгі сақау қайнымның үйіндегі келін екі баласын ертіп, төркініне
қашып кетіпті?– Бұған